
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.
Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
Сабақтың мақсаты Кәсіпорынның табастары мен шығыстарының анықтамасы және оларды есепке алу. Пайда мен зиян есебінің құрылу заңдылықтарын қарастыру.
Дәрістің жоспары
Табыстар түсінігі. Табыстарды тану әдістері.
Негізгі және негізгі емес қызметтен табыстар есебі.
Шығындар түсінігі. Шығыстарды жіктеу.
Негізгі және негізгі емес қызметтен шығындар есебі.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандартынасәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:
Тауарды сатқан кезде;
Қызмет көрсеткен сәтте;
Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.
Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.
Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:
Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.
Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.
Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.
Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.
ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.
Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.
Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:
активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
активті бергенге дейінгі танылған табыс;
активті беру сәтінде танылған табыс.
Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:
Келісім-шартқа толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.
№11стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар : жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісіммнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)
Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сйкес келу қағидасы қолданылады.
Өз бетінше дайындалу сұрақтары
1. Табыстар мен шығындардың анықтамасы.
2. Алдағы кезең табыстар мен шығындар есебі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі