Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 БУ в туризме Лекция кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.14 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.

  2. Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.

  3. Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.

  4. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.

  5. Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.

4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.

5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.

5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).

Сабақтық мақсаты Ұзақ мерзімді активтер түсінігі олардың жіктелуі негізгі құралдардың жіктелуі, бағалануы және есептелуі. Негізіг құралдардың амортизациясының есептелуі мен олардың есептен шығарылуын есептеп мысалдармен түсіну.

Дәрістің жоспары

  1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелуі.

  2. Негізгі құралдардың бағалануы.

  3. Материалдық емес активтердің жіктелуі,бағалануы және есептелуі.

  4. Негізгі құралдардың және МЕА амортизациясы (тозуы) есебі.

  5. МЕА бағалануын есептеу

  6. МЕА шығуының есебі

Негізгі түсініктер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, бастапқы құн, жойылу пайдалану мерзімі

Дәрістің қысқаша мазмұны

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу казаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі құраддар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметгік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; кұрал-сайман; өңцірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорыңда негізгі құралдардың есебі №16 ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қүралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құрадцар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қуралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе акшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі қурал-жабдықтар тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі қүралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.

2. Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, қүрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен қүрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас есімдіктер кеп жылдық өсімдіктерге еткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді үзақ мерзімге жалға алудан (келісімді қүнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Негізгі құралдарды қабыдцау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан актжасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама коса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен коса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалык жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабьшдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамғаберіледі. Негізгі қуралдардыц алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі құрылуы керек.

Негізгі қүралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан түрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктіктізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктіктізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.

3. Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2420.1 "Үйлер мен ғимараттардың тозуы", 2420.2 "Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы", 2420.3 "Көлік құралдарының тозуы", 2420.4 "Басқа негізгі құралдардың тозуы" пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 "Меншікті негізгі құралдардың тозуы" және 2 "Үзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы".

Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған непзгі құралдардың тозуы 13-ІІІІ бөлімшенің 2-ші "Үзақ мерзімге жалға алынған непзгі құралдардың тозуы" деген аралық шотының дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Негізгі құрадцардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

  • құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

  • жеделдетіп есептен шығару;

  • қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару. Негізгі құрадцардыңтүрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құраддың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін тандау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

  • қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

  • Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны — 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 тенге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

(Бастапқы құн – жойылу құны) / пайдалану мерзімі = (100000 - 10000) / 5 = = 18000 теңге

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18000: 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.