Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 БУ в туризме Лекция кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.14 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.

  2. Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.

  3. Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.

  4. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.

  5. Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.

4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.

5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.

  1. тақырып Міндеттемелер мен басқа кредиторлық қарыздарды есепке алу.

Сабақтың мақсаты міндеттемелерге анықтама беру, оларды жіктеу, Міндеттемелерді есепке алу. Еңбек ақының түрлерін қарастыру оған анықтама беру және есептелу жолдары мен шоттарда жазылуын қарастыру.

Дәрістің жоспары

  1. Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі.

  2. Субектінің өзінің міндеттемелері бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалар мен есеп айырысудың түрлері. Міндеттемелерді есептеу.

  3. Еңбек ақы төлеу бойынша жұмысшы қызметкерлермен есеп айырысу есебі. Еңбек ақының түрлері.

  4. Еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйелері. Еңбек ақыдан ұсталымдар: салықтар, атқарушы қағаздар бойынша ұсталымдар, несиеге берілген тауарлар үшін шегерімдер және т.б.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушылардың алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған капиталды да қолданады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында борышты болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушідігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып, оны қайтаруға мүммкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған кредиторлық борыш есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындағы міндеттемелердің есебі,яғни кредиторлық борыш есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

Кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ түрлі себептермен оның айналымындағы қаражаттарды қаржы-шаруашылық қызметінде пайдалануды білдіреді.Кредиторлық борыш – сол ұйымның кредитор болып табылатын басқа ұйымдарға, жұмысшылар мен тұлғаларға қарызы.

Қарызы олардан материалдық құндылықтарды сатып алу кезінде пайда болған кредиторларды жабдықтаушылар деп атайды. Қарыздары немесе борыштары басқа да операциялармен байланысты туындаған кредиторларды басқа да кредиторлар деп атайды. Фирмалардың есептерінде кредиторлық борыш ағымдық борыштар бөлімінде кездеседі.

Кредиторлық борышқа есептелген төлемдер, жинақталған шығындар, банктік овердрафтар жатады. Жинақталған шығындар – бұл еңбекақы, займ пайыздары, коммисиондық, сақтандыру сыйақылары, зейнетақы тағы басқа бойынша компанияның жыл соңында төлеген сомасы.

Кредиторлық борыш кәсіпорынның басқа кәсіпорынға, ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қарыздарынан қалыптасады. Мысалға,жабдықтаушыларға, бірақшикізат пен материалға төленбеген, мердігерлерге орындалған және көрсетілген қызметтерріне төленбеген қарызы. Кредитор ретінде жеке тұлға да бола алады, яғни кәсіпорын әлде бір нәрсеге, мысалы, алиметке ақша ұсталып, бірақ оны әлі алушыға аудармауы.Сондай – ақ салық бойынша да ұсталынып, бірақ әлі аударылмаған сомалар да кредиторлық борыш болып саналады. Кәсіпорынның банк несиелеріне уақытша жаба алмауынан да кәсіпорынның кредиторлық борыштарының бір түрі пайда болады. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз.

Қазіргі кезде қаржылық есеп беруде кредиторлық борыш мерзімі үш жылға дейін деп көрсетіледі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей бір жылдан көп мерзімнің кредиторлық борышын жабу күмән туғызады. Сондықтан бухгалтерлік баланста кредиторлық борышты оның өтелу мерзіміне қарай бөлу қарастырылған.

Кредиторлық борыш барлығы:

1 жылға дейінгі кредиторлық борыш;

1 жылдан 2жылға дейінгі кредиторлық борыштар;

2 жылдан 3 жылға дейінгі кредиторлық борыш болады.

Бұл ақпарат баланстың өзінде көрініс табуы керек. Кредиторлық борыш келесідей бөлімдерден тұрады:

1. несиелер;

2. алдағы кезеңнің кірістері;

3. дивиденттер бойынша есеп айырысу;

4. бюджетпен есеп айырысу;

5. еншілес (тәуелді) серіктестерге несиелік борыш;

6. бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу;

7. алынған аванстар;

8. жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу;

9. басқа да несиелік борыш және аударымдар.

Несие – бір заңды тұлғаның екінші заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім алу үшін белгілі уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық несие-бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банктік несие- ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі.

Алдағы кезең кірістері. Кәсіпорынның ағымдағы (есепті) кезеңде алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары (болашақ) кезеңдерінің табыстары болып есептеледі. «Алдағы кезең табыстарының есебі» деп аталатын шотта жүргізіледі.

«Алдағы кезең кірістері деп аталатын шотта алдын ала сатылған айлық және тоқсандық жол жүру билеттері бойынша кәсіпорынға келіп түскен ақшалар және жүк немесе жолаушылар таситын көлік құралдары үшін күні бұрын төленген ақы есептеледі.

«Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шот бойынша операциялардың есебі алдағы кезеңдегі табыстардың түрлері бойынша арнайы бағаланған тізімдемеде жүргізіледі. Оған ағымдағы кезеңде алынған, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын (жалгерлік, жүк тасымалдау үшін, айлық және тоқсандық жүк немесе жолаушыларды тасымалдау билеттерін сатудан алынған төлем, байланыс құралдарын пайдаланғаны үшін абоненттік төлем және басқа да) төлемдер, алдағы кезең кірісіне жататын жауапты адамдардың қарызын өтеген сомасы, есепті кезеңде келіп түскен, алдағы кезеңдерге есептелген жалгерлік төлем, есептік кезеңге жататын пәтерақы төлемі, тұрмыстық және басқа да қызметтерге авансталып төленетін төлемдер, байланыс құралдары үшін есепті кезеңге жататын авансталған төлемдер жатады.

Дивиденттер бойынша есеп айырысу. Дивидент дегеніміз – акционерлерге оардың акцияларының саны мен түрлеріне қарай тиесілі акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады.

Ал оның мөлшері осы қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Артықшылығы бар акциялар бойынша есептелетін дивидент сомасының мөлшері ол акцияны шығарған кезде белгіленген мөлшерден және жай акцияларға есептелетін дивидент сомасы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Сондай-ақ акцияның артықшылығы бар деп аталатын түрі үшін кәсіпорын дивиденд сомасын есепті жылы табыс алғаны немесе алмағанына қарамастан есептеп төлеуі тиіс. Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі «Дивидендтер бойынша есеп айырысу» деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

Бюджетпен есеп айырысу. Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Қазақстан Ресбупликасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттің бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарының түрлеріне әлеуметтік салық, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, жеке тұлғалардан ұсталынатын табыс салығы, акциздік салық жатады. Мұнымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдар жоғарыда аталған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс.

Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу. Ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысулардың есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталынатын шотта жүргізіледі.

Басқа да кредиторлық борыштармен есептелген төлемдер. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал жабдықтары ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға борышы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі.

Кәсіпорынның «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақытылы төлегені үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталынады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш қалмауы керек.

Басқадай есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі.бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналғанжәне тағы да басқа жасалған ррезервтер сомаларының есебі жүргізіледі. Жылдың соңында пайдаланған резервтер сомасы сторно етіледі.

Өз бетінше дайындалу сұрақтары

1. Міндеттемелердің пайда болуына байланысты құжаттарға енгізу тәртібі

2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі.

3. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]