Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.29 Кб
Скачать

1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).

Әрбір партия өз бағдарламасын жариялайды, өз мақсатын түсіндіреді. Әртүрлі

саяси оқиғаларға баға беріліп отырады. Басқа партиялардың қызметтері туралы

мәліметтер жинақталады. Қоғамда өріс алған саяси процесті біреулер

жақтайды, біреулер сынайды. Көпшілік елдегі ішкі саясаттың сыр-сипатын,

76

қилы құбылыстарын жете ұғынып, ортақ мәселені ұжымдасып шешуге қатыса

бастайды, бұқараның саяси сауаты жоғарылайды.

2. Саяси билікке бақылау жасап отыратын, үстемдік етуші пікірге

пікірталас жүргізетін топ (оппозиция) мойындалады. Демократиялық елдерде

оппозиция заңды саяси күш ретінде саналады. Оппозиция мемлекеттік биліктің

қателіктерін әрдайым ашық көрсетіп отырады. Кемшіліктерді кешірмейтін

оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр

етеді.

3. Сайлау науқанында саяси бәсекелестерін жеңу үшін саяси партия өз

мүшелерінің арасында саяси тәрбие, саяси дайындық жұмыстарын жүргізеді.

4. Саяси күрес жағдайында дарынды, саяси білімді, тәжірибе деңгейі

жоғары, саяси қызметке шын мәнінде қабілеті бар адамдар анықталып,

мемлекеттік билікке ұсынылады. Кездейсоқ адамдарға немесе жағымпаздыққа,

жарамсақтыққа жол берілмейді. Көппартиялық жағдайда кездейсоқ адамдардың

мемлекеттік билікке келу мүмкіндігі жойылады.

Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің

бірі.

3. Қазақстан: «Алаштан» көппартиялыққа дейін

Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы Ресейдің саяси

өмірімен тікелей байланысты болды, себебі Қазақстан 1731жылдан бастап

1991жылға дейін алдымен Ресейдің, кейін Кеңес Одағының құрамында болды.

Ал Ресейде көппартиялық жүйе басқа елдермен салыстырғанда өте кеш

қалыптасты, оның себебі демократиялық процестерге кедергі болған

монархиялық билік. Бұл елде ең бірінші болып қалыптасқан Ресей социал-

демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП)болса, оның өзі де қызметін

астыртын түрде жүргізді.

1905 жылы Ресей патшасының арнаулы манифесінен кейін ашық түрдегі

партиялар қалыптаса бастады. Оның бірі -Конституциялық демократия

(кадеттер) партиясы болды.

Кадеттер партиясының идеялары: мемлекеттік құрылысты

демократияландыру, Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен дамуы, яғни

ұлттық мәселені шешу, олардан тартып алынған жерлерді қайтып беру,

құқықтық, әділетті тәртіпті, заңдылықты іске асыру болатын.

Әрине, кадеттердің бұл мақсаттары қазақ зиялыларын қызықтырмауы

мүмкін емес еді. Әлихан Бөкейханов және тағы басқа да қазақ зиялылары осы

партияға мүше болып кірді. Кейін Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылдың

желтоқсанында Орал қаласында Қазақстанның 5 облысынан делегаттар съезі

шақырылды. Бұнда кадет партиясының қазақ бөлімі құрылып, осы партияның

бағдарламасы қабылданды. Бірақ Ресей кадет партиясы да, 1917 жылғы ақпан

революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет те қазақ халқына

байланысты ұлт және жер мәселелерін шешуде ешбір қызмет жасамады.

Осының бәрі Ә.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, “Алаш” партиясын

құруға мәжбүр етті.

77

Алаш” 1917 жылы 21-25 шілдеде (3-8 тамыз) Орынборда болған

бүкілқазақтық съезде дербес саяси партия ретінде қалыптасты. Осыдан кейін

А.Бөкейхановтың басқаруымен партияның Екінші бүкілқазақтық съезі өтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]