Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 БУ в туризме Лекция кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.14 Кб
Скачать

Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:

А) қысқа мерзімді қаржы салымдардың (инвестиция) есебі;

- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілес және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі;

  • Қаржылық инвестициялардың есебі.

  • Ә) тауарлық-материалдық қорлар есебі

Б) ақша қаражаттарының есебі, оның ішінде:

  • Аударылған жолдағы ақшалай қаржылар есебі;

  • Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаражаттардың есебі;

  • Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі;

  • Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі;

  • Касса операцияларының есебі;

Г) қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың есебі, оның ішінде:

  • “Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы”;

  • “Күдікті қарыздар бойынша резервтер”;

  • “Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы”;

  • “Басқадай дебиторлық борыш”;

  • “Алдағы кезең шығындары”;

  • “Берілген аванстар”.

Ағымдағы активтердің өзін өтімділігіне қарай жоғары өтімділікті және баяу өтімділікті активтер деп екі топқа бөледі. өтімділігі жоғары активтер өздерінің тез арада қысқа мерзімді міндеттемелерді өтей алатындығымен ерекшеленеді. Бұлардыңқатарына ақшаларды, қысқа мерзімді қаржы салымын, түсуге тиісті қаражаттар мен алынған векселбдер жатқызуға болады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісіне, яғни шаруашылық қызметіне пайдаланылатын активтері баяу өтімділікті активтер қатарына жатқызады.

Мысалы: баяу өтімділікті активтердің қатарына кәсіпорындар мен ұйымдардың материалдық қорларын жатқызуға болады.

2. Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі –беретін қондырғылар ронатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленегн ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күннің соңында кассаның тиісті жерлеріне мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділіне жұмысқа деген не құрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықтан немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметтердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін кызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасындағы жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.

Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша ақша қаражаттарының есебінен ұқсас жүргізіледі.

1010-“Кассадағы нақты ақша қаражаттары ” – деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша осы журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.

3. Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.

  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

  3. Есеп айырысу,төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Аударылған жолдағы ақщалай қаржылар есебі

Аударылған, бірақ әлі кәсіпорының шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1020-“Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар”- деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақщалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. 1020-“Жолдағы ақшалай қаражаттар” шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс:

  1. Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылданғанын дәлелдейтін құжат.

  2. Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

  3. Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы.

Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылары, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.

Шаруашылық субъектілері 1060-“Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді.негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.

Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.

  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі.

  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.

  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

  5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің “өтелінген” және “өтелінбеген” – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар “кері шақырылатын” және “кері шақырылмайтын” болып екі түрге бөлінеді.

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін банк мекесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

  1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.

  2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

  3. Аккредитив ашылатын банктің аты.

  4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.

  5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

  6. Аккредитивтің түрі.

  7. Аккредитивтің сомасы.

Егер аккредитивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі қажет:

  1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

  2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

  3. Өзінің қолтаңбасының қолы.

Жабдықтаушының банкісіндегі аккредитив мынадай жағжайларда жабылады:

  1. Аккредитивтің мерзімі біткенде.

  2. Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.

Аккредитив жабылған уақытта пайданылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1060-“Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар” шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1030-шотының, банктерден алынған несиелердің есебіне аударылса: 12100-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердіңнесиелері есебінен аударылған болса: 3020 кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 2410-“Мердігерлер және жабдықтаушылармен есеп айырысу” шотының дебетіне 1060-“Аккредитивтегі ақшалай қаржы” – деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.

1060-“Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек тасымалдаушы кәсіпорындардан әне байланыс ұйымдары мен басқа да субъектілерден алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.кәсіпорын, ұйым немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:

Дебет 1060-“Чек кітапшаларындағыақшалай қаржылар” шоты, Кредит тиістілеріне қарай 1030, 12100,3020-шоттар.

1030-“Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар” – деп аталынатын шот дебеттелініп, 1030,6230,6280 және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

Бұл шоттан төленген сомаға 1010, 1030, 1040, және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1060-шот кредиттелінеді.

Валюталық шоттардағы ақша қаражатары қозғалысының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың №4 “Ақша қаржаттарының қозғалысы туралы есеп” және №9 “Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу” – деп аталатын стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Орындалған жұмыстар мен көрсетілгенқызметтерге шетелдік валюта, яғни шетелдің ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау курсы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен көрсетілуі тиіс.

Шетелдік валюта – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің ақшалай қаражаттары мен есеп айырысу уақытында пайдалатын және қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері.

Курс (бағам) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің өзара қатынасы.

Курстық (бағамдық) айырма – бұл екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы курстың өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы.

Валюталық шоттар бойынша операциялар 1070-“Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақша қаражатары” және 1070-“Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары” шоттарындамжүргізіледі. Қазақстан Республикасының шетел валютасын реттеу туралы туралы заңвна сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар өкілетті банктер мен ақша айырбастау пунктері арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгіленген тәртіп бойынша шетел валютасын сатуға және сатып алуға құқысы бар. Шетел валютасын сату және сатып алу валюталық биржада қалыптасқан курс бойынша есептеледі. Нәтижесінде бір күн ішінде кәсіпорын мен ұйымның сатып алған немесе сатқан шетел валютаснының Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгіленген сол күнгі курсы мен сатылған немесе сатылып алынған шетел валютасының бағасы арасындағы айырмашылық пайда болады. Кәсіпорындар мен ұйымдар осы шетел валютасын сату немесе сатып алуда курстың өзгеруінен болған табысты 6250-“Бағамдық айырмашылығынан алынатын табыстар” – деп аталатын шотқа, ал шығынды 7430-“Бағамдар айырмашылығы бойынша шығындар” шотына апарып жазады. 1070-“Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалай қаражаттар” және 1070-“Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалай қаражатар” шоттары дебеті бойынша мына шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

1010-“Кассадағы ақша”;

1210-“Алынуға тиісті борыштар”;

6250-“Бағамдық айырмашылығынан алынатын табыстар”.

Ал бұл 1070-шоттар кредиті бойынша мына шоттардың дебетімен корреспонденцияланады:

1010-“Кассадағы ақша”;

24100-“Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу”;

7430-“Бағамдар айырмашылығы бойынша шығындар”.

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін кәсіпорындар мен ұйымдар өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын немесе субъекті банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

  • банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

  • кәсіпорынның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғарғы органдардың кәсіпорынды, ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;

  • кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасары қол таңбасн қойған, кәсіпоры мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар.

Кәсіпорынның, ұйымның басқа шаруашылық субъектісіне төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.

Есеп айырысу шоттарындағы заңда көрсетілген белгілі тәртіп бойынша шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде ғана пайдаланылады. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз де арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық инспекциясы немесе полициясының бұйрығы, тағы да басқа заңды қаралған жағдайлар негізінде аударылады. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарынан, нақты ақшамен қаржы алып, пайдалану үшін шот иесіне қызмет көрсететін бенк мекемесі чек кітапшасын береді. Кәсіпорынның, яғни субъектінің өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасынан нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030-“Есеп айырысу шотындағы ақшалар” – деп аталатын шотта жүргізіледі.

1030-“Есеп айырысу шотындағы ақшалар” – деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2-журнал-ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

Өз бетінше дайындалу сұрақтары

1. Ағымдағы активтерді жіктеу

2. Ақша қаражаттарының есебін есептеу

3. ТМҚ – ны қарастыру

4. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін құжаттарға жіктеу

5. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі бойынша есеп шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі