Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать

Глосарий

Автоклав - реакцияны жоғарғы қысымда жүргізетін аппарат.

Азоқосылыстар- құрамында екі радикалмен байланысқан азотопты /-N=N-/ органикалық қосылыстар.

Алонж - шыныдан бүгіліп жасалған түтікше, сұйықтарды айдағанда суытқыштан шыққан затты жинағыш ыдысқа жеткізу үшін пайдаланады.

Альдолдық конденсация бұл екі карбонильді /альдегид, кетон/ қосылыстардың арасында жүретін реакция. Реакция нәтижесінде оксиальдегид түзіліп, қышқыл не негіз катализатор болады.

Амидтер карбон қышқылының туындысы, карбоксил тобындағы гидроксилдің орнына /NH2/ орналасқан амид тобы / /.

Амил - пентан көмірсутегінен бір сутегін алғанда шығатын радикал. / /.

Аминдеу органикалық қосылыстың құрамына амин /NH2/ тобын енгізу реакциясы.

Аммонолиз - аммиактың әсерінен байланыстың ыдырауы.

Аморфты заттар - аморфты /формасыз/ заттар.

Амфотерлік /екі жақтылық/ заттың қышқыл да, негіз де бола алатын қасиеті.

Акцептор - /тартушы/ реакция кезінде бос электрон жұбын қабылдау арқылы химиялық байланыс түзетін атомдар тобы.

Алкандар - /парафиндер/ қаныққан көмірсутектері.

Алкилдеу органикалық қосылыстардың құрамына алкил /AlK/ тобын енгізу процессі.

Алкилдер -қаныққан көмірсутектерінің бір валентті радикалдарының жалпы аты.

Алкилді топтар алкандардан бір сутегін алып тастағанда қалатын топ.

Алкиндер /ацетилен/ құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектері /(С-/.

Алкоголяттар спирттердің гидроксил тобындағы сутегінің орны металмен алмасқан қосылыстар.

Аллен /СН2=С= СН2/ газ, екі қос байланысы бар диен көмірсутектерінің бірінші өкілі.

Аллил /3Н5/, қанықпаған бір валентті радикал.

Ароматтандыру басқа қосылыстарға арил тобын енгізу реакциясы.

Ароматты көмірсутектер - құрамында бензол сақинасы бар ароматты көмірсутектерінің қосылыстары.

Ацилдеу- органикалық қосылыстың құрамына ацил /R-С=О/ тобын енгізу реакциясы.

Белоктар - ағзалар, миллиондаған аминоқышқылдарының қалдықтарынан құрылады.

Вакуумды құрал - вакуум /ауасыздандыратын/ құрал.

Валенттік байланыс, химиялық қосылыс түзу үшін элементтерді ұштастырушы күш.

Винилдеу-органикалық қосылыстың құрамына винил тобын енгізу реакциясы.

Екіншілік спирт екі органикалық топтармен байланысқан көміртегі атомы.

Возгонка - бірден булану, қатты заттардың қыздырған кезде бірден буға айналуы.

sр3 - гибридтелу, орбиталдың бір электроны Р-орбиталдың үш электронымен араласып /гибридтеніп/, энергиясы жағынан да формасы жағынан да бірдей гибридтелген күйге / sр3/ ауысуы.

Гидрлену - сутектендіру, сутегімен әрекеттестіру.

Гидролиз - гидролиз, заттың сумен химиялық әрекеттесіп, ыдырау процесін айтады.

Гомеополярлы байланыс - біркелкі полюсті химиялық ковалентті байланыстың бір түрі.

Гомологтық қатар, химиялық ортақ қасиеттері бар органикалық қосылыстардың топтары.

Декантация - шаймалап жуу.

Деструкция - бұзылу, молекула құрылысының нәтижесінде бос радикалдар, иондар түзілуі.

Ениндер, құрамында қос және үш еселенген байланыстары бар қанықпаған қосылыстар.

Изо - сөздің алдына жазылатын қосымша, көмірсутек тізбегінде тармақталған бөлігі барын екендігін көрсетеді.

Изомер - сапалық және сандық құрамы бірдей, бірақ қасиеттері әртүрлі заттар.

Изомерлену- химиялық қосылыстың бір изомерін екінші изомерге айналдыру.

Индукциялық кезең-реагенттерді араластырған кезден реакцияның басталуына дейінгі уақыт.

Иодоформ - СН3J, метанның иод туындысы, ұнамсыз иісі бар сарғыш жасыл түсті кристалды зат.

Иондану сырттан берілген энергияның әсерінен бейтарап молекуланың не атомның электрон қосып алуы немесе электронын жоғалтуы нәтижесінде ионға айналуы.

Карбкатиондар- оң зарядталған көміртек атомдары.

Ковалентті байланыс, екі атомның арасында ортақ жұп электрон арқылы пайда болған байланыс.

Конформация - еркін айналу кезінде молекуланың бір күйден екінші күйге ауысуы.

Конфигурация - молекуланың кеңістікте орналасуы.

Крекинг – ыдырау, мұнайды немесе оның кейбір туындыларын ауасыз 5000С дейін қыздырғандағы химиялық өзгеріс.

Кристаллдану - кристалға айналдыру, кристал күйін өзгерту немесе кристал емес заттан кристал алу.

Май қышқылдары /мыс, сірке, СН3СООН, май СН3СН2СН2СООН қышқылдары/, органикалық карбон қышқылы өсімдік және жануар организмдеріне көбейсе көмірсу мен /углеводтар/ майдың алмасу процестерінің нәтижесінде түзіледі.

Майлар глицерин мен май қышқылдарының реакциясынан түзілетін күрделі эфирлер. Жануарлар майы қатты заттар олардың құрамында негізінен қаныққан карбон қышқылының қалдықтары бар. Өсімдік майы сұйық заттар, құрамында қанықпаған карбон қышқылының қалдықтары болады, өсімдік майын сутектендіріп қатты майға айналдыруға болады.

Молекулалардың арасындағы өзара әсер, тартылу не тебілу күштері.

Мезо - бірнеше асимметриялық ортасы бар қосылыстардың активті емес түрі.

Надқышқылдар күшті тотықтырғыштар, құрамындағы /О-О-О/ асқын тотық деп аталады.

Нитраттар - азот қышқылының туындылары.

Нитрилдер құрамында нитрил тобы бар химиялық қосылыстар.

Нитрлеу органикалық қосылыстың құрамында нитро /-NO2/ тобын енгізу.

Окситоп - гидроксил тобы.

Оксисинтез - катализатор қатысында көмірдің /ІІ/ тотығы мен сутегінің олефиндерге қосылып альдегид түзу процесі.

Поликонденсация -реакция барысында негізі полимерлі затпен қатар қарапайым қосымша заттардың пайда болуы.

Поташ - поташ, калий карбонаты.

Спирттерді абсолюттеу - химиялық әдістерді пайдаланып, спирттің құрамын судан тазарту.

Су жылытқышы- қыздыратын затты отқа қоймай тікелей су құйған ыдысқа қойып қыздыру.

Сабындану- күрделі эфирдің гидролизі.

Қайта топтасу химиялық реакция кезінде молекула байланысының өзгеруі.

Қышқыл ангидриді қышқылдан суды бөліп алғанда шығатын қосылыс /2RCOOH - /RCO/2O + H2O/.

Электрофиль - оң зарядталған бөлшек.

Этерификация - эфирлену, карбон қышқылдарының спиртермен әрекеттесу реакциясы, қайтымды реакция.

Мубарак Ермағанбетұлы Ермағанбетов

Нина Ивановна Чугунова

Айгүл Жадыра қызы Керімқұлова