- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •6М050800 – «Есеп және аудит»
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы – күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus) магистранттар үшін
- •Оқу формасы – күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені Дәріс 1 - Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 2 - Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідері
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 3 – Факторлық талдаудың әдістемесі
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс – 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
- •Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
- •Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
- •Дәріс – 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
- •Дәріс – 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
- •Дәріс – 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
- •Дәріс – 10. Қаржылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі
- •Қорытынды
- •Дәріс – 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
- •Қорытынды
- •Дәріс – 12. Баланс өтімділігін талдау
- •Дәріс – 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •Дәріс – 14. Ақша ағынын талдау
- •Дәріс – 15. Компанияның табыстылығын талдау
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Дәріс - 5. Басқарушылық талдау Басқарушылық талдаудың негізі
Мақсаты: Басқарушылық талдаудың мәні мен мазмұнын ашу
Сұрақтары:
Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті
Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері
Басқарушылық талдаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері, мазмұны
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткітерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бағалауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Қазір кәсіпорындар өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде заңдық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік – кәсіпорының ұйымдастыру формасын, қзмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағао\ларды белгілеу және т.б.
Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландырылуынан, қаржлық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пада болды.
Бухгалтерлік басқару есебі – шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әкімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығыа әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Дәріс – 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
Мақсаты: Маркетингтік талдаудың мазмұнын ашу
Сұрақтары:
Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті
Өнімге мұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау
Сұралмаған өнімнің тәукелділігін бағалау
Өнімді жабдықтау нарығын талдау
Өнімнің бәсекеқабілеттілігін талдау
Маркетингтік зерттеулер, оларды жүргізу әдістері. Бақылау. Сауалнама жүргізу. Сұрау. Экспертті-аналитикалық әдістер. Математикалық әдістер.
Экономикалық көрсеткіштерді болжамдау әдістері. Өткен уақыттағы мәліметтер динамикасының негізіндегі болжамдары. Казуалды болжам. Сапалық болжам («ми шабуылы» әдісі, «Дельфи» типіндегі әдістер, «мақсат ағашы», жағдайлық талдау).
Маркетингті басқарудағы шешім қабылдау. Маркетингтік шешімдерді қабылдаудың үздіксіздігі. Тиімді бәсекелестік теориясы.
Маркетингтік зерттеу дегеніміз компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну. Маркетингтік зерттеудің міндеттеріне фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оны өткізу, баға саясаты, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, сатып алушының жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын , макроортаны талдау.
Ақпарат жинаудың әртүрлі әдістері бар: оның көздері бастапқы және екінші ретті мәліметтер болып бөлінеді.
Маркетинтік зерттеулерді бес кезеңге бөлуге болады:
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын анықтау;
Зерттеу жолдарын құру;
Ақпарат жинау;
Жиналған ақпаратты талдау;
Зерттеу қорытындылары туралы есеп.
Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы зерттеудің міндеттерін , объектісін және мақсаттарын айқын белгілеу жұмыс жорамалын жасау.
