
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Әбдіманапов Ә.Ә .Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: Айан, 2001ж.
Рахымбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы : Экономика ,2003ж.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Кеулімжаев К.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы : ЭкономикС,2003ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Президенті «Акцонрлік қоғамдар туралы» 1998ж 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
тақырып Ақша қаражаттарын есепке алу.
Сабақтың мақсаты Ақша қаражаттарының есепке алынуы, ақша баламаларының түрлері Кассадағы қолма- қол ақшаның есебі. Банктегі есеп айырысу шоты мен аранйы шоттардағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу тәртібін қарастыру.
Дәрістің жоспары
Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі.
Кассадаға қолма –қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі.
Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізгі сәйкес активтер жатады, бұлар – мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Актив - деп кәсіпорынның ақшаға бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін айтады. Олар ұйымның өткен уақыттарындағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттағы табыс табуы үшін пайдалынады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбейуі кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы табатын кірістер:
өнім өндіру нәтижесінде;
қызмет көрсету нәтижесінде;
басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде;
міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану нәтижесінде;
ұйымның меншік иелері арасында бөліске түсу нәтижесінде және тағы да басқа операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару, сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа бөлінеді:
ағымдағы акктивтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын);
ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын).
Қысқа мерзімді (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі – бір жылдан кем. Бұлар:
қайта өңдеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлы-материалдық қорлар;
жыл ішінде есептен шығаруылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
ақшалай қаражат;
егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы шот ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдардың дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек).
Ұзақ мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:
негізгі құралдар (лицензиялық келісімдер, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер);
ұзақ мерзімді инвестициялар (еншілестерге, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);
ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (алуға арналған шоттар, алынған вексельдер және т.б.)