Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 БУ в туризме Лекция кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.14 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.

  2. Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.

  3. Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.

  4. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.

  5. Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.

4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.

5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.

14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.

Сабақтың мақсаты туристік өнімнің өтімділігін қалыптастыратын бірден бір құралы жарнаманың маңызы мен оның түсінігі, түрлері. Және оларды есепке алу жолдарын қарастыру.

Дәрістің жоспары

  1. Туристік саланың жарнамасының ерекшеліктері

  2. Жарнама түрлері

Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Туристік қызмет көрсетудің деңгейінің жоғары болуы тұтынушыларға насихаттау жұмысының сапалы жүргізілуімен байланысты. Насихаттау қызмет саласын жарнамалау арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарлар-ға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналасты-рылатын ақпарат. Осы ақпараттың 3 жақтың әрекет етуімен орындалатынына тоқталамыз, яғни – жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушы.

Жарнама беруші – жарнама негізін тудырушы заңды немесе жеке тұлға.

Жарнама өндіруші – жарнама берушінің негізгі туындысын өңдеп жасап шығарушы.

Жарнама таратушы – дайын жарнама өнімін әртүрлі құрал-дар және әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізуші.

Осы қызмет түрін көрсету №508-ші 2003 жылы 19 желтоқ-санда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 3-бабымен реттеліп, жүзеге асырылады.

Жарнаманың түрлері төмендегідей қарастырылады:

1) сыртқы (көрнекi) жарнама – жылжымалы және жылжы-майтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiн-дегi және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама;

2) жөнсiз жарнама – мазмұнына, уақытына, таратылу, орна-ластырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;

3) жарнама тұтынушылар – жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;

4) жүгiртпе жол – жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда, тұрақты орна-ластыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;

4) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ақпарат – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетiлетiн қызметтермен), оның айырым белгiлерiмен, оны пайдалану ерекшелiктерiмен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткiзушi туралы мәлiметтер.

Жарнамалау кезінде төмендегі шығындар түрі кетеді:

- жарнама құралдарын таратуға кеткен шығындар (кітапша-лар, плакаттар, каталогтар, жарнама хаттар);

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамаларға кет-кен шығындар;

- сыртқы жарнамаға кеткен шығын;

- жарнамалық бейнефильмдерді сатып алуға және көшіріп алуға кеткен шығындар;

- жарнамалық щиттерді жасауға кеткен шығындар;

- жарнамалық материалды жасауға кеткен шығындар;

- көрмелер мен жәрмеңкеге қатысуға байланысты шығын-дар;

- жарнамалық тауарлардың бағаларын төмендетуге кеткен шығын үлесі;

Туристік ұйымдар қызметін жарнамалауды жарнама жасау-шының жобалауда бірегей тәртіппен істелетіні анық. Жарнамалау:

- Қазақстан аумағында өз күштерімен жарнамалау қызметі;

- Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама өнімдерін дайындап орналастыруы;

- Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама өнімдерін өз күштерімен таратуы.

Жарнама өнімдерін дайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 683-687-баптарына сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орындалады. Жарнама өндіруші тапсырысты келісімді баға бойынша ҚҚС-сыз құны жарнама берушінің табысы болып табылып, Салық Кодексінің 81 және 217-баптарына сәйкес салық салу айналымы болып есептеледі.

Ал, өндірілген жарнамалық өнімдерді тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 846-854-баптарына сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орындалып, жарнама өнімінің экономикалық мазмұнының дәйектілігі және туралығына көз жеткізу болып табылады.

2. Туроператор және турагенттегі жарнамалық қызметтің есебі  

Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын мойындап анықтау ХҚЕС №18 бойынша танылады, яғни:

- меншікті шоттың қортындысы бойынша түсім экономи-калық тиімділігі жоғары болып өсім байқалғанда;

 - үшінші жақтың пайдасына шешілген түсім капитал өсіміне әсер етпеуіне байланысты есептемеген жағдайда;

- агенттік қызмет көрсеткені үшін төленетін сыйақының түсімі болып есептелгенде.       

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туристік қызметті жарнамалау  арнайы жарнама агентстваларымен келісім шарт жасау арқылы жарияланады. Келісім шарт бойынша жарнамалаушының талап тілектері толығымен орындалған жағдайда туристік ұйымда шығын есептеліп құнын анықтайды. Кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында төмендегідей көрсетіледі:

Дт 1610 Кт 1040 – жарнама агентствасымен келісім шартқа отырып, алдын ала төлем жасалғанда;

Дт 7110 Кт 3310 – ҚҚС сомасына;

Дт 1420 Кт 3310 – ҚҚС сомасына төленгенде;

Дт 3130 Кт 3310 – алдын-ала төленген қаржы есебінен жар-нама қызмет ҚҚС төленгенде;

Дт 3310 Кт1610 – көрсетілген қызмет түріне төленгенде.

Егер жарнамалық қалқандарды туристік ұйым пайдалану мерзіміне қарай 12 айдан аса пайдаланса, онда негізгі қор есебіне алуы тиіс. 

Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны

Туристік ұйымдардағы корпоративтік табыс салығын салу мақсатында өндірістік шығындар құрамына жарнамалау шығындары да кіреді. Осы жағдайға байланысты жарнама шығындары төмендегідей бөлінеді:

- бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникациялық желілер бойынша шығындар;

- жарнамалық қалқандарды жарықтандыруға кеткен шығын-дар;

- жәрмеңкелер мен көрмелерде жариялауға кеткен шығын-дар;

Жарнамалаудан түскен түсім барлық айналым бойынша алынған (ҚҚС-сыз) салық салуға негізделген кассалық әдіспен есептеледі.

Жарнамалық шығындар мөлшері салықтық есепті жыл кезеңіне есептеледі.

Мысалы, 1 тоқсан, жартыжылдық, 9 айлық болып есепте-леді. Кейбір шығындар мөлшері шамадан тыс артып кетуі мүмкін. Ал жыл көлемінде шығындар мөлшері реттеліп, әрбір тоқсанға біркелкі бөлінуі мүмкін, немесе керісінше қызмет қортындысы бойынша реттелгенімен жыл көлемінде түсімнің деңгейінің төмендеуіне байланысты салық салу базасын азайтуға болмайды.

Мысалы, есепті кезеңнің 9 айының көлемінде туристік ұйым турөнімді сатудан 12000000 теңге түсім алды оның ішінде ҚҚС-1400000 теңге.

Осы уақыт ішінде туристік ұйым салық салу мақсатына өндірістік шығын құрамына кіретін мөлшерленген 140000 теңгенің орнына 160000 теңгеге жарнамалық шығындар жұмсады. Ал, корпоративтік табыс салығын салу базасының бір бөлігін азайту арқылы ауқымын есептеуге болады, яғни ол есепті 9 ай ішінде 106000 теңге ((12000000-1400000)х1%). Мөлшерден тыс шығындар көлемі - 34 000 теңге (140 000 - 106 000 ). Бұл салық салу базасына жатқызылмайды.

Мысалы, есепті жылдың қорытындысы бойынша айналымнан түскен табыс 18400000 теңге, оның ішінде ҚҚС- 2900000 теңге. Бекітілген 155000 теңге шығындар көлеміне қатысты жарнамалық шығындар көлемі 154000 теңгені құрады, яғни бұл жағдайда жарнамалық шығындар салық салу мақсатында мөлшерленген шығын шамасы артып кетпегендіктен толық есептеледі.

Өз бетінше дайындалу сұрақтары

1. Жарнама дегеніміз не және оны қалай түсінеміз?

2. Жарнама қанша тұлғаның әрекет етуімен орындалады?

3. Жарнама негізін тудырушы қалай аталады?

4. Жарнама берушінің негізгі туындысын өңдеп жасап шыға-рушы кім?

5. Дайын жарнама өнімін әртүрлі құралдар және әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізу қандай тұлғаның мақсаты?

6. Жарнаманың түрлерін қалай бөлеміз?

7. Жарнамалау кезінде қандай шығындар түрі кетеді?

8. Жарнама өнімдерін дайындау қандай нормативті акті бойынша орындалады?

9. Жарнама өндірушінің қызметіне салық салынады ма?      

10. Өндірілген жарнамалық өнімдерді тарату қандай норма-тивті акті бойынша орындалады?

11. Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын анықтау нешінші ХҚЕС бойынша танылады?

12. Жарнамалауға кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында қалай көрсетіледі?

13. Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны қан-дай?

14. Жарнамалаудан түскен түсім салық салуға негізделген қандай әдіспен есептеледі?

15. Салынатын салыққа шығындар мөлшері қалай әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі