
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
Жабдықтаушы мердігерлерден 25000 (жиырма бес
мың) теңгеге материалдар сатылып алынды (әзірге
ақшасы толенген жоқ).
Есеп айырысу шотынан 50000 (елу мың) теңге банк
несиесі етелінді.
30000 (отыз мың) теңгенің материалдары ондіріске
босатылды.
4.
Шаруашылык, операцияларды "екі жақты жазу " әдісімен есепке алу алдында мынандай жагдайларды ескеру керек:
Аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын,
Шаруашылық операцияның объектіге қандай әсерететіндігін,
Аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қайшоттарында есептелінетінін,
Операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне).
Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның мате-риалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердігерлерге берешек қарызы көбейеді. Келіп түскен материаддарды есепке алу үшін "материалдар" деп аталатын активті шоты, ал жабдықтаушы мердігсрлерге бсрешек соманы есепке алу үшін "Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу" деп аталатын пассивті шоты қолданылады. Активті шотта қүралдардың көбеюі шоттың дебитіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шоттың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бүл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:
Д-т: "Материалдар" шоты 25000 теңге
К-т: "Жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу" шоты 25000 теңге
Екінші операция нәтижесінде үйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды. Бүл операцияны аддыңғыға қарама-қарсы деп тү-сінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның актив-тері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда үйымның активтері және пассивтері азайып отыр. Бүл операция бойынша үйымның бухгалтериясында мынандай екі жақты жазу жазылады:
Д~т: "Банк несиесі" шоты 50000 теңге
К-т: "Ақшалар" шоты 50000 теңге
Үшінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану коздерінде ешқаңдай өзгеріс болмаған, яғни бүл операция кәсіпорынның пассив болімінің баптарына ешқандай өсерін тигізбейді. Ал актив бөлімінде өндіріске материалдардың босатылуына сәйкес аяқталмаған өндіріс деп аталатын болім сомасы артып және осыншама сомаға материалдар дсп аталатын болім сомасы кемиді. Бүл жағдайда екі жақты жазу мына түрде жазылады:
Д-т: "Аяқталмаған оңдіріс" шоты 30000 тенге
К-т: "Материалдар" шоты 30000 теңге
Төртінші операция нәтижесінде үйымның қорлану коздерінде бір болім кобейіп, ал екінші болім сол сомаға азайып отыр. Жоғарыда қарастырған үшінші операцияда озгеріс тек қана активті бөлімде болған болса, бүл операция керісінше кәсіпорынның актив белімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбей, оз әсерін тек қана пассивті бөлім баптарына тигізіп отыр. Осыған сәйкес бүл операция бойынша мынандай екіжақты жазу жазылады:
Д-т: "Жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу" шоты 65000 тенге
К-т: "Банк несиесі" 65000 тенге
Келтірілген мысалдан коріп отырғанымыздай, әрбір операция бір мезгідде және бірдей сомада бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылып отыр. Олай болса, екі жақты жазу озара байланысты бухгалтерлік есеп объектілерінің дебит және кредит шоттарда бірдей сомада езгеруін бейнелейді.
Шаруашылық операцияларды бейнелеуде шоттардың арасында пайда болған экономикалық озара байланысты — шот корреспонденциясы деп атайды, ал шоттың озі коррес-понденцияланушы шот болып аталады. Корреспонденция-ланушы шоттардың дебит пен кредитте корсетілуі бухгал-пгерлік жазу немесе өткізбе деп аталады.
Бухгалтерлік жазу (откізбе) жай және күрделі деп аталатын екі түрге болінеді.
Жай өткізбе деп шаруашылық операциялары сома-сының бір шоттың дебитіне, екінші шоттың кредитіне жазылуын айтамыз.
Күрделі өткізбе деп орындалған бір шаруашылық опе-рациясына ең аз дегенде екі шот дебиттелініп, бір шоттың кредиттелуін немесе керісінше, бір шоттың дебиттелініп, екі шоттың кредиттелінуін айтамыз.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік шоттарға анықтама беріңіздер?
2.Бухгалтерлік шоттардың қандай түрлері бар?
3.Транзиттік шоттар деген қандай шоттар?
4.Екі жақты жазудың принципі неде?
5.Активті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?
6.Пассивті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі