- •1 Тақырып Туризм халықаралық сауда қызметінің бір түрі
- •Негізгі әдебиеттер
- •2 Тақырып Туристік кәсіпорынның экономикасы
- •3 Тақырып Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілері.
- •Тақырып Туристік бизнес саласындағы, туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 Тақырып Қонақ үй қызметін қалыптастыру негіздері
- •Мысалы:
- •Негізгі әдебиеттер
- •6 Тақырып Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •7 Тақырып «Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қызмет көрсету есебі мен қаржылық нәтижесінің қалыптасуы»
- •10.Тарату материалдары
3 Тақырып Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілері.
Сабақтың мақсаты: туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілерін оқу.
Дәріс жоспары:
Есеп саясатының анықтамасы және оны анықтайтын факторлар
Туристік өнімді сату есебі
Негізгі түсініктер: есеп саясаты, турагант жолдамасы, турагент, тур оператор.
Туристік фирма есеп саясатын таңдағанда ең алдымен туристік қызметтің заңға сәйкес келмеу жағын оңтайлы қарастыруы тиіс. Есеп саясатында қарастыруы тиіс:
Меншік формасы мен ұйымдастырушылық-құқықтық формасы.
Салалық меншіктендіру мен қызмет түрі.
Қызмет көлемі мен жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.
Бухгалтерлік есеп және салық салуда қолданылатын заңдылықтар.
Баға қалыптастыру саясатында өз бетімен шешім қабылдау мүмкіндігі
Ұйым қызметінің ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі.
Қажет материалдық базаның бар болуы.
Ұйымның экономикалық даму мақсаты мен міндеті
Персонал біліктілігінің дәрежесі мен бухгалтерия персоналдың экономикалық және құқықтық білімі
Ішкі орта (сұраныс маусымы, бәсекелестік орта, елдегі экономикалық жағдай)
Тұрудан түсетін табысты бухгалтерлік есепте танылуы есеп саясатында келесідей нұсқулардың бекітілуіне байланысты:
Егер тұру бойынша қызмет күнделікті көрсететін болса және де бұл есеп саясатында қарастырылса, онда есеп те күнделікті жүргізілуі тиіс.
Егер де қызмет қонақ қонақ-үйден шыққаннан кейін көрсетілсе, онда қызметтен түсетін табыс қонақтың кеткен кезеңінде көрсетіледі.
Туроператорлар өз әріптесін жақсылап таңдайды, оның қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін оқып үйренеді, онымен агенттік шарт жасасатын. Кейде батыс операторлары агент таңдау кезінде конкурс өткізеді.
Турагент - әртүрлі туроператорлардың туристік жолдаманы сатумен айналысатын туризм сферасындағы арнайы мамандандырылған кәсіпорын. Мысалы, «туроператор- турагент - турист» шағын және орта туроператорлық фирмамен қолданылады. Ірі туроператорлар көптеген делдалдарды диллерлік желілерімен тартады. Көптеген жағдайларда диллерлік желіні құру бойынша ірі туроператорлар мойынсынбайды, керісінше туроператорларға тапсырады. Осыдан шығып басқа үлгіні құруға болады: «Туроператорлар-турагент-турист». Бірақ, нарықтық зерттеу көрсеткендей, қазіргі таңда сатудың көп бөлігі турагенттерде жүзеге аспайды, кероісінше офистан тыс агенттерде агент тікелей сату әдісі бойынша жұмыс істейді және клиенттерді өз туыстарынан, таныстарынан табады.
Турфирмалардың қызметтесуі франчайзингтік келісімімен әзірленеді. Мысалы, ШЖС «Еркін-Аламан» және ШЖС «Отан» турагенттері арасында келісім-шарт жасалады. Келісім-шарттің пәні болып жолдаманы өткізу болып бабылады. Агенттік келісім бойынша екі қатысушы принципиал және агент. Принципиал – нақты бір қызметті орындайтын тұлға, агент – төлемді қабылдайтын тұлға. Мысалда ШЖС «Еркін-Аламан» принципиал рөлін орындайды. ШЖС «Отан» агент рөлін атқарады. Сонымен қатар принципиал – заңды тұлға, ал агент заңды да, жеке тұлға да бола алады. Келісім-шартта агентке камиссиондық сыйақы төлеу көрсетілген. Шарт-келісіміне орай «Алма-Ата» мейманханасына қойылған камиссиондық сыйақы:
«Стандарт» номеріне – 5%
«Лукс» және «Апартамент» номеріне – 10%
Турагентпен өнімдерді өткізу екі нұсқада жүзеге асады:
1. Турагент жолдаманы тауар ретінде өткізеді, туроператорлардан қабылдап қайта сатады.
2. Турагент делдал рөлін орындайды, жолдаманы комиссияға қабылдап өткізеді.
Резиденттер арасындағы операция бойынша барлық төлемдер нормативтік актілерге қарамастан, теңге түрімен ғана жүзеге асады. Қазақстан Республикасының резиденттік емес және резидент заңды тұлғалармен орындалған валюталық операция банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Шетел валютасындағы операциялар – бұл шетел валютасында орнатылған операциялар, кәсіпорын үрдісінің негізінде келісіммен қоса:
а) шетел валютасында қойылған баға бойынша тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу;
б) алу үшін шетел валютасында қойылған зайым;
в) айырбас бойынша іске аспаған келісім-шарт;
г) басқа үлгімен активтерді сатып алу, берілген міндеттеме бойынша барлық міндетті өз мойнына алу.
Шетел валютасына байланысты операция есебі 21ҚЕХС – мен анықталады, яғни «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері».
ҚР-ғы валютаны реттеудің негізгі органы, ол – Ұлттық банк, ол бұл қызметті заң тәртібіне сәйкес жүргізеді. Әрбір валюталық операцияны жүзеге асыру, айырбастау пунктері үшін тиым салынған. Валюталық операцияны орындау үшін заңды тұлғалар ашық есептік шот орны бойынша валюталық шот ашады. Клиенттер коммерциялық банк мекемелерінен валюталық шот ашу үшін келесідей құжаттар тапсырылады:
валюталық шотты ашу жөнінде өтініш;
нотариуспен бекітілген құрылтай келісім шартымен жарғысының көшірмесі;
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
директор сайлау және берілген ұйым құру жөнінде құрылтай келісмімен жиналыс протоколы;
ұйымның мөр таңбасы және қол қойылған үлгідегі екі карточка;
заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі.
Осы тізілген құжаттарды банкке тапсырады. Сәйкестендірілген тексерістен кейін ұйым мен банк арасында банктік шот туралы келісім-шарт орнайды. Онда осы екі заңды тұлғалар арсындағы өзара қарым-қатынас туралы сұрақтар қарастырылады.
Валюталық шот бойынша операциялар келесідей құжаттармен әзірленеді: қолма-қол валютаның түсуі «кіріс валюталық ордерімен» әзірленеді. Банктің кіріс валюталық ордерінің көшірмесі, банк мөрімен басылып және кассирдің қолы қойылады. Шетелде орналасқан бенефициарға валюталық құралдарды тізіп көрсету кезіндегі негізгі құжаттар «аударуға деген өтініш» болып табылады. Бұл құжатта келесілер көрсетіледі:
шетел валютасының сомасы;
бенефициардың аты-жөні;
бенефициар банкінің аты;
аударманың негізгі келісімі;
төлеу шарты;
банк комиссиясының сомасы.
2007 жылы 20 қарашада №25 төлем бойынша шетел тапсырушыларына 25000$ тауар тапсырылды. Тауарды сатып алу кезінде екі жақ арасында келісім-шарт орнап, накладной және шот-фактура құжаттарымен әзірленеді.
Орнатылған заң бойынша банк ұйымның құралдарын тізіп қарауға міндетті. Валюталық шотты ашқаннан кейін ұйым келісімге сәйкес міндетті:
белгілі келісім-шартқа сәйкес шот бойынша операциялық жылдағы орташа қалдықты иелену;
валюталық шоттан көшірме сұрау және операция бойынша жасалған басқа да құжаттар.
Уәкілетті банктерде резидентті заңды тұлғалардың шотына түсетін шетел валютасы шексіз есепке алынады. Ұлттық банкте тіркелгені туралы куәлік және лицензия қажет валюталық операциялар жүргізу кезінде резидент заңды тұлғалар уәкілетті банктерде келесідей құжаттардың көшірмесін тапсыру қажет. Заң тәртібі бойынша валюталық операция тексеру мақсатында уәкілетті банктер қосымша қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрауға құқылы. Резиденттік және резиденттік емес заңды тұлғалар арасындағы операциялар бойынша төлемдер әртүрлі валютаның келісімдерімен ғана жүзеге асады. Резидент және резидент емес заңды тұлғалар арасындағы ағымдық валюталық операциялар шексіз жүргізіледі. Өйткені олар уәкілетті банк арқылы жүзеге асады. Валюталық құралдар келесідей көздерден алынуы мүмкін:
экспорттық валюталық пайда:
жарғылық капиталға деген салым;
резидент емес заңды тұлғалардың қаржылық көмегі;
резидент емес жеке тұлғалардан зайым және шетел заңды тұлғаларынан, қаржылық мекемелерден, шетел банктерінен, уәкілетті банктерден валюталық несие алу;
уәкілетті банк арқылы теңге есебінен ішкі нарықтан алынған валюта және жеке банктік операция түрлерімен айырбастау пунктері.
Резидент заңды тұлғалары үшін қолма-қол есебінен валюталық операцияны есепке алуға тиым салынған. Кедендік төлем, бухгалтерлік есеп және салық төлеу мақсыты үшін теңгенің ресми бағамын Ұлттық банкпен анықтайды және ресми құжаттарда басып шырады. Валюталық операциялар бухгалтерлік есепте екі бағамы көрсетіледі: шетел валютасы және ұлттық валюта. ҚЕХС бойынша шетел валютасының есебі үшін 1020 «Кассадағы ақша қаражаттары» және 1050 «Валюталық ағымдағы банк есеп шоттарындағы ақша қаражаттары» көрсетіледі.
Операцияны қорытындылау күн тізбесі – ұйым ақша құралдарының валюталық шотын есептен шығару. Өтінішті қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғалар сатудың мақсатын көрсетеді.
Валюталық курсты өзгерту кезінде есепте бағамдық айырмашылықтар пайда болады. 21ҚЕХС «Валюталық бағам өзгерістерінде» сәйкес анықтама берілген: бағамдық айырма – бір валютаның бырыңғай бірліктер санын есептеу қорытындысында қалыптасады.
Бағамдық айырма – бағам бойынша валюталық актив пен пассив арасындағы сомалық айырма. Бағамдық айырма – ашық және жасырын түрде болады. 21 ҚЕХС шетел валютасына байланысты келесідей терминдер қолданылады:
соңғы бағам – есептік кезеңдегі ағымдағы валюталық бағам;
айырбас валюталық бағаының коффициенті – бір валютаны екіншісіне айырбастау;
шетел валютасы – ұйымның функционалды валютасы;
функционалды валюта – экономика ортасында қолданылатын валюта, сол арқылы ұйым өз саласын жүзеге асырады;
ағымдағы валюталық бағам – есептеу үшін арналған айырбас бағамы.
Бағамдық айырма құнды қағаздар мен валюта бағамдарының өзгерістерінің қорытындысында пайда болады. Валюталық операция ұйым шетел валютасының есепке алған кезде мойындалады:
шетел валютасында көрсетілген баға бойынша тауарлар мен қызметтерді сатады және сатып алады;
қарызға қаражат алады және оның сомасы шетел валютасында көрсетіледі;
басқа әдіспен активтер сатады және өтеу міндеттерін өз мойнын алады.
Өз бетінше дайындалу сұрақтары
Туристік өнім өндіру шығындары құрамының ерекшеліктері және оның бухгалтерлік есепі ұйымдастырудағы ықпалы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы ҚР 2007ж 28 ақпандағы № 234 Заңы
Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
