
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
- •Дәрістің мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •2007 Жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар
- •Негізгі әдебиеттер
- •4 Тақырып Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 . Тақырып Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. (меа).
- •12 Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
- •13 Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер мынадай баптары бойынша жіктеледі:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып: Табыстар мен шығыстарды есепке алу.
- •Негізгі әдебиеттер
- •11 Тақырып Туризм саласындағы кәсіпорындарда есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы табыстар есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •14. Тақырып Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Тақырып Туристік кәсіпорындардағы салық салу ерекшеліктері.
- •Негізгі әдебиеттер
Дәрістік кешен
1 Тақырып Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері
Сабақтың мазмұны: Қазіргі қоғамдағы бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен оның маңыздылығы. Бухгалтерлік есептің пайда болуының қысқаша тарихы. Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.
Дәрістің жоспары
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі.
Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті.
Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау.
Бухгалтерлік есептің пәні.
Бухгалтерлік есептің әдістері және оның элементтері.
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.
Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есептің тарихи шарттылығы, пифагор, луко пачоли
бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп теориясы, қаржылық есеп–бұл
Дәрістің мазмұны
1. Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат бухгалтерлік есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Бухгалтерлік есептің алғашқы құрамы–субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз–осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну.
Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтан да бухгалтерлік есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Бухгалтерлік есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір – бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы қызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру қажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашқы ақпарат қалыптасады. Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз– шаруашылық қызметтің басқару мен аудит үшін керекті кешенді көрінісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір субъект экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар.
Бухгалтерлік есептің тарихи шарттылығы. Бухгалтерлік есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық–экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай–ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде бухгалтерлік есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама–тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6–мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы
өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445– 1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есепті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.
Бухгалтерлік есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі – барлық елдердің халықаралық өзара қарым – қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Мемлекеттердің шаруашылық жағынан жақындаса түсуі экономикалық дамудың қарқыны мен сипатына бірте–бірте басымырақ ықпал етіп, мемлекеттердің бейбіт түрдегі ынтымақтастығына, тәжірибе алмасуына өскелен мүмкіндіктер ашуда. Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық–экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
2. « Бухгалтерлік есеп принциптері » курстық бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп және Аудит» мамандығының студенттеріне арналып жасалған.
Қазақстан Республикасының қзіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп Жуйесін реформалаумен сипатталады. Бухгалтерлік есеп принциптері курсын оқу барысында студенттер экономиканы ұйымдастыру мен басқаруды, іскерлікті, экономикадағы саясат пен шешімді,стратегия мен тактиканы қабылдау ісін, бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерімен танысып оны уйренулеріне мүмкіндік алады.
«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсында: бухгалтерлік баланстың құрылымы, шарттар мен екі жақты жазудың жүйесі, шаруашылық құралдары мен процестерін есепке алу үшін балансты пайдалануды, есеп беруді құрастыруды қарастырылған.
Сондықтан “ Бухгалтерлік есеп принциптері ” пәніннің мақсаттары мыналар:
әрбір кәсіпорын, шаруашылық жүргізуші субъектісі бойынша экономикалық бағдарламаны, экономикалық саясатты,нарықтық қатынастар жағдайында сауда жүйесін жүзеге асыруға арналған.
Кәсіпорында, шаруашылық субъектісінде өндірілген өнім, жұмсалған шығын , түскен пайда есебін нақтылы есептеу;
Кәсіпорын жұмысына орынды және тиімді басшылық жасау
3. Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»–кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз–экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда:
- Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
Уақыты жағынан үздіксіз (күннен–күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы– шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).
Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.
Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай
салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.
Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары).
Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады.
Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді.
Бухгалтерлік есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.
Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
4 Бухгалтерлік есепке жататын заттар мен құбылыстардың жалпы тізіміне сипаттама беру үшін оның теориясында бухгалтерлік есеп объектілері түсінігі қолданылады. Латыннан сөзбе–сөз аударғанда объект дегеніміз затты білдіреді. Философиялық ұғымда объект субъектінің практикалық және танымдық қызметеріне жататындарды білдіреді. Шаруашылық қызмет арқылы нақты жүзеге асатын объектілерді басқару субъектісі бухгалтерік есеп арқылы бақылап, таниды.
Заңды немесе жеке тұлға құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың кімге және меншіктің қандай формасына жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып табылады.
Субъект ресурстары дегенде оның шаруашылық қызметі барысында пайдаланатын түрлі активтерінің, міндеттемелері мен жеке меншік капиталының жиынтық құңы түсініледі.
Актив–субъектінің өткен оқиғалар нәтижесі ретінде бақылайтын ресурсы, оны пайдалану бәлкім экономикалық пайда көзі болуы мүмкін.
Субъект міндеттемесі өткен оқиғалардан туындайды, ол бойынша жасалатын есеп ресурстардың кері қайтуымен аяқталады да, олар өзіне экономикалық пайда қамтиды.
Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі (немесе субъектінің борыштан тысқары мүлкін) активіндегі қалдық мүдде.
Бухгалтерлік есеп пәнімен егжей–тегжейлі танысу үшін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің түрлерін және олардың қызметінің ұйымдастырылуын қарастырып көрелік.
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің әралуан түрлерін қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін оның иесі белгілейді. Ол міндеттер: қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі жоғары өнім шығару. Оларды өткізу табысты молайтады, өнім тапсыру келісімшарт орындауға ықпал етеді. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жол ашады, осы негізде бүкіл қаржы–шаруашылық қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін меншік иесі берген өкілеттілік негізінде жүзеге асырады.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық әдістері шешуші орын алады, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейеді.
Шаруашылық қызмет дегеніміз шаруашылықпен айналысушы субъектінің өмір сүру формасы; ол оның қаржылық ресурстарының қозғалысы (жағдайының өзгеруі) шаруашылық қызметтің өмір сүруінің экономикалық формасы болып табылады. Сондықтан қаржы ресурстарының қозғалысы мен пайдаланылуын басқарып алмайынша шаруашылық қызметті басқару мүмкін емес.
Ол үшін мыналырды білу қажет:
Шаруашылық–қаржы ресурстарының мәні болып табылатын құнның бар екенің заттай формасын (құрамын) немесе сол ресурстар немесе салынғанын (инвестицияланған).
Субъектіде қаржы ресурстарының қайдан және қандай себеппен пайда болғанын (көздері мен олардың пайда болуы) және бұлар кейін тиісті екенін (орналастырылуы).
Субъектілер мейлінше көп заңды қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, соның бірі мынадай: Қаржы ресурстары көзінің пайда болуын көбінесе олардың мақсаты анықтайтын, яғни оларды қалай пайдаланған жөн, қайда жұмасаған дұрыс. Сондықтан да, жаңа ғана айтылған ақпараттың екі түрі қаржы ресурстарының тиісінше салынуын салыстыруға, сөйтіп олардың дұрыс пайдаланылғаны туралы қорытынды жасауға, нормадан ауытқу себептерін анықтап, туындаған қолайсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді.
5. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын заттай форма түрінде қарастырғанда олардың сонымен бірге бухгалтерлік есеп объектісі болып табылатын қалыптасу көздерін де зерттеп білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайына шаруашылық субъектілері мен заңды
(жеке) тұлғалардың, мемлекеттің, қаржы–несие мекемелерінің, басқа да шаруашылық субъектілерінің және еңбекшілер ұжымдарының араларында бухгалтерлік есеп арқылы ретке келтірілтіп отыратын шаруашылық құқықтық
(материалдық) қатынастар болады. Сондықтан да шаруашылық субъектінің әр алуан түрлері ресурстарының қалыптасу көзі оның қызмет негізін құрайтын меншік формасымен (шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, коммерциялық емес ұйымдар және т.б.), жеке меншік капиталының құрылу тәртібімен, банктік несие және несиенің басқа да түрлерінің мақсатымен, қаржылық–бюджеттік органдармен қарым– қатынасымен, сыртқы және ішкі инвесторлармен есеп айырысу қатынастарымен, сондай–ақ жұмысшылар мен қызметшілер алдындағы міндеттемелерімен шарттас.
Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары (активтері) өздерінің сипаты жағынан әртүрлі көптеген көздерден құралады. Алайда оларды басты екі топқа біріктіруге болады.
Міндеттеме дегеніміз–контрактының немесе жарғының талаптарының нәтижесі сияқты белгілі бір жоба бойынша іс– қимыл жасау міндеті;
Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі активі. Бұлар:
Активтер=Міндеттеме+Меншік капитал=түріндегі негізгі баланыстың теңеуден туындайды.
Аталған көздер топтарын былайша түсіндіруге болады: жеке меншік капитал–бұл жеке меншік қаржы ресурстары, ал міндеттеме– бұл бір жақтан жұмылдырылған (қарызға алынған) ресурстар, ол субъектіде уақытша ғана болады, яғни біршама уақыттан соң, алдын ала шарттасқан мерзім өткеннен кейін оларды қайтып беруге тура келеді. Бұлардың жеке меншік ресурстардан айырмашылығы осы, жеке меншік ресурстарды субъект үнемі пайдаланады, оларды қайтарып беремін деп қобылжымайды.
Жеке меншік капиталдың құрылымы былай: жарғылық капитал; өтелмеген
(төленбеген) капитал; қайтарылған капитал; қосымша өтелген және қосымша өтелмеген капитал, резервтегі капитал; бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын); басқадай капиталдар.
Сөйтіп, субъектінің бір көзден алған активтерінің жиынтығы оның жеке меншік капиталы болып аталады және шаруашылық субъектінің жеке меншік қаржы ресурстарының басым бөлігін құрайды.
Субъектінің амортизациялық қаржысы да болады, бұл да ресурстар көзі болып саналады. Мұндай көздің болуы зкономикалық қажеттілектен туындайды, яғни пайдалану кезінде ескірген және моральдық жағынан тозған негізгі құралдарды айырбастауға және қалпына келтіруге арналған.
Шаруашылық субъектінің жеке меншік капиталының құрылуының аса маңызды көздерінің бірі–оның таза пайдасы (табысы).
Жұмылдырылған ресурстар көздеріне міндеттемелер, яғни банктер мен банктерден тысқары мекемелердің несиелері және басқалар; алдағы кезеңдердің табыстары; дивидендтер бойынша есеп айырысу (жәй және артықшылықты акциялар); бюджетпен есеп айырысу; еншілік (тәуелді) серіктестіктерге несиелік берешек; алынған аванстар; өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу; басқадай несиелік берешіктер мен қаржы есептеу жатады.
Бірқатар жағдайларға байланысты шаруашылық субъектісіне қосымша қаржы ресурстары қажет болып қалады (қолда бар жеке меншік капиталдан тыс), мұндай қажеттілік банктерден және банктерден сыртқары басқа да мекемелерден ақшаны қарыз түрінде алу арқылы қанағаттанырылуы мүмкін. Бұл қарыздар сауда немесе несие деп аталады және бұлар белгіленген мерзім ішінде сату үшін алынған тауарларды өткізуден түскен, сондай–ақ орындалған жұмыстар мен қызметтерден алынған пайдадан өтелінеді.
Субъектінің тапқан табысы ішінде оның жұмысшыларға, құрылтайшыларға, бюджеттік–қаржылық органдарға және басқаларға тисілі ресурстар болады. Бұл қаржыларды өз иелеріне қайтару келісілген мерзімде жүргізіледі, ал төлем мерзімдері арасында субъект бұларды жұмылдырылған көздер ретінде уақытша пайдалана алады.
Субъект қарамағына оның табысы ретінде түскен ақшаның бір бөлігі субъектіге түрлі субъектілердің (транспорт қызметі, эл. қуатын беру, суға, жылуға және т.б.) көрсеткен қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалады. Осындай қызметтер алуға қарай олардың құны белгіленеді, яғни шаруашылық субъектісінде қалған, бірақ енді қызмет көрсеткен басқа субъектіге тисілі ресурстардың ауқымы анықталынады.
Субъект қолындағы оған жұмылдырылған құралдар көздері ретінде қызмет ететін берешектердің барлық түрлері несиелік берешек деп аталады. Оларды ақшамен өтеу арқылы субъект осы көзден уақытша жұмылдырылған ресурстардан айырылып қалады. Төлемдерді белгіленген мерзімнен кешіктіру қаржы тәртібін бұзу болып табылады да, тиісінше жазаланады.
Солай бола тұрса да, субъективті жағдайларға байланысты жұмылдырылған ресурстардың жекелеген түрлерінің қайсы бір бөліктері субъектінің қарамағында үнемі қалып қоятыны бар.
Мысалы, субъект жұмысшыларына жалақы төлеу (басқа да несиелік берешектерді) мерзімі әдетте өтім кезеңі аяқталғаннан кейін бірнеше күннен соң басталады. Бұл уақыт ішінде субъектінің жұмысшылар мен қызметшілерге берешегі екі бөліктен тұрады: Өтіп кеткен өнім кезеңінің берешегі және осы кезең аяқталғаннан кейінгі өткен бірнеше жұмыс күнінің берешегі. Жалақы берілген күні берешектің бірінші бөлігі өтеледі, ал екіншісі қалады. Нәтижесінде жұмысшылар мен қызметшілерге тиесілі ресурстардың қайсы бір сомасы әрқашан субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) арасында қалады, сондықтан ол субъектінің жеке меншік ресурстарына теңеледі.
Алайда, кейде мындай да болады: субъектіде пайда болған жеке меншігі сияқты активтерінің қайсы бір бөлігі жұмылдырылған құралдармен ұқсас болып тұрады, өйткені субъект шамалы уақыттан кейін олардан бәрі бір айырылып қалады.
Мұндай ресурстарға объект табысының болашақта жұмсау үшін арнаулы мақсатқа сақтап қойған бір бөлігі жатады, өйткені бұлар субъектіде уақытша ғана тұрады, сондықтан олар осы белгісі бойынша жұмылдырылған ресурстар түсінігіне жанасады.
6. Бухгалтерлік есептің да, кез–келген ғылым сияқты, өзінің зерттеу әдістемесі болады. Бұл әдістеме пәннің алдында тұрған міндеттерге қарай белгіленеді.
Басқа да барлық ғылымдар сияқты бухгалтерлік есеп методологиясының негізі қоғам дамуын танудың диалектикалық әдістемесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп әдістемесі–бұл шаруашылық ресурстарын, шаруашылық қаржы процестерін мен олардың ақша түріндегі нәтижелерін үздіксіз, тұтастай және құжатты негізде көрсетудің (тіркеудің), топтаудың, қортындылап, бақылаудың өзара байланысты тәсілдері мен амалдарының жүйесі.
Бухгалтерлік есепте әдістемелік элемент ретінде пайдаланылатын негізгі тәсілдер мен амалдар мыналыр: құжаттар, есепшоттар және еселенген жазу; бағалау мен калькуляция; инвентаризация; баланс пен есеп беру.
Бухгалтерік есептің осынау тәсілдері мен амалдары бухгалтерлік есеп курсында азды–көпті барынша егжей–тегжейлі қарастырылатын болады. Бухгалтерлік есептегі құжаттандыру– шаруашылық операцияларын алғашқы жаппай тіркеу (көрсету) мен заңдастырудың (оформление) тәсілі ретінде қарастырылады. Әрбір аяқталған шаруашылық операция белгіленген тәртіп бойынша құжатпен заңдастырылады. Осы тәсілмен ақпаратта алынып, соның негізінде шаруашылық ресурстарының (активтерінің) және олардың көздеріне, шаруашылық операцияларына жаппай бақылау жасалынады, сөйтіп басқару мақсаттарына қажетті ақпараттар алатын, бақылауға керекті құжаттық негіздемелер мен алғышарттар жасалады.
Құжаттандыру шаруашылық операцияларын тікелей көрсетуге қызмет етеді және есептің көзі (басталуы) болып табылады. Шаруашылық операцияларының жазбаша көріністері тек құжаттар негізінде ғана жүргізіледі.
Есептер мен еселене жазу шаруашылық ресурстарының жекелеген түрлерін, олардың көздерін және шаруашылық процестерін жазып отырудың, топтау мен бақылаудың ерекше тәсілдері болып табылады.
Субъект ресурстарын экономикалық жағынан топтаудың құралы саналатын есептер (счета) қызмет барысанда активтер мен шаруашылық процестерінің жекелеген түрлерін бақылаудың, жекелеген бытыраңқы операцияларды біртекті операциялар топтарына біріктірудің тәсілі болып табылады, мұның өзі шаруашылық міндеттерінің орындалуы туралы барлық маңызды көрсеткіштерді алуға қамтамасыз етеді.
Еселеген жазу шаруашылық операцияларының есепте көрсетілуін қамтамасыз ететін амал. Осыдан есеп жүргізудің еселенген жүйесі деген атау пайда болған.
Мысалы, тауар сатып алу жөніндегі операцияны тіркеу кезінде осынау шаруашылық процестің екі жағы өзара өзектестіріледі: Тауардың түрі және өнім тапсырушыға ақша қаражатының төленуі.
Есептер мен еселенген жазуды қолдану бухгалтерік есеп объектілерінің көптігімен және әралуандылығымен, олардың экономикалық белгілеріне қарай топтастырып, өзара сабақтастықта көрсетудің объективті қажеттілігімен шарттас.
Бағалау мен калькуляция бухгалтерлік есеп заттарын (объектілерін) ақша түрінде өлшеу әдістері сияқты.
Бағалау дегеніміз–шаруашылық ресурстарымен олардың көздерін және шаруашылық операцияларын ақша түрінде өлшеу болып табылады. Ол натуралды көрсеткіштерді баға, тарифтік ставка көмегімен еңбек көрсеткіштерін ақшаға айналдыру, окладтар және т.б. арқылы ақша өлшеміне айналдырады.
Калькуляция дегеніміз-өнім (жұмыс пен қызмет) единицасының өзіндік құнын анықтау әдісі. Ол калькуляциялық объектіге жататын өнімнің әрбір единицасна шығарылған шығынды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Калькуляция шаруашылық процестерінің бағасын неғұрлым дұрыс беруге жәрдемдеседі.
Инвентаризация (түгіндеу) дегеніміз есеп деректерінің шындықтан ауытқу жағдайларын болдырмау үшін субъект ресурстарының белгілі бір күнде натуралды түрде тексеру тәсілі. Ол есеп деректерінің дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін құжаттандыруға толықтыратын амал, өйткені есеп көрсеткіштері инвентаризация деректері бойынша (шындық бойынша) жөнге келтіріледі.
Инвентаризацияның ауық–ауық жүргізіліп тұруы есеп көрсеткіштерінің шынайлығын қамтамасыз тетеді, меншікті сақтауға ықпал жасайды, ішкі резервтерді және жұмыстағы кемшіліктерді анықтайды.
Баланс пен есеп беру дегеніміз–субъектінің шаруашылық қызметі туралы, тікелей есептен туындайтын көрсеткіштердін қалыптасқан жүйесі бойынша белгіленген жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық деректер алу амалы.
Баланс пен есеп беру көрсеткіштері бойынша шаруашылық қызметке талдау мен аудиторлық тексеріс жүргізіледі.
Баланс әдісі құбылыстарды өзара байланысты екі жақты қарастыру әдісі сияқты басқару мен жедел жұмыстарды, ғылымда қолданылады.
Бухгалтерлік есепке баланс әдісі шаруашылық ресурстарын құрамы мен олардың құралу көздері бойынша көрсету үшін қолданылады. Субъект ресурстарын көрсетудің баланстық әдісі осылардың жалпы теңдігіне (екі белгінің) негізделген. Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстары мен олардың құрылу көздерінің қолдағы мөлшері мен жағдайын және олардың мақсатты бағыттарын ақша түрінде белгілі бір күнге жалпылау әдісі. Баланс негізінде субъектінің қаржылық жағдайы, ресурстардың пайдаланылуының дұрыстығы, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі, олардың айналымдылығы мен өтімділігі (белгіленеді) анықталады.
Есеп беру дегеніміз–есепті кезең ішінде субъектінің шаруашылық қызметінің түрлі жақтары мен көрсеткіштері туралы жиынтық деректер алу әдісі.
Баланс пен есеп берудің қолданылуы шаруашылық ресурстарының ауыспалы айналымының күрделілігімен және шаруашылық қызмет қортындыларын ауық–ауық шығарып, субъектінің барлық ресурстарының жағдайын анықтап отыру қажеттілігімен шарттас.
Өз бетінше дайындалу сұрақтары
Бухгалтерлік есептің маңыздылығы.
Бухгалтерлік есептің міндеттері мен мақсаттары.
Бухгатерлік есепті жетілдіруге әсер ететін факторлар.
ҚЕХС-мен тарихы мен маңыздылығы.
ҚР «Бухгалтерлік есеп туралы» заңының негізгі ережелері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі