
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті
- •Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
- •Алматы 2010
- •Қ ұрастырушылар: Ермағанбетов м.Е.,Чугунова н.И., Керімқұлова а.Ж. Алматы: ҚазҰту, 2010.117
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Контакттық ақпарат
- •1.2 Пән бойынша мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырма түрлері, атаулары және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру және бағалау
- •Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •Модульдар бойынша және аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курс саясаты мен процедурасы
- •2 Активті таратылып берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс. Кіріспе.Органикалық қосылыстардың жіктелуі
- •2 Дәріс. Химиялық байланыс, құрылым, реакцияға бейімділік туралы ұғымдарға қазіргі көзқарас
- •3 Дәріс. Қаныққан көмірсутектер (алкандар)
- •Изомерлері. Бұл қатардың алғашқы үш мүшесінің (метан, этан, пропан) изомерлері болмайды, ал бутан үшін (с4н10) екі изомер болады:
- •4 Дәріс. Қанықпаған көмірсутектер. Этилендік көмірсутектер (алкендер)
- •Изомерлері. Этилендік көмірсутектердің гомологтық қатарының структуралық изомериясы қаныққан көмірсутектері сияқты төртінші мүшесінен басталады. Алайда, бұларға бірнеше изомер түрі тән.
- •4. Сульфолау реакциясы
- •5. Гидратация реакциясы
- •5 Дәріс. Диен көмірсутектері (алкадиендер)
- •6 Дәріс. Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер)
- •7 Дәріс. Көмірсутектердің галогентуындылары
- •8 Дәріс. Спирттер (гидрооксиқосылыстар). Біратомды спирттер
- •9 Дәріс. Көп атомды спирттер
- •Алу әдістері. Гликольдерді бір атомды спирттерге сәйкес немесе басқа әдістермен алуға болады.
- •10 Дәріс. Альдегидтер мен кетондар
- •Альдегидтердің аталуы. Рационалдық аталу бойынша альдегидтерді екі жолмен атауға болады.
- •Кетондар номенклатурасы. Рациональды номенклатура бойынша кетондарды, карбонил тобын қоршаған радикалдарды, орынбасарлардың өсу ретімен атап, соңынан “кетон” деген сөз жалғау арқылы атайды.
- •11 Дәріс. Карбон қышқылдары және олардың туындылары
- •Бір негізді карбон қышқылдары. Номенклатурасы.Олардың бастапқы мүшелеріне тривиалды аталу тән.
- •Химиялық қасиеттері Бұлардың химиялық қасиеттерін толығымен дерлік карбоксил тобы анықтайды. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін үш бағытта қарастырған ыңғайлы:
- •3. Галогендеу реакциясы
- •Акрил қышқылы.Өнеркәсіпте мынадай схема бойынша алады:
- •Олеин қышқылы с17н33соон Бұл қышқыл пальмитин және стеарин қышқылдар қатарында майлар түзеді.
- •Екі негізді қаныққан қышқылдар. Қаныққан екі негізді ышқылдардың жалпы формуласы CnH2n(cooh)2
- •Физикалық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар - суда ерімтал, түссіз кристалды заттар.
- •Химиялық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар, бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек келеді. Оның себебі, диссоциациялануын жеңілдететін карбоксилдердің өзара әсерлері:
- •12 Дәріс. Алифатты қатардың азотты қосылыстары.
- •Алыну жолдары. Аминдер техникада және лабораториялық практикада көп қолданылады. Сондықтан бірнеше жолмен алынады.
- •Химиялық қасиеттері. Нитроқосылыстардың ең маңызды химиялық қасиеттері нитротроптың өзіндік структурасына байланысты.
- •Изомерлері. Бір негізді оксиқышқылдардың гомологтық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан , басталады. Одан кейін, гликоль немесе оксисірке қышқылы келеді.
- •Химиялық қасиеттері. Оксиқышқылдар қышқылдардың да, спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер түзеді. Мысалы сүт қышқылы:
- •Екі негізді төрт атомды қышқылдар. Бұл топтың басты өкілдерінің бірі шарап қышқылы
- •Оптикалық изомерлері. Көптеген оксиқышқылдарда ассиметриялы көміртек атомдары болады. Ассиметриялық көміртек атомы деп, көміртек атомы әр түрлі төрт топпен байланысқан жағдайды айтады.
- •14 Дәріс. Көмірсулар
- •15 Дәріс. Аминоқышқылдар
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары.
- •1 Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелері. Техника қауіпсіздігі.
- •2 Органикалық қосылыстарды тазалау тәсілдері
- •3 Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер
- •4 Қаныққан көмірсутектердің галоген туындылары
- •5 Альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Майлар мен сабындар
- •7 Көмірсулар
- •2.3 Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •А) тотығу
- •В) спирт, қышқыл және метал күйіндегі күміс
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •Глосарий
- •Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
3 Дәріс. Қаныққан көмірсутектер (алкандар)
Біз органикалық қосылыстарды қарастыруды көмірсутектер деп аталатын, құрамында тек қана екі элемент көміртек және сутек болатын заттардан бастаймыз. Көмірсутектердің бірнеше тобы (қатары) бар. Ең алдымен қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатарымен танысамыз. Оларды алкандар немесе парафиндер деп атайды, жалпы формуласы CnH2n+2
Көмірсутек атомдарының бәрі қаныққан көмірсутектер үшін sp3 гибридтелген жағдайда олады.
Қаныққан көмірсутектердің ең қарапайымы - метан. Ол табиғатта өсімдік және жануар организмдері қалдығының ауасыз ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Сондықтан ол батпақты суларда, тас көмір шахталарында кездеседі және табиғи газдың құрамында 90% дейін метан бар.
Алкандар және олардың гомологтық қатары.
CH4 - метан C8H18 - октан
C2H6 - этан C9H20 - нонан
C3H8 - пропан C10H22 - декан
C4H10 - бутан C11H24 - ундекан
C5H12 - пентан C12H26 - додекан
C6H14 - гексан C13H28 - тридекан
С7Н16 - гептан С14Н30 - тетрадекан
Бұл қатардағы 4 заттың атауы тарихи қалыптасқан. Пентаннан бастап атауы көбінесе грек сан аттарынан құралады. Қарастырып отырған қатардың, әрбір келесі қаныққан көмірсутегінің алдындағы гомологымен салыстырғанда СН2, яғни метилен тобынан айырмашылығы бар екенін оңай байқауға болады.
Құрылысы. Қаныққан көмірсутектер үшін көміртегі атомдары бір-бірімен жай бір байланысты байланыспен байланысуы тән. Осы байланысты түзу үшін бір пар электрондар қолданылады, және бұл байланыс σ - байланыс деп аталады.
Көміртек атомдарының бәрі қаныққан көмірсутектер үшін sp3 - гибридтелген болады және көміртегінің әр атомы өзара не болмаса сутегі атомымен төрт σ - байланысын түзеді. Молекула аралық қашықтығы 109028/.
Изомерлері. Бұл қатардың алғашқы үш мүшесінің (метан, этан, пропан) изомерлері болмайды, ал бутан үшін (с4н10) екі изомер болады:
CH3 - CH2 - CH2 - CH3 CH3 - CH - CH3 изобутан
қ
-
бутан
CH3
Екеуі де газдар - бірақ қайнау температуралары әртүрлі, қ- бутан үшін -0,50С, изобутан үшін - 10,20С.
Изомерлердің формулаларын жазу үшін ең алдымен көміртек қаңқасының схемасын құрып алу қажет. Содан кейін негізгі тізбекті біртіндеп қысқарта отырып, негізгі тізбектен алынған көміртек атомдарын бүйір тізбек түрінде барлық мүмкіндік жағдайын пайдаланып орналастырады. Мысалы, гептан С7Н16 көмірсутегі үшін оның мүмкін изомерлерін көміртек қаңқасының схемасымен жазайық:
1 . С - С - С - С - С - С – С 2. С - С - С - С - С - С
С
3. С - С - С - С - С – С 4. С - С - С - С - С
С С С
5. С - С - С - С - С 6. С – С – С – С – С
С С С С
Көмірсутегінің толық формуласын шығару үшін, көміртек атомының 4-валенттілігін еске ала отырып, көміртек скелетін қажетті сутек атомдарымен толтырады. Келтірілген мысалдардан қаныққан көмірсутектердегі көміртек атомдарының орналасу жағдайлары бірдей емес екендігі көрінеді. Олар көміртек және сутек атомдарының әртүрлі санымен байланысқан. Егер көміртек атомының бір валенттілігі көміртек атомының С - С байланыс құруға жұмсалса, оны біріншілік көміртек атом, егер екі валенттілігі екі С атомымен байланыс құруға жұмсалса - екіншілік, егер үш валенттігі жұмсалса - үшіншілік, барлық төрт валенттілігі де С - С байланыс құрса - төртіншілік көміртек атомы деп атайды. Түсінікті болуы үшін мынадай мысалды қарастыралық.
СН3
Н3С - С - СН2 - СН3
СН3
Берілген қаныққан көмірсутегінде 4 - біріншілік көміртек; 1 - екіншілік және 1- төртіншілік көміртек бар;
Алкандардан бір сутек атомын алып тастағанда қалатын бір валентті қалдықты алкилдік радикал деп немесе радикал деп атайды. Оны дұрыс атау үшін соған сәйкес көмірсутектің атындағы ан деген жұрнақты ил деген жұрнаққа алмастырады.
Алыну жолдары. Негізінен үшке бөлуге болады.
Молекуладағы көміртек атомының санын өзгертпей жүретін реакциялар. Бұған қанықпаған көмірсутектер молекуласын катализатор қатысында сутектендіру реакциясын мысалға келтірсек болады:
1) Молекуладағы көміртек атомының санын қысқарта жүретін реакцияларға жатады:
а)
крекинг
+
СН2
= CH2
б) бір негізді карбон қышқылдарының тұздарынан алу
Көміртек қаңқасын күрделендіре жүретін реакциялар.
Вюрц реакциясы (1855) - алкилгалогенидтерге металдық натрийдің әсері:
Физикалық қасиеттері. Алкандардың гомологтық қатарындағы бірінші төртеуі (метан, этан, пропан, бутан) газдар, С5-С15 - сұйықтар, ал С16 жоғары - қатты заттар. Гомологтық қатардағы көміртек атомының саны өскен сайын қайнау және балқу температураларымен қатар, салыстырмалы тығыздығы да өседі. Айталық гексанның қайнау температурасы 68,80С, ал гептандікі 98,40С. Яғни СН2 - тобына өсу 29,60С көтеріп отыр. Тармақталған тізбекті қаныққан көмірсутектері, тармақталған тізбекті көмірсутектеріне қарағанда төменгі температурада қайнайды. Олар суда ерімейді, тек эфирде және органикалық еріткіштерде ериді.
Химиялық қасиеттері. Химиялық тұрғыдан қарастырғанда алкандардың активтілігі төмен, сондықтан да оларды парафиндер (латынша - жақындығы жоқ) деп атайды. Парафиндердің химиялық енжарлығы молекулаларындағы С-С және С-Н байланыстарының беріктігіне байланысты. Оларда тек радикалдық (гомолитті) үзілу болуы мүмкін, ол үшін көбірек энергия жұмсау қажет болады. Молекула мұндай энергияны қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ала алады. Оларға қалыпты жағдайда, яғни бөлмелік температурада концентрлі минералды қышқылдар мен сілтілер, тотықтырғыштар әсер етпейді.
Парафиндерге әсіресе орын басу реакциялары тән және де мұндай реакциялар радикалды-тізбекті механизм бойынша жүреді.
Галогендеу реакциясы, мысалы метанды галогендеу:
Cl2 Cl2 Cl2
Cl2
С
Н4 СН3Сl
CH2Cl2
CHCl3
CCl4
-HCl -HCl -HCl
хлорлы хлорлы хлороформ төрт
метил метилен хлорлы көміртек
Нитрлеу реакциясы. Жоғарыда айтқанымыздай қалыпты жағдайда парафиндер концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейді. Бірақ сұйытылған азот қышқылының ерітіндісімен қыздырғанда нитрлеу реакциясы жүреді. Бұл реакцияны алғаш 1888 ж. Коновалов ашқан, сондықтан ол Коновалов реакциясы деп аталады.
10% НNO3 NO2
t ~ 100-1400C CH3 - CH - CH2 - CH2 - CH3
пентан нитропентан
Бұл реакциямен толығырақ нитроқосылыстарды қарастырғанда танысамыз.
Сульфохлорлау реакциясы. Парафиндерге күкірт газы және хлордың қоспасымен әсер еткенде радикалдық сульфохлорлау реакциясы жүреді. Бұл процесс фотохимиялық ультракүлгін жарықпен (УКЖ) иницирленеді.
сульфохлорид
Сульфохлоридтер тез арада гидролизге түсіп сульфоқышқылдар түзеді.
RSO2Cl + H2O → RSO3H + HCl
Бұлардың натрий және калий тұздары сульфонаттар деп аталады RSO3Na;
Тотығу реакциясы. Парафиндер қалыпты температурада тотықтырғыштармен әрекеттеспейді. Бірақ жоғарғы температурада олар жанып, көмір қышқыл газына және суға айналады:
CH4 + 2O2 → CO2 +2H2O + 891 кДж/моль
Мысалы, 1 кг метан жанғанда 57000 кДж жылу бөлінеді.
Крекинг реакциясы. Алкандарды 400-6000С қыздырғанда, олардың молекулалары гомолитті ыдырап крекинг (ыдырау) процесі жүреді.
Мысалы:
бутан этан этилен
Бұл реакцияның практикалық маңызы өте зор. Жоғары температурада қайнайтын мұнай өнімдерін (мазут) ыдырата отырып, төменгі температурада қайнайтын бағалы өнімдер алуға болады - бензин, керосин және де басқалар.
Крекинг немесе ыдыраудың жоғарғы температурада негізгі мәні мынада. Көміртек және көміртек молекуласының арасында гомолитті айырылу процесі жүреді. Сол гомолитті ыдырау процесі барысында пайда болған радикалдар әртүрлі жолмен тұрақталады, яғни өнім береді.
Мынадай мысал қарастыралық: пентанның ыдырауы
СН2 = CH2 CH3 - CH2 - CH3 этилен пропан
- Н + Н
С
Н3
- СН2
- СН2
- СН2
- СН3
→
СН3
- СН2*
+ *СН2
- СН2
- СН3
пентан этил бос қ - пропил
радикалы бос радикалы
екі бос радикал
димерленіп
СН3 - СН2 -СН2 - СН3 СН3 -(СН2)4 - СН3 бутан гексан
8-кесте
Кейбір қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары
Көмірсу-тектер |
Брутто формуласы |
Алкилдік радикал |
Аталуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Метан |
СН4 |
- СН3 |
Метил |
Этан |
С2Н6 |
- СН2 - СН3 |
Этил |
Пропан |
С3Н8 |
- СН2 - СН2 - СН3 - СН - СН3 СН3 |
қ-пропил Изопропил |
Бутан
|
С4Н10 |
- СН2 - СН2 - СН2 - СН3
- СН2- СН - СН3 СН3 |
қ-бутил
изобутил |
|
С4Н10 |
- CH - CH2 - CH3 CH3
CH3 - C - CH3 CH3 |
екіншілік бутил
үшіншілік бутил |
Пентан |
C5H12 |
- CH2 - CH2 -CH2-CH2 - CH3
- CH2 - CH - CH2 - CH3 CH3 |
қ-пентил
изопентил |
Гексан |
C6H14 |
- CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH3
- CH2 - CH2 - CH - CH2 - CH3 CH3 |
қ-гексил
изогексил |
Негізгі әдебиеттер: 1[35-48], 2 [81-117], 3[49-70]
Қосымша әдебиеттер: 4[87-101]
Бақылау сұрақтары
1. Алкандардың гомолықтық қатары. Жалпы формуласы қалай өрнектеледі?
2.Алкандардың номенклатурасы.
3. Алкандардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері
4. Крекинг реакциясы деген не? Оның маңызы қандай?
5. Радикал ұғымы, олардың атауларына бірнеше мысал келтіріңіз.