Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 БУ в туризме Лекция кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.14 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.

  2. Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.

  3. Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.

  4. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.

  5. Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.

4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.

5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.

3. тақырып. Бухгалтерлік есеп шоттары және шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу.

Сабақтың мақсаты Шоттарға анықтама беру, шоттардың құрылымы мен мазмұнын ашу, шоттардың түрлерін жіктеу және үлгілік шоттар жоспарын талдау. Шаруашылық операцияларын өлшемдеу сұрақтары (бағасы, жіктелуі). Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтер есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы) Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шоттарына көшіру.

Дәріс жоспары

  1. Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік.

  2. Бухгалтерлік шоттардың құрылысы мен мазмұны.

  3. Активті және пассивті шоттар.

  4. Екі жақты жазу жүйесі.

  5. Шоттар корреспонденциясы.

  6. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

  7. Талдамалық ( аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп.

  8. Есептік цикл.

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік журнал, бухгалтерлік шоттар, екі жақты жазу, есептік цикл, Талдамалық, топтамалық (синтетикалық) есеп

Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.

Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот – бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы – бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т – шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

  • атауы;

  • сол жағы – дебет;

  • оң жағы – кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Шоттың атауы

Дебет Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.

Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет Кредит

Есептік кезең басындағы қалдық

(Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың өсуі әсерінен сомалардың кемуі

Дебет бойынша айналым жиыны Кредит бойынша айналым жиыны

Есептік кезең соңындағы қалдық

(Са)

Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.

Сс=Са+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.

Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.

Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет Кредит

Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың кемуі әсерінен сомалардың өсуі

Дебет бойынша айналым сомасы Кредит бойынша айналым сомасы

Есептік кезең соңындағы қалдық (Са)

Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:

Сс=Са+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.

Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:

  • активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;

  • активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;

  • пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет – қайнар көздердің азаюын көрсетеді;

- жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса – дебетке, кредит жағында болса – кредитке жазылады.

Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

- негізгі;

- реттеуші;

- операциялық;

- транзиттік;

- баланстан тыс.

Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:

Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.

Қаржылық салымдар шоттары – басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.

Ссудалық шоттар – еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Есептік шоттар – есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.

Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.

Есептік пассивтік шоттар: дивиденттер бойынша есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыз, алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер.

Капитал шоттары кәсіпорынның жеке меншік капиталының есебіне арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, алынған капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді.

Реттеуші шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

  2. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.

Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.

Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:

Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.

Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.

Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.

Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.

Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.

Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.

Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.

Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.

Бірэлементті транзиттік шоттарға өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне кеткен шығындарды экономикалық мазмұны бойынша топтағандағы шығындар шоттары келеді. Шығын элементтерінің шоттары ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясымен бекітілген бухгалтерлік есептің Стандарттарында көрсетілген. Ол бухгалтерлік есептің басқа да концептуальді негіздерінен жоғары тұратын нормативті-құқықтық құжат.

Негізгі өндіріс, көмекші өндіріс және үстеме шығындары элементтерінің шоттарына материалдық шығындар, еңбек ақы шығындар, еңбек ақыцдан аударымдар, негізгі құралдардың тозуы және басқа да шығындар шоттары енеді. Есептік кезең ағымында осы шоттарда жинақталған шығындар есептік кезең соңында негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, үстеме шығындар бойынша сәйкес шоттарға қажетсіздендіріледі.

Қаржылық және басқарушылық бухгалтерияларын байланыстыратын транзиттік шоттарға негізгі аяқталмаған өндіріс, өз өндірісінің жартылай фабрикаттары, көмекші аяқталмаған өндіріс шоттары келеді. Негізгі, көмекші өндіріс өз өгдірісінің жартылай фабрикаттары шоттарында анықталған аяқталмаған өндіріспен жартылай фабрикаттар сомаларын осы шоттардың кредитінен негізгі және көмекші аяқталмаған өндіріс , өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебетіне аяқталмаған өндірістің инвентарлық тізімдеріне, бухалтерия анықтамаларына сәйкес қажетсіздендіреді. Аяқталмаған өндіріс сомаларының шоттарда бір-екі күн ағымында ғана есептейді. Мысалы, 31 желтоқсанда аяқталмаған негізгі, көмекші өндіріс өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебеті, негізгі, көмекші өндіріс шоттарының кредитті деген жазба жазылса, келесі жаңа жылдық бір немесе екінші қаңтарында осыған кері жазба жазылады. Нәтижесінде алғашқы жазба кәсіпорын балансы мен бас кітабында аяқталмаған өндіріс қалдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді, ал жаңа есептік жылда, кері жазбаның нәтижесінде аяқталмаған, өндіріс қалдықтары өндірістік есеп шоттарына қайтадан қайтарылады.

Баланстан тыс шоттарда заңдылықтарға сәйкес заңдылықтарға сәйкес кәсіпорын балансында есептелмейтін объектілерді есепке алуға болады. Олар: осы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның иелігіндегі бағалықтар. («Жалға алынған негізгі құралдар», «Өндеуге жіберілген шикізаттар мен материалдар», «Жауапты сақтауға алынған тауарлы-материалдық бағалықтар» шоттары).

- баланстық шотты есептелгенімен, қосымша бақылауды қажет ететін есеп объектілері. Олар: «Қатаң есеп бланкілері», «Төлем қабілетсіз дебиторлар қарызы зиянға қажетсіздендірілген».

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар екі жақты жазу әдісімен көрініс табады.

Қосарлы жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін – екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.

Синтетикалық және талдамалық шоттардың арасында өзара байланыс бар. Талдамалық шоттардың біртекті тобы белгілі синтетикалық шотқа бірігеді, және керісінше, талдамалық шоттар синтетикалық шоттың дамуына әкеледі. Тәжірибеде, синтетикалық және талдамалық шоттармен қатар субсчеттар қолданылады. Оларды синтетикалық шоттың ішіндегі біртекті талдамалық шоттардың көрсеткіштерін қосымша топтау үшін енгізеді.

1. Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс. Бұның негізгі себебі бухгалтерлік баланс есепті кезеңнің басына жасалып, оның баптарына сол кездегі, яғни есепті кезеңнің басы мен соңындағы мүліктер мен қорлану көздерінің ақшалай өлшемдегі нәтижелері жазылса, бухгалтерлік шотқа осы есепті кезеңнің басынан соңына дейінгі мүліктер мен қорлану көздерінде болған өзгерістер түгел жазылып отырылады. Бұдан шығатын қорытынды — бухгалтерлік шотты бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің ба­сындагы сомасы деп аталатын бағанынан алынады да, керісінше шоттың соңғы қаддығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Осыдан бухгалтерлік баланс пен бухгалтерлік шот арасыдағы тікелей байланысты көруге болады. Бухгалтерлік баланстың актив баптарына сөйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны тағы басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есеп­теуге арналған шотты пассивті шот деп атайды. Активті шоттың бастапқы және соңғы қаддығы шоттың дебет жағына жазылады, яғни дебеттік болып табылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебет жағына, ал азаюы (кемуі) кредит жағына жазылады.

Ал пассивті шоттың бастапқы және соңғы қаддығы шоттың кредит жағына жазылады, яғни кредиттік болып табылады. Соған сөйкес бұндай шоттардың көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттың дебет жағына жазылады.

2. Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық (топта-малық, синтетикалық) жоне талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот (субшот) деп аталатын түрі де жиі қолданылады. Бүл шот өзінің ата-луына сай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа қарағаңца жіктелінген түрде, ал талдамалық (ана литикалық) деп аталатын шотқа қарағанда топтастырылған түрде қодданылады. Сондықтан да бүны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот - деп атайды. Бүл шотта объектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі.

Мысалы, кәсіпорынның қолда бар отыны 100000 (жүз мың) теңгені қүрайды делік. Бүл жағдайда жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) отын шотының бастапқы қадцығы 100000 (жүз мың) теңге түрінде жазылады. Ал осы отын шоты ішінен аралық шот ашатын болсақ олардың бастапқы қалдығы мына түрде болады:

отын (комір) деп аталатын аралық шотының қалдығы

30000 (отыз мың) теңге;

отын (газ) деп аталатын аралық шотының қалдығы

20000 (жиырма мың) теңге;

отын (мазут) деп аталатын аралық шотының қалдығы

50000 (елу мың) теңге.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қодданылып жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтсрлік есеп стандартына сойкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттың ішінен аралық шот-тарды оз қалауы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды.

Жақын жылдарда біздің еліміз бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына кошуге тиіс, Осыған байла-нысты шоттар жоспарының келешекте керектігі туралы да мамандар арасында түрлі пікірлер қалыптасып, айтылып жүр.

Мысалы, Америка Қүрама Штаттарында шоттар кес-тесі жоқ, яғни ол қодданылмайды деген сөздерді де жиі естиміз. Ал шындығында ол елде жалпы мемлекет тара-пынан барлық кәсіпорындар үшін біртекті бухгалтерлік есепшоттарының жоспары жасалып бекітілмеген. Бірақ әрбір кәсіпорын оз қызметіне ыңғайлы шоттар жоспарын жасап бекітеді.

Бір түрғыдан қарағанда бүндай шешім кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының әдістемелік шешім таңдауында біршама тәуелсіздігін көрсетсе, екінші жағынан еддегі кә-сіпорындар мөліметтерін сәйкестендіруде немесе маман-дардың бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуы кезінде қиын-дық туғызады. Дегенмен бүл елдегі әрбір көсіпорындарда жасапынып бекітілетін шоттар жоспарына халықаралық бухгалтерлік есеп ставдарттары мен үлттық кәсіби бір-лестіктерде қалыптасқан белгілі бір бухгалтерлік стан-дарттарының ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Бүдан шығатын қорытынды — әрбір көсіпорын өз бетінше бухгалтерлік есеп шоттарын жасағанымен, олардың өзара үқсас бола-тындығы. Сондықтанда біздің елімізде қабылданған бух-галтерлік есептің типтік шоттар жоспарының кәсіп-орывдағы қаржы мамандары үшін қажетті екендігі сөзсіз.

Алдыңғы тарауларда бухгалтерлік есептің екі жақты жазу әдісіне анықтама берілген болатын. Жалпы екі жақты жазуды кей кездері шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу, ал кей ксздері проводка деп те атайды. Жалпы алғанда кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде кун-дел^! болып отыратын операцияларға сәйкес объектінің сомасын бір шотгың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазу - екі жақты жазу болып табылады.

3. Бухгалтерлік есептің басты мақсаты қүжаттарда бей-неленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық опера-цияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерек-ше төсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі (doubleentry system) деп аталады. Екі жақты жазудың қа-жеттілігі экономикалық қүбылыстардың өзара байланыс-тылығынан туывдайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бүған дәлел ретівде үйымның шаруашылық қүралдары мен оның

қүрылу көздершщ және шаруашылық процестершщ осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық опера-циясын екі жақты экономикалық қүбылысқа алып келе-тіндігін және олардың озгерістерінің міндетті түрде балан-стың екі бабында да бірдей сомада корсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын озара өзгерістерді корсетеді.

Осы айтқандарымыз түсініктірек болу үшін опера-циялардың шотта екі жақты жазылуының тәртібін нақты мысалда қүрастырайық. Ол үшін шартгы баланс негізінде бухгалтерлік есепшотын ашамыз.

"ККК" фирмасыныц 1 кантар 2007 жылгы БАЛАНСЫ

АКТИВ

ПАССИВ

Баптардың аталуы

Сомасы

Баптардың аталуы

Сомасы

Материалдық емес активтер

15000

Жарғылық қор

80000

Негізгі құралдары

30000

Бөлінбеген пайда

20000

Аяқталмаған өңдірісі

90000

Банк несиесі

60000

Дайын бұйымдары

70000

Бюджетпен есеп айырысу

40000

Материалдары

20000

Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу

50000

Ақша

110000

Еңбекақы бойын-ша есеп айырысу

85000

БАЛАНС

335000

БАЛАНС

335000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]