
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.
Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Сабақтық мақсаты Қәзіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріліп отыру
Дәрістің жоспары
Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелуі.
Есеп регистрлері.
Бухгалтерлік есепке енгізу формалыры.
Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.
Түгендеу. Есеп саясаты.
Негізгі түсініктер: есеп регистрлері, түгендеу, инвентаризация, есеп саясаты
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріліп отырады.
Көсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп көсіпорынның өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялау мен өндірістік щығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатнастарға түсу, есеп айырысу т.б. есеп объекгілері бойынша калыптасады.
Есеп үрдісін түрақгы түрде ары карай жетілдіру бухгалтерлік кызмет аткарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы катарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық өдістерді, эртүрлі модельдерді, мақсатты - бағдарламалықпринциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын калыптастыру мен жүргізу кезендерінде арнайы кабыдданып, экономикалықөмірге енген ережелер мен әдістер сақгалуы керек. Кәсіпорындарда нақгылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регастрлар жүйесіне түсетін бастапқы кұжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы қужаттарға тәуелді. Бастапкы қрсаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактлерін іске асыру жөніндегі қабыдцанған шешімді көрсетеді. Яғни бастапқы қүжаттар шаруашылық фактлерінің іске асқандығын мөлімдейтін акдараттық ағын болып табылады. Шаруашылық фактлерінің орындалуын көрсететін кркаттар дәл және осы сөтте жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қолдары қойылуы керек. Бастапқы қүжаттар жасап, өз қолдарын қоюушы жауагаы адамдар, қүжаттардың өз уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты екендігін дұрыс түсіну кажет.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектісі езінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есепта саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызш ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлевд, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін баска да қажет шешімдерді жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның зандылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапш болып келеді.
Субъектінің қүрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыру кәсіпорынның бас бухгалтер! басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтерді қызметтің босаткан кезде ол жаңадан тағайындалған біс бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді еткізіп береді, вщ барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстыгьи тиісті актілер жасалады.
Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және оларш жасалатын шаруашылык операцияларының қосарлана немесе екі хақга жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметгің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін кажг ақпараттармен, субъектінін, қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестсрі туралы дұрыс жөне толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-и инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларга, мемлекеттік органдарға, банктерге жөне басқа да мүдцелі тұлғаларға бухгалтерш есептің стандартына сәйкес қаржьшық есеп беруді жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасызещі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатынщ өзгермейтінідігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
-қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есеім кезенде жүзеге асқан барлық шаруашылык, операцияларьшың есепте толышш керініс табуы;
- өрбір айдың басына синтетикалык есеп шоттары бойынша калдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметгері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.
Бухгалтерлік кұжаттарда жасалған шаруашылықоперациялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін керсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында керініс таппауы, олардың тиісті кұжаттармен рәсімделуімен байланысты болып келеді.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те аталады.
Қүжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмүны бойынша, жасау орны, сандык позициясы, толтыру тәсілі бойынша (1 сызба).
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға белінеді:
- тәртіп орнататын (басқара білетін) — жарлыктың мазмүны, шаруашылық операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған операцияның фактісін растамайды, сондыктан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы қүжаттарға айналады;
- ақтаушы (атқарушы) — жасалғаншаруашылыкоперацияларыныңфактісін растайды (куәландырады), яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте корсетуге негіз болып табылады;
- бухгалтерлік рәсімдеу — тәртіп орнататын және ақтаушы күжаттардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
- қиыстырылеан (к^растырылган) — жоғарыда келтірілген құжаттардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде аткаратын қүжаттауларды күрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ыкшамдайды және есептік қүжаттауды аса көрнекті етіп керсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
- бір жолгы — жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;
- жинақтаушы — біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы кұжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын кысқартады. Олар есепте тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып корініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
3. Түгендеу бухгалтерлік есеп әдісінің маңызды элементі болып табылады. Әрбір кәсіпорын бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін мүлік пен қаржы міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді.
Түгендеу- бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын шоттарда көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексерудің әдісі.
Түгендеу барлық шаруашылық операцияларының құжаттарда және жүйелік бухгалтерлік есепте көрсетілгенін тексеруге, сондай-ақ қажеттінақтылау мен түзету енгізуге мүмкіндік береді.
Түгендеу Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралыЕрежеге және негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық қор-айырысуларды түгендеу жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес жүргізіледі. Осы құжаттарға сәйкес кәсіпорындар негізгі құралдарға, күрделі салымдарға, аяқталмаған күрделі құрылысқа, күрделі жөндеуге, аяқталмаған өндіріске, тауарлы-материалдық құндылықтарға, ақша қаражаттары мен бухгалтерлік балансқа түгендеу жүргізуге міндетті.
Кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы-материалдыққұндылықтар, жауапты құндылықтар, жалға алынған негізгі құралдар, сондай-ақ қандайда бір себептерге байланысты ескермей қалған құндылықтар және т.с.с. түгендеуге тиіс.
Түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың нақты қолда барын, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс көлемін айқындау.
нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру арқылы тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттарының сақталуына бақылау жасау.
Сапа стандартына жауап бермейтін, яғни өзінің бастапқы сапасын ішінара жол бастаған тауарлы-материалдық құндылықтарды анықтаужәне т.с.с.
материалдық құндылықтар ақша қаражаттарын сақтау ережелерінің, сондай-ақ машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі құралдарды ұстау мен пайдаланудың ережелерін орындауды тексеру.
Баланста ескерілген тауарлы-материалдық құндылықтардың шынайы құнын, кассадағы, есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы басқа шоттардағы қаша қаражаттарының сомаларын, органдарға салықтар бойынша, дебиторлық және кредиторлық берешектерді және баланстық баптарын тексеру.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу (инвентаризационная опись) құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады.
Қаттап-тіркеу деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады.
Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап салыстыраға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын мысалы, қойманың, цехтың, ферманың т.б. білген жөн. Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшембірлігіндегі құндылықтар, натуралдық өлшем бірлігіақшалай өлшемге айналған сәттен бастап, экономикалық қабатқа түсіп, кәсіпорынның тауарлы-материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттауқұжаты құқықтық құжат болып табылып, кәсіпорын деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін көрсетеді.
Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомстарынқосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық өлшемдіақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымен, қаттап-түгендеудегеніміз натуралдықалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.Кәсіпорындағы жауапты қызмет атқарушы адамдар мен бухгалтерлердің жауапкершілігіндегі құндылықтардың бар-жоғын түгендеу үшін кәсіпорын басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап-түгендеу ісін іске асырыды.Қаттап-түгендеу ісінің қорытындысы шығарылып, артық не кем шыққан құндылықтардың көлемі салыстыру ведомстарына жазылғаннан соң арнайы шешім қабылданады. Кем шыққан, жетпей қалған құндылықтарды есептен шығару үшін меншік иесінің келісімі немесе соттың шешімі шығарылады. Натуралды құндылықтар мен есеп мәліметтері арасындағы айырым болуын есептеу кезінде кеткен қателіктерденде болатындығын есте сақтау керек.
Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:
операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;
бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;
журналдардан Бас кітапқа көшіру , мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;
корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;
Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;
корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;
қаржылық есептерді дайындау, мақсаты- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты және бөлінбеген табыстың есептерін қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;
бас журналда шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;
шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;
бас кітапта тұрақты шоттардың қалдықтарын тіркеу
2. Қаржылық есеп беудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдай туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту,ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай – ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы ұйымның табысы болып саналмайды, ал ұйым иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады.
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай – ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.
-кез – келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
-баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконтталған құны, баланстық құны.
Ұйым қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Қаржылық есеп беруді жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен ауналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жылдың басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасы мен және бөлім топтамаларымен , әрбір баптарымен сәйкестендірілуі тиіс.
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
1) Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.
Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.
Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.
Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.
Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.
Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.
Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.
Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.
2) Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметгер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.
Қатені іздесгірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен бірізділікпен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.
Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салысгырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.
Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.
Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланысгарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіпкетеді. Сондықтан есеп регисгрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.
Түзету (Корректуралық) әдісі - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен тастайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.
"Қызыл сторно" әдісі (теріс сандар әдісі).
Бұл әдіс тек соманы ғана емес, шотгар байланысын да өзгерткенде қолданылады.
"Қызыл сторно" әдісінің мәні мынада: шоттардың қате байланысы сторноланады (қызыл сиямен жазылады), яғни алынып тасталады, ал оның орнына дұрыс жазба жазылады.
Қатені түзетуді осы тәсілмен жүргізгенде бір мезгілде екі жазба жасалады: алдынғы қате жазу (шоттардың дұрыс емес байланысы) - қызыл сиямен, ал жаңа жазба (шоттардың дұрыс байланысы) - кәдімгі сиямен.
Егер қате емес, бірақ артық жазылып кеткен жазба сгорколанса (болмаған шаруашылық операция, екі рет жазылып кеткен сома) түзету бір ғана қызыл жазбамен түзетіліп, алынып тасгалады.
Жиындарды шығарған кезде қызыл жазбалардың сомасы қосылмайды, керісінше алынып тасталынады. "Қызыл сторно" әдісінің негізгі мақсаты дұрыс емес жазбаны жою: бір сома алғашқыда жиынды есептгенде плюс белгісімен, қатені анықтағаннан кейін есептегенде минус белгісімен шығады да, нәтижесінде жойылды (нөлге теңеледі).
Қосымша жазбалар тәсілі шаруашылық операция есеп регисгріне мүлдем жазылмай қалса немесе шоттарда (дебетте, кредитте) аз мөлшерде көрсетілген жағдайларда қолданылады. Егер шаруашылық операция омасы есепте мүлдем көрсетілмей қалса, ол сомаға бухгалтерлік шот байланысы беріледі, ал сома аз мөлшерде берілсе, қажетті сомаға жететін айырмаға қайтадан бухгалтерлік шот байланысы жасалады.
Егер есеп сомасы үлкен, көп мөлшерде көрсетілсе, артық сома мөлшеріне қосымша жазбажүргізіледі (қызыл сгорко).
"Қызыл сторно" тәсілін мысалда қарастырайық:
Жабдықтаушылардан тауарлар (1330 шот) 50000 теңгеге келіп түсті.
Бұл операцияға қате бухгалтерлік байланыс берілген. Дебет 1320 "Дайын өнім" Кредит 3310 "Төленуге тиісті шоттар" Сомасы 50000 теңге
Қатені анықтап, тапқаннан кейін қызыл сиямен сторколаймыз. Қызыл сиямен жазу мүмкін болмаған жағдайда, соманы қоршап қояды. Дебет 1320 "Дайын өнім" Кредит 3310 "Төленуге тиісті шоттар"
Сомасы 50000
Одан кейін дұрыс жазба жазылады Дт 1230 'Тауарлар" КТ 3310 Сомасы 50000 теңге
50000
3) Бухгалтерлік есеп регисгрлеріндегі шаруашылық операциялардың жасалғанын құжаттары. Сондықтан да оларды құрастыруға талап жоғары.
Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасгалады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:
құжат аты;
форма коды;
құжат толтырылған дата;
құжат тиесілі кәсіпорын оты;
шаруашылық операция мазмұны;
шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),
шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні, қызметі, қолдары.
Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.
Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, есеп саясатының басқа да құжаттары, мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламалары бухгалтерлік есепте соңғы рет пайдаланылғанынан бастап бес жыл ағымында кәсіпорында сақталуы керек.
Бухгалтерлік есептің регистрлерін, бухгалтерлік есеп берушілікті және есептік құжттарды сқтауды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті ұйымның басшасы алады.
Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.
Бухгалтерлік есептің формасы – есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, талдамалық есептердің байланысын көрсететін есептік регистрлардың жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:
қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;
синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;
есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;
бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп формаларын өзінің салалық ерекшелігі, мен қызметінің масштабына, шаруашылық шарттарына қарай таңдайды. Бухгалтерлік есеп формаларының қайсысы болмасын ақпаратты жоғары дәрежелі дәлдікпен өңдеп, есеп берушіліктерді жылдам дайындуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылатын есеп формасы олардың құрылымынан, қызмет түрі мен техникалық және компьютерлік жарақтануынан тәуелді. Таңдалған есеп формасы кәсіпорынның есептік саясатының құрамдас бөлігі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік құжаттарға анықтама беріңіз?
2.Есеп регистрлері қандай болады, олардың түрлері қандай?
3.Бухгалтерлік есептің формасы деген не?
4.Есеп регистрлеріндегі қателерді қалай түзетеді?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі