
- •1 Тақырып Туризм халықаралық сауда қызметінің бір түрі
- •Негізгі әдебиеттер
- •2 Тақырып Туристік кәсіпорынның экономикасы
- •3 Тақырып Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілері.
- •Тақырып Туристік бизнес саласындағы, туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 Тақырып Қонақ үй қызметін қалыптастыру негіздері
- •Мысалы:
- •Негізгі әдебиеттер
- •6 Тақырып Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •7 Тақырып «Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қызмет көрсету есебі мен қаржылық нәтижесінің қалыптасуы»
- •10.Тарату материалдары
1 Тақырып Туризм халықаралық сауда қызметінің бір түрі
Сабақтың мақсаты Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру Бухгалтерлік есептің заңдық және нормативтік реттелуін қарасытру Еаеп саясатың маңыздылығын түсіндіру
Дәріс жоспары (2 с.):
Туризімнің негізгі турлері және қазіргі жағдайдағы дамуын анықтайтын факторлары.
Қазақстандағы туристік ресурстар және оның республикадағы туризм индустриясын дамытуға тигізетін ықпалы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңы бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 «Туристік қыз-метті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2 - 2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттары заң формалары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашы-лық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен- жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және т.б. сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13 маусымындағы №211 - II (22.02.02 ж. № 296 - II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралык стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).
Бұған қоса олар БЭС 30 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттелініп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорындар әзірленіп, пайдаланатын кәсіпорындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпаттартарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Қазакстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес кәсіпорын басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын кұрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім-шартпен мамандандырылған бухгалтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығының негізінде Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрілігі жүзеге асырылады.
Қаржы есептілігінің есеп саясаты бөлімі мыналарды:
- қаржы есептілігін әзірлеуге пайдаланылған өлшем базасын (немесе базаларын);
- қаржы есептілігін дұрыс түсінуге қажетті есеп саясатының әрбір нақты аспектісін сипаттауға тиіс.
Қаржы есептілігінде пайдаланылатын нақты есеп саясатына қосымша пайдаланушылар өлшем базасын немесе базаларын (тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын құны, әділ құн немесе келтірілген құн) білу маңызды, өйткені тұтастай алғанда қаржы есептілігін жасаудың негізін қалыптастырады. Егер қаржы есептілігінде бірден артық өлшем базасы қолданылатын болса, мысалы, белгілі бір ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезінде, онда әрбір тиісті өлшем базасы қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.
Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабылдаған кезде басшылық ашып көрсету кәсiпорынның қызмет нәтижелерiнде және қаржы жағдайында операциялар мен оқиғаларды көрсету тәсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме деген мәселенi қарастырады. Ұсынылуын кәсiпорын қарауы мүмкiн есеп саясатының аспектiлерi мыналарды қамтиды (бiрақ онымен шектелiп қоймайды):
- кiрiстi тану;
- еншiлес және қауымдас кәсiпорындарды қоса, шоғырлану принциптерi;
- бизнестi бiрiктiру;
- бiрлескен қызмет;
- материалдық және материалдық емес активтердi тану және амортизациялау;
- қарыздар бойынша шығындарды және басқа да шығыс-тарды капиталдандыру;
- құрылыс салуға шарттар;
- инвестициялық жылжымайтын мүлiк;
- қаржы құралдары мен инвестициялар;
- жалгерлiк;
- зерттеулер мен әзiрлеулерге шыққан шығындар;
- босалқылар;
- салықтар, оның iшiнде кейiнге қалдырылған салықтар;
- бағалау мiндеттемелерi;
- қызметкерлерге сыйақы беруге арналған шығындар;
- бiр валютадан екiншiсiне ауыстыру және хеджирлеу;
- шаруашылық және географиялық сараланымдарды анық-тауды және сараланымдардың арасындағы шығындарды бөлу үшiн негiздi;
- ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын анықтау;
- инфляцияны есепке алу;
- мемлекеттiк субсидиялар.
Басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары осы салалардың көпшiлiгiнде есеп саясатын ашып көрсетудi нақты талап етедi.
Әрбiр кәсiпорын пайдаланушы осындай түрдегі кәсiпорын үшiн ашып көрсетiлуiн күтетiн өз операциялары мен саясатының сипатын қарастырады. Мысалы, жеке сектордағы барлық кәсiпорындар, кейiнге қалдырылған салықтар мен салықтық активтердi қоса, пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады. Кәсiпорында шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың едәуiр көлемi болған кезде, оң және терiс бағамдық айырманы тануға және осындай айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделедi. Шоғырланған қаржы есептiлiгiнде гудвиллды және азшылық үлесiн анықтау кезiнде қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.
2. Туризмдегі бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, туристік қызметтер құрылымында негізгілер мен қосымша қызметтерге бөлінеді. Негізгілерге жататындар: тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер; орналастыру; туристерді тамақтандыру, ал қосымшаларға жататындар: экскурсияларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, гидтердің, гид аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырылған тасымалдаулар және т.б.
Бухгалтерлік есептің маңызды элементі туристік фирмалардың қызеттерді жеткізушілер мен қлиенттермен өзара қарым-қатынастарды құжаттық рәсімдеу болып табылады. Тұтынушытермен өзара қарым-қатынастар кезінде осындай құжаттар болып табылатындар:
1.Тапсырыс үшін құжаттар (тапсырыс, сақтап қою парағы, сақтап қоюды растау).
2.Тұтынушытердің құжаттары (келісім шарт, жолдама, ваучер, сақтандыру полисі, көлікке билет).
3.Турист тұлғасын куәландыратын құжаттар (төлқұжат, балаларға сенімхат және т.б.)
Сақтап қою парағын немесе турға тапсырысты толтырған кезде, тұтынушы өзінің қимылдарын растау ретінде тур құнының бір бөлігін төлейді. Құжатта бұл сома аванс не кепілақы ретінде аталуына байланысты тапсырыс әр түрлі құқықтық мәртебеге ие болады.
Егер алдын ала төлем аванс деп танылса, онда рәсімделген тапсырыс алдын ала келісім шарт ретінде танылады және тараптар кейіннен негізгі келісім шартқа отыруы көзделеді.
Тапсырысты - сақтап қою парақты рәсімдеу ңұсқаулары мақсаты жағынан турагенттер үшін орынды.
Туристік қызмет көрсетуге келісім шарт жазбаша түрде жасалады және ҚР заңдарына сәйес болауы тиіс.
Келісім шарттың маңызды шарттарына жататындар:
- туристік қызметгі жүзеге асыруға лицензия туралы, мекен жайы мен банктік реквизиттері жайлы мәліметтерін қоса туроператор немесе турагент жайлы ақпарат.
- туристік өнімді сату үшін қажетті көлемде турист жайлы мағлүматтар.
- туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері, туристік қызметті көрсетуге сертификаттың болуы жайлы нақты ақапарат.
- саяхаттың басталу және аяқаталу күні мен уақыты.
- туристерді қарсы алу, шығарып салу және жөнелтудің тәртібі.
- туристік өнімнің бағасы және оны төлеу тәртібі.
- тараптардык құқықтары мен міндеттері.
- келісім шартқа өзгертулерді енгізу мен бұзу шарттары.
- туристің жүгін жеткізу шартары және келісім шарттың осы тармағын орындамаудағы құқықтық салдары.
Тараптардың келісімі бойынша анықталатын басқа да шарттар.
Турды сатқанда фирма мен қлиент арасындағы келісім шарттың ажырамас қосымшасы туристік жолдама болып табылады, ол турөнімнің сатылғандығын растайтын құжат болып табылады.
Туристік фирма үшін туристік саяхат дайын өнім болып табылады, оның өзіндік құны туристік жолдамаға кіретін қызметтерді төлеуге шекен шығындардан тұрады.
Бұған қоса олар БЭС 30 «Қаржылык есеп берулерді табыс ету» реттелініп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынілер әзірленіп, пайдаланатын кәсіпорындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операциялырын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы - материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпаттартарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Қазакстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7 - бабына сәйкес кәсіпорын басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын кұрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім-шартпен мамандандырылған бухгалтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы - шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.
Шаруашылық құралдардың айналымы өткізу үрдісінде жүзеге асады. Өнімді сатудан түскен кіріс жұмысшыларды материалдық тұрғыдан мадақтау үшін кәсіпорынмен қолданылады.
Берілген кәсіпорынмен өндірілген өнімдерді өткізу үрдісінде басқа кәсіпорынға беріледі, ал қалғаны тапсырысшы- кәсіпорындарға бөлшек баға құнымен төлейді. Өткізуден түскен кіріс есебі және оның қалыптасуымен байланысты аспектілер Халықаралық қаржылық есептің 18 «Кіріс» (ХҚЕС) стандартына сүйенген, ол бухгалтерлік есептің 5 «Табысына» сәйкестендірілген.
Кіріс- бұл акционерлер үлесі есебінен капиталдың өсуіне әкелетін қарапайым компания саласының қадамынан түсетін экономикалық тиімділік. Кірістердің көздері мен оны алуға деген шоттардың қалыптасуы үшін маңыздылығы болып, қызмет көрсету мен тауарларды сату табылады. Туристік ұйымдарда олардың «Дайын өнімі» болып, берілген кәсіпорын туроператорларымен жасалған туристік өнімдер табылады.
«Қазақстан Республикасындағы туристік сала туралы» ҚР Заңында туристік өнімдерді өткізу жазбаша формадағы келісімшарт негізінде жасалады және Қазақстанның Заң тәртібіне сәйкес келуі керек. Келісімшарттың екі түрі орын алуы мүмкін: турист және туристік фирма арасында және туристік фирмамен және онымен байланысқа түскен ұйымдар арасында.
Келісімшарттың дәлелдемелі шартына жатады:
сатушы мен туроператор туралы ақпарат, оған қоса туристік саланы жүзеге асыру жөніндегі лицензия туралы мәліметтер, оның заңды мекен-жайы, банктік реквизиті.
Туристік өнімдерді өткізу үшін қажет сатып алушылар туралы ақпарат.
Туристік өнімдерді тұтыну туралы дұрыс ақпарат, оның ішінде туристік өнімдерді сертификаттау қорытындысы туралы, туристердің қауіпсіздігі туралы шарт, саяхаттану көлігімен келіп-кету туралы бағдарламада бар.
Саяхаттанудың басталуы мен аяқталуының уақыты мен күні.
Жауапкершілік жақтардың міндеті мен құқықтары.
Туристік өнімдердің бөлшек бағасы және оны төлеу ережесі.
Топтағы туристердің минималды саны, топтың жиналмағына байланысты саяхат өткізілмейтін туралы туристерге ақпарат беру.
Келісімшарттың өзгеру жағдайы, осыған байланысты шығын жағынан даулардың қалыптасуы.
Туристердің міндеттерін қабылдау мерзімі мен ережесі.
Турист пен туристік фирма арасындағы қатынас, орындаушы мен тапсырушы арасындағы қызметтің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты туады. Туристік өнімдерді өткізу нарықтық баға есебімен, өз бетінше туристік ұйымдармен қойлған өткізу баға бойнша жүргізіледі. Туристік өнімдерді өткізуден түскен кіріс бухгалтерлік есепте төлеуге төлем құжаттарын көрсеткеннен кейін және сатып алушылар демалысы берілген кезінде көрсетіледі. Туристік фирманың есептік саясаты бойынша туристік өнімдерді өткізудің қорытындысын анықталуы үшін жазылуы мүмкін: «Тауардың басталуына байланысты өткізу». Осыған байланысты кіріс тауарлардың бірінші және соңғы күнінде анықталады. Туристік өнімнің сату бағасы өз ішіне толық өзіндік құнынан басқа жанама салық пен табыста кіреді.
Туристік ұйымдар үшін кіріс нормасы 20% - құрайды, оның көлемі сұраныс есебімен реттеледі және түзетіледі. Туристік фирманың құжат-айналымдағы негізгі құжаты, ол- ваучер мен туристік жолдама. Туристік жолдама- туристік өнімдерді тапсыруды дәлелдейтін құжат, ал туристік ваучер- турист құрамына кіретін қызметке деген турист құқығын дәлелдейтін құжат. Барлық туристік ұйымдар үшін туристік жолдама бірыңғай форманы иеленеді. Ол сол турист туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар туристік жолдама- бұл сәйкес жасалғанға жататын қатаң есеп беру бланкі. Әр туристік жолдамада өз нөмірі болу керек. Сонысен қатар, туристік өнімдердің есебі үшін ашық шот ашуға болады: 1320 «Туристік өнім». Егер турфирма өнімдерді туризмнің әр түрлері бойынша есепке алса және бөліп қараса (шоп-туризм, экологиялық туризм, таныстырмалы туризм, денсаулық туризм). Мысалы, субшот 1320-1 «туристік өнім- шоп туризм», субшот 1320 -2 «Туристік өнім- «Денсаулық туризмі». Субшот бойынша туризм түрлерін бөлу анализ жүргізу үшін бухгалтерияға турөнімдерінің есебін ұйымдастыруға көмек тигізеді. Мысалы, қандай туризм түріне көп сұраныс бар, фирма үшін туризмнің қандай түрі табысты, қай жерде көп шығындар бар,осының бәрін турфирма басқармасына нақты бір шешім қабылдауға көмектеседі. Туристік өнімдерді өткізу әдістерін тұрмыстық екі түрге бөлеміз: тікелей және жанама. Тікелейге өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туристік байланысты қамтамасыз етуін айтамыз. Бірақ тур өнімдерін өндірушілер тек қана тікелемен шектеліп қоймайды, өйткені жеке меншік тұрмыс желісін құру көп қаржылық салымды қажет етеді. Басқа туристік өнімнің тұрмыстық жанама түрі делдал арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда турфирмалар тұрмыстық саясатты іске асыру кезінде келесідей тұрмыстық өнімдерін қолданады:
шетелдерде, басқа қалаларда, аудандарда жекеменшік өкіл, агенттерін ашу;
тәуелсіз турагентпен франчайзингтік келісім жасау (оған тауар маркасы, каталог, прайс-лист және т.б.) жатады;
келісімнің нақты міндеттемелерін өз мойнына алатын агенттік келісімшарт жасау;
ешқандай шекке емес турфирма мен агент арасындағы келісім орнату.
Туроператордың жеке тұрмыстық желісі бірнеше қаларда немесе бір қалада оарналасқан сату бойынша салон, филиал өкілдерімен тапсырыс болуы мүмкін. Оның саны туристік нарықта орындалатын операция көлемі мен туроператордың материалдық мүмкіндіктерімен байланысты. Экономикалық көзқарас бойынша ірі туроператор фирмаларының белсенді тұрмыс саясаты жеке тұрмыстық каналы арқылы әрқашан мойындала бермейді. Агенттік желі арқылы өз турларын сату туроператорларға жарнамаға деген үлкен қаражаттарын үнемдеуге көмектеседі және босатылғандар есебінен туроператор дайындықтарының сапасын жоғарылатады. Мысалы, Германияда, Испанияда, Швейцарияда туроператорларына өз тауарларын сатуға тыйым салынған. Туроператор кәсібінің жеке өнімдерін өткізу есебін қарастырамыз. Өткізілген туристік өнім берілген туроператорлардың «Дайын өнім» болып табылады. ХЕҚС шотында өнімдерді өткізуден түскен табыс 6010 шотында туризм түрлерінің берілген табысы бойынша көрсетіледі. Мысалы, 6011 «шоп-туризм өнімдерді өткізуден түскен табыс», 6012 «жолдаманы өткізуден түскен табыс» және т.б.
ХҚЕС бойынша 7010 «Көрсетілген қызмет және өнімді өткізудің өзіндік құны», 7012 «жолдама өткізудің өзіндік құны» жүргзіледі. ХҚЕС бойынша сатп алушылармен есеп айырысу есебі үшін 1210 «Тапсырушылар мен сатып алушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» көрсетілген.
Туризм- ҚР болашақ экономика саласының бірі және үлкен әлеуметтік мағына береді. Туристік фирманың салық салуы оның саласының спецификасына байланысты.
Қазіргі таңда ірі туристік кәсіпорын келесідей негізгі салық, төлем жиындарды төлеуден тұрады:
-Корпоративті табыс салығы КТС;
-Қосымша құн салығы ҚҚС;
-Әлеуметтік салық;
-Жер салығы;
-Мүлік салығы;
-Көлік салығы;
-Жер учаскілерін қолдануға деген төлем;
-Қоршаған ортаның бүлінуіне байланысты төлем;
-Қоршалған табиғи шекараларды қолдануға байланысты төлем;
-Ағашты қолдану төлемі;
-Ішкі жарнаманы пайдалану байланысты төлем;
-Су ресурстарын пайдалануға байланысты төлем;
-Радио меншікті пайдалануға байланысты төлем.
Бірақ кәсіпорынның барлығы осы тізілген салықтар мен төлемдерді төлей бермейді.
Туристік фирманың қызмет түріне байланысты шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында әртүрлі көрінеді. Туроператор турларды кешенді жинаумен айналысады: туристік бағыттар қалыптастырады, қызметтермен қамтамасыз етеді, жарнама әзірлейді,турдың құнын анықтайды, турларды турагентке өткізу үшін сатады. Туроператорда бухгалтерлік есеп өз өндірісінің өнімін өткізетін кәсіпорындар үшін қабылданған схема бойынша жүргізіледі.
Мазмүны |
Дебет |
Кредит |
Аяқталмаған өндіріс қалдығын ай басына апару |
8111 |
1340 |
Көлік, тасымалдау, тамақтандыру сатып алған қызметтерінің құны Турпакетті қалыптастыруға кеткен шығындар ҚҚС |
8111
1420 |
3310
3310 |
Өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысы Әлеуметтік салық |
8112
8113 |
3350
3150 |
Басқа да өндірістік шығындар Сатып алынған қызметтерге ҚҚС |
8114
1420 |
3310,1040,1250, 1620, 1310,2420 3310 |
Жалпы өндірістік шығындар |
8010 |
8111,8112,8113, 8114 |
Өткізбеген дайын өнім қалдығн ай соңына апару |
1320 |
8010 |
Аяқталмаған өндіріс қалдығын ай соңына апару |
1340 |
8010 |
Тур өнімді сату бойынша шығындар |
7110 |
3310, 3350 |
Тур өнімнің өткізудің өзіндік құнын есептен шығару |
7110 |
8010 |
Әкімшілік шығындар |
7210 |
3310, 3350 |
Қаржылық нәтиже |
5610 |
7110, 7210 |
Мысал:
2006 жылдың мамыр айында туристер алдын-ала төлем жасап, 15-25 дейін Испанияға турға тапсырыс берді.Туристік компания мамыр соңына қызметтердің тек жартысын ғана сатып алды: тұру, тамақтану мен экскурсия, қызмет көрсету.
Маусымда турфирма калған қызметтерді сатып алды: тасымалдау, виза, трансферт, бір сөзбен айтқанда толық турпакет жасалып туристке өткізілді.Жолдамаға төлем толық жасалған.Осылайша мамыр айында аяқталмаған өндіріс бойынша қалдық анықталды:
Мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Аяқталмаған өндіріс |
1340 |
8110 |
қалдығын ай соңына |
|
|
апару |
|
|
Аяқталмаған өндіріс |
8110 |
1340 |
қалдығын ай басына |
|
|
апару |
|
|
Ұйымдардың |
8010 |
3310 |
қызметтерін сатып алу |
|
|
Дайын өнім өткізілді |
7110 |
8110 |
Егер турфирма турпакетті мамыр айында толык қалыптастырса, онда дайын өнімді бірден шығарып оны өткізіп, маусым айында турист төлемді толық жүргізіп, жолдаманы қолына алатын еді. Бұндай жағдайда берілетін бух. жазу: Д-т- 1320 К-т- 8110.
Табысты мойындау кезінде (маусымда) сонымен катар, өткізілген өнімнің шығысы мойындалады.Д-т - 7110 К-т 1320
Туроператор шығындарының есебін 1620 шотында көрсетеміз.Қызметтерді сатып алу 1620 шоты-дебетте, турпакет жасалғаннан кейін «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне шығарылады. Өткізбелер:
Сатып алынған қызметер құны
Д-т- 1620 К-т 3310
ҚҚС
Д-т- 1420 К-т- 3310
Баска да ұйымдардың қызметтерінің өзіндік құны турөнімнің өндірісіне шығарылып, келесі айда сатылған.
Д-т - 8110 К-т – 1620
Қосымша құн салығы. Әр туристік кәсіпорын өз тіркеу орны бойынша салық органына өтініш жазу жолымен жалпы орнатылған ережеге сай ҚҚС-н төлеушілері болып табылады. Салық салу обьектісі болып, салым импорты танылады. Айналым салымын анықтау туроператор мен турагент үшін жеке қарастырылады. ҚҚС-тің ережесін үш нұсқа бойынша қарастырамыз:
шығу туризм
әкету туризмі
ішкі туризм.
Бірінші нұсқада, дайын өнімді шығару үшін турфирма резидент емес туристік қызметінің құқығына ие, ол шетел туристеріне көрсетіледі. Басқа да резидент қызметі (сақтандыру) туристерді транспорттаумен байланысты. Салық Кодексінің І-пунктінің 221-бабына сәйкес ҚР-ғы ҚҚС төлейтін резидент емес тұлғаларға көрсетілетін қызметі, өткізу орны ҚР-сы болса ғана. Осыған орай қазақстандық турфирмаларда резидент емес қызметі бойынша айналым салымы қалыптасады. Егер туристерді сақтандыру бойынша қызмет сақтандыру компаниясының резидентінде болса, онда олар ҚҚС-тан босатылатын болып танылады. Егер тауарды жеткізу бірнеше жеткізушілерімен іске асырылса, онда халықаралық жеткізу салығы болып, көліктік ұйымның жеткізу орны танылады. ҚР-ның шекарасында жүзеге асқан өткізу жалпы ұсталынған ереже бойынша ҚҚС салады. Егер де бастапқы және соңғы пункт ҚР-нан тыс шекарада орналасса, онда ҚҚС қалыптаспайды. Жолдаманы резидентке өткізуде де ҚҚС салынады.
Екінші нұсқада, қазақстандық турфирма өз еліне жолдаманы өткізу бойынша туристік қызметті жинақтайды. Әйтпесе, резиденттік емес тұлға ларға жолдаманы өткізу кезінде қазақстандық турфирмалар үшін айналым салымы танылмайды. Өйткені қызметті өткізу орны ҚР-сы болып табылады. Сондықтан салық төлеуші айналым салымы мақсатында қолданылатын қызмет, жұмыс, тауар бойынша ҚҚС есебінен қатысуға құқылы.
Үшінші нұсқада, турфирма әртүрлі резидент ұйымдарының қызметін жинақтайды және резиденттерге өткізеді. Мұндай жолдаманы өткізу жалпы ортақ ережеге сай ҚҚС-пен есептеледі. Турфирма ҚҚС төлеушілер болып танылатын ұйымдардың қызметі жағынан ҚҚС сомасын есепке алады.
Турагенттің ҚҚС есебінің маңыздылығын қарастырайық. Бұл жерде екі нұсқа қарастырылады:
Сату үшін туроператорлардан турагент жолдама ала алады. Осыған жолдамаға деген меншік турагентке көшеді және бұл жолдама турагент активінің құрамында көрсетіледі.
Турагент келісімшартқа сәйкес камиссиондық сыйақымен жолдаманы туроператорға өткізеді. Жеке меншік құқығы туроператорға көшеді. Бірінші нұсқада жолдпмп өз ішінде тұтыну мақсаты бойынша 1330 «Тауар» шотында жүргізіледі. Осыған орай жолдаманы турагентке сататын ұйым резидент емес болса, онда ҚҚС бойынша айналым қалыптасады. Бір немесе басқа да туристік кәсіпорын осы үш нұсқаны бір уақытта жүзеге асыра алады. Туроператор рөлін атқарады. Салық Кодексінің 239-бабына сәйкес айналым салымы осы жағдайда орын атқарады. Туристік кәсіпорын ҚҚС сомасы есебінен шығады. Осыған байланысты бір жылдан кейін бухгалтер ҚҚС бойынша салық кезеңін анықтауға көп көңіл аудару керек. Ол есеп беру және төлемдерді жүзеге асыру үшін керек. (ай немесе квартал)
Өз бетінше дайындалу сұрақтары
Туристік азық түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі
Турбизенс кәсіпорынында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі