
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.
Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру Бухгалтерлік есептің заңдық және нормативтік реттелуін қарасытру Еаеп саясатың маңыздылығын түсіндіру
Дәрістің жоспары
Туристік ұйымның анықтамасы мен қатысушылары
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны
«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңы бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 «Туристік қыз-метті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2 - 2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттары заң формалары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашы-лық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен- жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және т.б. сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13 маусымындағы №211 - II (22.02.02 ж. № 296 - II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралык стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).
Бұған қоса олар БЭС 30 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттелініп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорындар әзірленіп, пайдаланатын кәсіпорындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпаттартарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Қазакстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес кәсіпорын басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын кұрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім-шартпен мамандандырылған бухгалтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығының негізінде Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрілігі жүзеге асырылады.
Қаржы есептілігінің есеп саясаты бөлімі мыналарды:
- қаржы есептілігін әзірлеуге пайдаланылған өлшем базасын (немесе базаларын);
- қаржы есептілігін дұрыс түсінуге қажетті есеп саясатының әрбір нақты аспектісін сипаттауға тиіс.
Қаржы есептілігінде пайдаланылатын нақты есеп саясатына қосымша пайдаланушылар өлшем базасын немесе базаларын (тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын құны, әділ құн немесе келтірілген құн) білу маңызды, өйткені тұтастай алғанда қаржы есептілігін жасаудың негізін қалыптастырады. Егер қаржы есептілігінде бірден артық өлшем базасы қолданылатын болса, мысалы, белгілі бір ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезінде, онда әрбір тиісті өлшем базасы қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.
Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабылдаған кезде басшылық ашып көрсету кәсiпорынның қызмет нәтижелерiнде және қаржы жағдайында операциялар мен оқиғаларды көрсету тәсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме деген мәселенi қарастырады. Ұсынылуын кәсiпорын қарауы мүмкiн есеп саясатының аспектiлерi мыналарды қамтиды (бiрақ онымен шектелiп қоймайды):
- кiрiстi тану;
- еншiлес және қауымдас кәсiпорындарды қоса, шоғырлану принциптерi;
- бизнестi бiрiктiру;
- бiрлескен қызмет;
- материалдық және материалдық емес активтердi тану және амортизациялау;
- қарыздар бойынша шығындарды және басқа да шығыс-тарды капиталдандыру;
- құрылыс салуға шарттар;
- инвестициялық жылжымайтын мүлiк;
- қаржы құралдары мен инвестициялар;
- жалгерлiк;
- зерттеулер мен әзiрлеулерге шыққан шығындар;
- босалқылар;
- салықтар, оның iшiнде кейiнге қалдырылған салықтар;
- бағалау мiндеттемелерi;
- қызметкерлерге сыйақы беруге арналған шығындар;
- бiр валютадан екiншiсiне ауыстыру және хеджирлеу;
- шаруашылық және географиялық сараланымдарды анық-тауды және сараланымдардың арасындағы шығындарды бөлу үшiн негiздi;
- ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын анықтау;
- инфляцияны есепке алу;
- мемлекеттiк субсидиялар.
Басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары осы салалардың көпшiлiгiнде есеп саясатын ашып көрсетудi нақты талап етедi.
Әрбiр кәсiпорын пайдаланушы осындай түрдегі кәсiпорын үшiн ашып көрсетiлуiн күтетiн өз операциялары мен саясатының сипатын қарастырады. Мысалы, жеке сектордағы барлық кәсiпорындар, кейiнге қалдырылған салықтар мен салықтық активтердi қоса, пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады. Кәсiпорында шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың едәуiр көлемi болған кезде, оң және терiс бағамдық айырманы тануға және осындай айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделедi. Шоғырланған қаржы есептiлiгiнде гудвиллды және азшылық үлесiн анықтау кезiнде қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.
2. Туризмдегі бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, туристік қызметтер құрылымында негізгілер мен қосымша қызметтерге бөлінеді. Негізгілерге жататындар: тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер; орналастыру; туристерді тамақтандыру, ал қосымшаларға жататындар: экскурсияларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, гидтердің, гид аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырылған тасымалдаулар және т.б.
Бухгалтерлік есептің маңызды элементі туристік фирмалардың қызеттерді жеткізушілер мен қлиенттермен өзара қарым-қатынастарды құжаттық рәсімдеу болып табылады. Тұтынушытермен өзара қарым-қатынастар кезінде осындай құжаттар болып табылатындар:
1.Тапсырыс үшін құжаттар (тапсырыс, сақтап қою парағы, сақтап қоюды растау).
2.Тұтынушытердің құжаттары (келісім шарт, жолдама, ваучер, сақтандыру полисі, көлікке билет).
3.Турист тұлғасын куәландыратын құжаттар (төлқұжат, балаларға сенімхат және т.б.)
Сақтап қою парағын немесе турға тапсырысты толтырған кезде, тұтынушы өзінің қимылдарын растау ретінде тур құнының бір бөлігін төлейді. Құжатта бұл сома аванс не кепілақы ретінде аталуына байланысты тапсырыс әр түрлі құқықтық мәртебеге ие болады.
Егер алдын ала төлем аванс деп танылса, онда рәсімделген тапсырыс алдын ала келісім шарт ретінде танылады және тараптар кейіннен негізгі келісім шартқа отыруы көзделеді.
Тапсырысты - сақтап қою парақты рәсімдеу ңұсқаулары мақсаты жағынан турагенттер үшін орынды.
Туристік қызмет көрсетуге келісім шарт жазбаша түрде жасалады және ҚР заңдарына сәйес болауы тиіс.
Келісім шарттың маңызды шарттарына жататындар:
- туристік қызметгі жүзеге асыруға лицензия туралы, мекен жайы мен банктік реквизиттері жайлы мәліметтерін қоса туроператор немесе турагент жайлы ақпарат.
- туристік өнімді сату үшін қажетті көлемде турист жайлы мағлүматтар.
- туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері, туристік қызметті көрсетуге сертификаттың болуы жайлы нақты ақапарат.
- саяхаттың басталу және аяқаталу күні мен уақыты.
- туристерді қарсы алу, шығарып салу және жөнелтудің тәртібі.
- туристік өнімнің бағасы және оны төлеу тәртібі.
- тараптардык құқықтары мен міндеттері.
- келісім шартқа өзгертулерді енгізу мен бұзу шарттары.
- туристің жүгін жеткізу шартары және келісім шарттың осы тармағын орындамаудағы құқықтық салдары.
Тараптардың келісімі бойынша анықталатын басқа да шарттар.
Турды сатқанда фирма мен қлиент арасындағы келісім шарттың ажырамас қосымшасы туристік жолдама болып табылады, ол турөнімнің сатылғандығын растайтын құжат болып табылады.
Туристік фирма үшін туристік саяхат дайын өнім болып табылады, оның өзіндік құны туристік жолдамаға кіретін қызметтерді төлеуге шекен шығындардан тұрады.
Бұған қоса олар БЭС 30 «Қаржылык есеп берулерді табыс ету» реттелініп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынілер әзірленіп, пайдаланатын кәсіпорындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операциялырын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы - материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпаттартарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Қазакстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7 - бабына сәйкес кәсіпорын басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын кұрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім-шартпен мамандандырылған бухгалтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы - шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі қандай заңдармен реттеледі?
2. Туристік ұйымдарда есеп саясаты қалай ұйымдастыры-лады?
3. Есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды кімдер қамтамасыз етеді?
4. Қаржы есептілігіндегі есеп саясаты бөлімдерін ата.
5. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік нұсқауымен қандай шаралар жүргізіледі?
6. Туристік ұйымның есеп саясатының аспектiлерi нені қамтиды?
7. Кәсiпорында шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валюта-мен жасалатын операциялардың көлемiн қалай анықтайды?
8. Оң және терiс бағамдық айырманы тануға және осындай айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделген бе?
9. Пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады ма?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі