
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті
- •Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
- •Алматы 2010
- •Қ ұрастырушылар: Ермағанбетов м.Е.,Чугунова н.И., Керімқұлова а.Ж. Алматы: ҚазҰту, 2010.117
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Контакттық ақпарат
- •1.2 Пән бойынша мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырма түрлері, атаулары және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру және бағалау
- •Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •Модульдар бойынша және аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курс саясаты мен процедурасы
- •2 Активті таратылып берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс. Кіріспе.Органикалық қосылыстардың жіктелуі
- •2 Дәріс. Химиялық байланыс, құрылым, реакцияға бейімділік туралы ұғымдарға қазіргі көзқарас
- •3 Дәріс. Қаныққан көмірсутектер (алкандар)
- •Изомерлері. Бұл қатардың алғашқы үш мүшесінің (метан, этан, пропан) изомерлері болмайды, ал бутан үшін (с4н10) екі изомер болады:
- •4 Дәріс. Қанықпаған көмірсутектер. Этилендік көмірсутектер (алкендер)
- •Изомерлері. Этилендік көмірсутектердің гомологтық қатарының структуралық изомериясы қаныққан көмірсутектері сияқты төртінші мүшесінен басталады. Алайда, бұларға бірнеше изомер түрі тән.
- •4. Сульфолау реакциясы
- •5. Гидратация реакциясы
- •5 Дәріс. Диен көмірсутектері (алкадиендер)
- •6 Дәріс. Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер)
- •7 Дәріс. Көмірсутектердің галогентуындылары
- •8 Дәріс. Спирттер (гидрооксиқосылыстар). Біратомды спирттер
- •9 Дәріс. Көп атомды спирттер
- •Алу әдістері. Гликольдерді бір атомды спирттерге сәйкес немесе басқа әдістермен алуға болады.
- •10 Дәріс. Альдегидтер мен кетондар
- •Альдегидтердің аталуы. Рационалдық аталу бойынша альдегидтерді екі жолмен атауға болады.
- •Кетондар номенклатурасы. Рациональды номенклатура бойынша кетондарды, карбонил тобын қоршаған радикалдарды, орынбасарлардың өсу ретімен атап, соңынан “кетон” деген сөз жалғау арқылы атайды.
- •11 Дәріс. Карбон қышқылдары және олардың туындылары
- •Бір негізді карбон қышқылдары. Номенклатурасы.Олардың бастапқы мүшелеріне тривиалды аталу тән.
- •Химиялық қасиеттері Бұлардың химиялық қасиеттерін толығымен дерлік карбоксил тобы анықтайды. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін үш бағытта қарастырған ыңғайлы:
- •3. Галогендеу реакциясы
- •Акрил қышқылы.Өнеркәсіпте мынадай схема бойынша алады:
- •Олеин қышқылы с17н33соон Бұл қышқыл пальмитин және стеарин қышқылдар қатарында майлар түзеді.
- •Екі негізді қаныққан қышқылдар. Қаныққан екі негізді ышқылдардың жалпы формуласы CnH2n(cooh)2
- •Физикалық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар - суда ерімтал, түссіз кристалды заттар.
- •Химиялық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар, бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек келеді. Оның себебі, диссоциациялануын жеңілдететін карбоксилдердің өзара әсерлері:
- •12 Дәріс. Алифатты қатардың азотты қосылыстары.
- •Алыну жолдары. Аминдер техникада және лабораториялық практикада көп қолданылады. Сондықтан бірнеше жолмен алынады.
- •Химиялық қасиеттері. Нитроқосылыстардың ең маңызды химиялық қасиеттері нитротроптың өзіндік структурасына байланысты.
- •Изомерлері. Бір негізді оксиқышқылдардың гомологтық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан , басталады. Одан кейін, гликоль немесе оксисірке қышқылы келеді.
- •Химиялық қасиеттері. Оксиқышқылдар қышқылдардың да, спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер түзеді. Мысалы сүт қышқылы:
- •Екі негізді төрт атомды қышқылдар. Бұл топтың басты өкілдерінің бірі шарап қышқылы
- •Оптикалық изомерлері. Көптеген оксиқышқылдарда ассиметриялы көміртек атомдары болады. Ассиметриялық көміртек атомы деп, көміртек атомы әр түрлі төрт топпен байланысқан жағдайды айтады.
- •14 Дәріс. Көмірсулар
- •15 Дәріс. Аминоқышқылдар
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары.
- •1 Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелері. Техника қауіпсіздігі.
- •2 Органикалық қосылыстарды тазалау тәсілдері
- •3 Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер
- •4 Қаныққан көмірсутектердің галоген туындылары
- •5 Альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Майлар мен сабындар
- •7 Көмірсулар
- •2.3 Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •А) тотығу
- •В) спирт, қышқыл және метал күйіндегі күміс
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •Глосарий
- •Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
7 Көмірсулар
Тапсырма
Көмірсулардын химиялық қасиеттері
Негізгі әдебиеттер: 3[211-213]
Қосымша әдебиеттер: 8 [9-13]
Бақылау сұрақтар
1. Көмірсулар дегеніміз не ?
2. Көмірсулардың жіктелуі.
3. Моно- және дисахаридтер, физикалық және химиялық қасиеттері.
4. Полисахаридтер түрлері мен қасиеттері, қолданылуы.
Жұмысты орындау тәртібі
1 тәжірибе. Концентрлі тұз қышқылының әсері.
Глюкозаның аздаған мөлшерін 20-30г 2 мл концентрлі тұз қышқылымен қайнатады. Содан кейін ерітіндіні салқындатады да, пробирканың 2/3 биіктігіне дейін су қосады. Осы тәжірибені фруктозамен де қайталайды. Алынған ерітінділердің сыртқы түрінің айырмашылығын бақылайды.
2 тәжірибе. Концентрлі сілті ерітінділерінін әсері
Тәжірибені қатарынан бірнеше сахаридтермен жүргізген жөн. Ол үшін сахаридтердің 5-10 %-дық ерітінділері немесе 0,1-0,2 г қанттың 1-2 мл судағы ерітіндісі қолданылады.
1-2 мл зерттелетін қантқа жарты көлемдей концентрлі сілті ерітіндісін қосып, қоспаны қайнағанша қыздырады да, 2-3 мин қайнатады. Түстері елеулі өзгеретін болса, бақылап жазып алады. Содан кеін ерітіндіні салқындатып, оны концентрлі тұз қышқылымен қышқылдандырады, сонда түсі солғырттанып, карамель иісі (күйген қант) пайда болады.
3 тәжірибе. Екі валентті мыс тұздарының әсері.
Тәжірибені қатарынан әр түрлі қанттармен өткізген жөн. Ерітіндіні 0,05-0,1 г қантты 2-3 мл суда еріту арқылы алады. 2-3 мл қант ерітіндісіне 1 мл сұйытылған сілті ерітіндісін және 2-3 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Түзілген мыс гидроксиды тұнбасы араластырғанда еріп кетеді де, сұйықтық ашық көк түске боялады. Содан кейін горелка жалынында ерітіндінің жоғарғы жағын қайнағанша ақырын қыздырады. Егер қант тотығатын болса ерітіндінің көк түсі қыздырғанда біртіндеп жасыл түске айналып ақырын жойылып кетеді. Бір мезгілде сары, қызыл және қоңыр тұнба пайда болады.
2.3 Тәжірибелік сабақтар
№ 1 Тәжірибелік сабақ. Көмірсутектердің номенклатурасы
Тапсырмалар:
Рационалдық номенклатура
Жүйелі наменклатура
Есеп шығару
Әдістемелік ұсыныс
Алифатты қатар көмірсутектерінің тарихы (травиалды), рационалды және жүйелі немесе халықаралық (ЮПАК) номенклатурасы бар.
Рационалдық номенклатура бойынша көмірсутектердің аталуы ядроға негізделеді; әдетте қаныққан көмірсутектер үшін төртіншілік немесе үшіншілік, сирегірек екіншілік көміртек атомы алынады; этиленділер үшін қос байланыспен байланысқан екі көміртек атомы ядро болып саналады; ацетиленді көмірсутектердің ядросы ретінде үш байланыспен жалғасқан екі көміртек атомы алынады. Содан кейін негізі ядромен қандай көмірсутек радикалы байланысқаны және олардың саны анықталады. Рационалды номенклатура бойынша атағанда алдымен ядромен байланысқан көмісутек келтіріліп, аталып шығады да, соңынан көмірсутектің қай гомологтық қатарға жататынына қарай «Метан», «Этилен», «Ацетилен» деген сөз қосылады.
Мысалы:
СН3
СН3–СН2–СН–СН2–СН2–СН3 Метилпропилметан
СН3–СН=СН–СН2–СН3 Симметриялық метилэтилэтилен
СН3–СН2–СС–СН2–СН3 Диэтилацетилен
Қаныққан көмірсутектерде ИЮПАК номенклатурасы бойынша негізгі көмірсутектік тізбек бүйір тізбектің көмірсутектік радикалы жақынырақ тұрған жақтан нөмірленеді. Еселі байланыстары бар қосылыстарда негізгі көмірсутектік тізбек қос немесе үш байланысы жақынырақ тұрған жақтан бастап нөмірленеді. Төменде ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутектерді атау мысалдары келтірілген
СН3
СН3–С–СН2–СН2–СН3 2,2-диметилпентан
СН3
СН3
СН2=СН–СН2–СН–СН3 4-метилпентен-1
СН3
СН3–СН2–СС–СН–СН3 2-метилгексин-3
1-мысал: Төменде келтірілген қосылыстардың қысқартылған құрылымдық формуласын құрыңыз: метилэтилизопропилметан, сим.метилэтилэтилен, диметилацетилен формуласын құрып, ИЮПАК номенклатурасы бойынша сәйкес аталауын келтіріңіз.
Шешуі. Алдымен сәйкес аты боыйнша келтірілген қосылыстың көмірсутектің қай түріне жататынын анықтайды (бірінші көмірсутек метан қатарына, екіншісі этилен қатарына, үшіншісі ацетилен қатарына жатады). Содан кейін келтірілген аты бойынша көмірсутектің құрылымдық формуласы құрылады:
СН3 СН3
метилэтилэтилизопропилметан
СН3–СН2–СН–СН–СН3
СН3–СН=СН–СН2–СН3 симметриялық метилэтилэтилен
СН3–СС–СН3 диметилацетилен
ИЮПАК номенклатурасы бойынша атау үшін көмірсутектегі ең ұзын тізбекті анықтайды, қанықпаған көмірсутектерде онда қанықпаған байланыс болуы керек. Содан кейін берілген көмірсутекте қандай бүйір тізбектер (радикалдар) бар екенін және олардың негізгі тізбекке қатысты қай жерде орналасқанын анықтайды. Сәйкес аталуы: 2,3 – диметилпентан; 2 – бутен; 2 – пентин.
2-мысал: Келтірілген алкилдерді атаңыз. Бірдейлерін көрсетіңіз.
а) СН3 – СН – б) СН3 – СН – в) СН3 – СН – СН2 – СН3
СН2 СН3
СН3
г) СН3 – СН2 – СН – д) СН3 – СН2 – СН2 – СН2 –
СН3 СН3
е) – СН2 – СН2 – СН2 ж) СН3 – СН – СН3 з) – СН2 – СН – СН3
СН3 СН2 –
СН3 СН3 СН3
и) – С – СН3 к) СН3 – СН – СН3 л) СН3 – С – СН3
СН3
Шешуі. Келтірілген алкилдерді атаймыз. Жақшаның ішінде бірдейлерін келтіреміз.
А) екіншілік бутил немесе екіншілік бутил (в.г.)
Б) изопропил (к)
Д) бутил (е)
Ж) изобутил (з)
И) үшіншілік бутил немесе үшіншілік бутил (л)
Өздігінен шешуге арналған есептер
Метанның, этанның, пропанның, бутан мен изобутанның молекулалық құрылымдық формулаларын келтіріңіз. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртек атомдарын көрсетіңіз. Осы көмірсутектерден мүмкін болатын бір валентті радикалдар (алкилдер) алыңыз. Оларды атаңыз.
Қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, олрады халықаралық номенклатура бойынша атаңыз: а) метилэтилизопропилметан; б) триметилизопропилметан; в) диметил-н-бутилметан; г) метилпропил-үшін-бутилметан; д) диэтилизобутилметан; е) тетраметилгексан.
Қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды халықаралық номенклатура бойынша атаңыз: а) үшін-бутилэтилен; б) тетраэтилэтилен; в) симм-диизопропилэтилен; г) симм.емес-пропил-екінші-бутилэтилен; д) триметилэтилэтилен.
Келесі алкендерді атаңыз:
а
)
СН3 – СН = С – СН2 – СН –
СН3 б) СН3 – СН – СН = С –
СН3
СН3 СН3 СН2
СН3
СН2 С Н3
в) СН3 – СН2 – С – СН2СН3 г) СН3 – С – СН2 – СН = СН2
СН3
СН3 СН3
д) СН2 = С – СН – СН2СН3 е) СН3 – СН – СН = СН – СН2 – С – СН3
СН2 СН3 СН3
СН3
Негізгі әдебиет :1, 2
Қосымша әдебиет: 3
Бақылау сұрақтары
Көмірсутектердің қандай түрлерін білесіз?
Құрылымдық изомерлер деген не?
Рационалдық номенклтура бойынша көмірсутектердің аты қалай құрастырылады?
Халықаралық номенклатура бойынша көмірсутектердің аты қалай аталады?
Қандай құрылымдық бірліктер алкил радикалдарына жатады?
№ 2 тәжірибелік сабақ. Қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттері
Тапсырмалар:
Қаныққан көмірсутектердің (алкандардың) химиялық қасиеттері.
Қаныққан көмірсутектердегі сутек атомының галоген, сульфо- және нитротоптарына орынбасу механизмі.
Есеп шығару.
Әдістемелік ұсыныстар
Қаныққан көмірсутектеріне сутек атомының әртүрлі атомдар мен атомдар топтарына орынбасу реакциялары тән.
Метанды жарықтың әсерінен хлорлау реакциясын қарастырайық.
СН4 + Сl2 — СН3Сl + НСl
метилхлорид
СН3Сl + Сl2 — СН2Сl2 + HCl
метиленхлорид
СН2Сl2 + Сl2 — CHCl3 + НСl
хлороформ
СНСl3 + Сl2 — ССl4 + НСl
Хлорлау реакциясы бос радикалдық механизм бойынша жүреді де үш қарапайым реакциялардан тұрады:
Тізбектің басталуы Сl2 —жарық 2Сl*
Тізбектің өсуі СН4 + Сl* — СН3* + НСl
СН3* + Сl2 — СН3Сl + Сl∙
Тізбектің үзілуі СН3* + Сl* — СН3Сl
Сl* + Сl* — Сl2
Бос радикалдық механизм бойынша басқа да реакциялар (сульфирлеу, сульфохлорлау, сульфототығу, нитрлеу) жүреді.
1-мысал: 2-метилбутанның нитрлену реакция теңдеуін жазыңыз. Реакция қандай механизм бойынша жүреді?
Шешуі. Сұйықталған азот қышқылымен нитрлеу реакциясы (Коновалов реакциясы) бос радикалдық механизм бойынша жүреді. Орынбасу реакциясына сутек атомы оңайырақ түседі, содан кейін екіншілік және біріншілік сутек атомдарын орын басады. 2-метилбутанды мононитрлегенде негізінен 2-метил-2нитробутан түзіледі.
СН3 СН3
СН3—СН—СН2—СН3 + НОNO2 — СН3—С—СН2—СН3 + Н2О
NO2
2-метил-2-нитробутан
2-мысал: метан меен этанның монохлорлану реакцияларын жазыңыз. Неліктен этанның хлорлану реакциясының жылдмадығы метанның хлорлану реакциясынан 400 есе жоғары екенін түсіндіріңіз.
Шешуі. Метанды монохлорлағанда хлорметан, этанды монохлорлағанда хлорэтан түзіледі
Этанның хлорлану реакциясының жылдамдығы метанның хлорлану реакциясының жылдамдығынан көптеген есе жоғары, себебі этаннан тұрақтырақ этил радикалы түзіледі.
СН4 + Сl2 — СН3Сl + НСl
СН3 – СН3 + Сl2 — СН3 - СН2Сl + НСl
Өздігінен шешуге арналған есептер
2-метилбутаанның монохлорлану реакциясын жасаңыз. Босрадикалдық тізбекті процестің жеке сатыларын сипаттаңыз. Қандай көмірсутек радикалдары баяу сатымен түзіледі?
Келесі көмірсутектер үшін М.ИКоновалов реакциясын жазаыңыз: а) этанның; б) н-пентанның; в) 2-метилбутанның. Реакция қандай жағдайда жүреді?
С2Н12 көмірсутегі хлорланғанда тек бір монохлортуынды береді. Бастапқы көмірсутегінің құрылысы қандай?
Бутанның сульфирлену және нитрлену реакция теңдеулерін жазыңыз. Бұл реакциялар қандай механизм бойынша жүреді?
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
Алкандардың негізгі химиялық реакцияларын атап шығыңыз?
Алкандарды галогендеу реакциясы қандай механизм бойынша жүреді? Метанның хлорлану реакция сызбанұсқасын келтіріңіз.
Қандай реакция Коновалов реакциясы деп аталады?
Сульфирлену, Сульфототығу, сульфохлорлану реакциялары қандай механизм бойынша жүреді? Этанның реакцияға түсу реакция сызбанұсқасын келтіріңіз.
Жоғары температурада алкандардың реакциясы қалай жүреді?
№ 3 тәжірибелік сабақ. Қанықпаған көмірсутектердің (алкендердің) химиялық қасиеттері
Тапсырмалар:
Қос байланыс бойынша қосып алу реакциялары
В.В.Марковников ережесі
Алкендердің полимерленуі
Есеп шығару
Әдістемелік ұсыныстар
Қос байланыс пайда болғанда көрші екі көміртек атомдарының арасында sp2 –гибридтену жүреді, мұндайда бір s –орбиталь мен екі р –орбиталь араласады. Үшбұрыштың ұшына 1200 бұрышпен бағытталған осьтері бір жазықтықта жататын үш гибридті орбитальдар түзіледі.
Әрбір көміртек атомында бір-бірден гибридтенбеген р –орбитальдар қалады, олар δ -байланысып жатқан жазықтың астымен де, үстімен де оған перпендикуляр бағытта бір-бірімен жабылады. Осылай пайда болған байланыс π-байланыс деп аталады. Π-байланыстың электрон бұлттары кеңістікте таралады да, көміртек атомтарының ядроларының арасындағы аймақтан тыс шығып кетеді. Сонымен, қос байланыс бір δ -байланыс пен бір π-байланыстан тұрады.
Алкандардың химиялық қасиеттері қос байланыстың болуына байланысты. Қос байланыс екі атомды немесе атомдар тобын қосып алу арқылы екі дара байланысқа оңай айналады. Сондықтан оларға негізінен қосып алу реакциялары тән.
1-мысал. Пропеннің гидратациялану реакция теңдеуін жазып, механизмін талдап шығыңыз.
Ш
ешуі.
Пропанды катализаторлардың қатысуында
гидратациялайды. Пропеннің қос байланысы
метил тобының әсерінен поляризацияланған
бұл поляризацияланудың салдарынан
полюсті су молекулалары белгілі бір
жолмен қосылады. Пропеннің гидратациясы
В.В.Марковников ережесіне электрон
тығыздығының ығысуына қарай жүреді.
Екіншілік пропил спирті
2-мысал. Этилен көмірсутектерінің полимерлену мысалдарын келтіріңіз.
Шешуі. Полимерлену – олефиндердің маңызды реакцияларының бірі. Полимерлену реакциясы деп қанықпаған қосылыстардың еселі байланыстанының ашылуы арқылы өзара әрекеттесуі арқылы жоғары молекулалық қосылыстың (полимердің) түзілу процесін айтады. Процесс қыздыру, жоғары қысым, сәулелендіру, бос радикалдардың немесе катализаторлардың әсері арқылы жүруі мүмкін.
этен
полиэтен (полиэтилен)
пропилен полипропилен
Өздігінен шешуге арналған есептер
Этиленнен этанол, дибромэтан, хлорэтан, 1,2-этандиол алу реакция теңдеуін жазыңыз. Осы реакциялардың қайсысы еселі байланысқа сапалы реакция болып табылады?
Мына реакциялардың әрекеттесу механизмін қарастырыңыз: пропеннің бромды сутекпен, 1-бутеннің сумен, 2-метил-1пентеннің бромды сутекпен.
Келесі көмірсутектің гидратациялану реакцияларын жазып, түсіндіріп беріңіз: пропеннің; 1-бутенннің. Бұл реакциялар қандай ереже бойынша жүреді? Реакция өнімдерін рационалды және ИЮПАК номенклатурасы бойынша атаңыз.
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
Қос байланыс бойынша электрофильді қосылу реакциялары мысалдарын келтіріңіз.
Марковников ережесініің мәні неде?
Алкендердің полимерленуі қалай жүреді?
Қос байланысты анықтау үшін қандай сапалы реакциялар қолданылады?
Қос байланыстың орнын анықтау үшін қандай реакциялар қолданылады?
№ 4 тәжірибелік сабақ. Диенді және ацетиленді көмірсутектер
Тапсырмалар:
Қосарланған диендер, олардың құрылымдық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Диенді синтез және 1,3-диендердің полимерленуі.
Үш байланыс бойынша қосылу реакциялары. Ацетиленнің С-Н-қышқылдығы.
Ацетиленнің полимерленуі.
Есептер шығару.
Әдістемелік ұсыныстар
1,3-диендердің екі қосарланған π-байланыстары ортақ электрон бұлтын түзеді. Соның салдарынан жай байланыстың ұзындығы қысқарып, молекула тұрақтана түседі. Қосарланған диендер 1,2 және 1,4-жағдайда қосып алу реакциясына түсе алады.
Үш байланыс пайда болғанда әрбір көміртек атомы SP-гибридтенеді, яғни гибридтенуге бір S- және бір P-орбитальдар қатынасады. Гибридті орбитальдар көміртек атомдарының арасында δ-байланыстар түзеді. Екі атомда да екі-екіден гибридтенбеген Р-орбитальдар болады, олар екі өзара перпендикуляр жазықтықта жанасқанда екі π-байланыс түзеді. Сонымен үш байланыста бір δ-байланыспен екі π-байланыс болады. Ацетилендердің соңғы ацетилен топтарына С-Н байланысының күшті полюстенуінің салдарынан елеулі қышқылдық тән, себебі С-Н байланысының электрон жұптары көміртегінің ядросына жақынырақ болғандықтан сутек атомы полюстенеді.
1-мысал. Ацетиленнен сірке альдегидін алу .
Шешуі. Сірке альдегидін алу үшін ацетиленге Hg(II) тұздарының қатысуында су қосу реакциясы – Кучеров реакциясы қолданылады. Алдымен винил спирті түзіледі, ол тұрақсыз болғандықтан изомерленіп, сірке альдегиді алынады.
2
-мысал.
Кальций карбидінен 1,3-бутадиен алу.
Шешуі. Кальций карбидінен судың әсерінен ацетилен алынады, ол полимерленген дивинилацетилен түзіледі, оны ары қарай дегидрлеу реакциясы 1,3 бутадиен береді.
Өздігінен шешуге арналған есептер
Келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрылымдық формулаларын келтіріңіз: а) пропадиеннің; б) 1,2-бутадиеннің; в) 1,3-бутадиеннің; г) 2-метил-1,3-бутадиеннің; д) 2,3-диметил-1,3-бутадиеннің; е) 1,5-гексадиеннің.
Изопреннің каучук түзіп полимерлену сызбанұсқасын келтіріңіз. Табиғи каучуктің құрылысы қалай дәлелденген? Оның макромолекуласының конфигурациясы қандай? Каучуктың жоғары эластикалығына не себепші болады?
Құрылымы С5Н8 алкиннің барлық изомерлерінің құрылымдық формулаларын келтіріңіз. Оларды рационалдық және халықаралық номенклатура бойынша атаңыз. Соңында үш байланысы бар алкиндерді көрсетіңіз.
Келтірілген көміртек қанқасы қосарланған қос байланыстары бар неше диен бере алады?
С
а) С – С – С – С – С б) С – С – С – С – С в) С – С – С – С – С
С С С С
Сол диендерді атаңдар.
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
Синтетикалық каучук алу үшін қандай қосарланған диендер қолданылады?
Қосарланған алкадиендердің 1,2 және 1,4 текті қосылу реакцияларының мысалдарын келтіріңіз.
Кучеров реакциясы деп қандай реакцияны айтады?
Ацетиленнен қалай жай винил эфирін,акрилонитрил, винилацетат алуға болады?
Ацетилен алудың қандай әйгілі өндірістік әдістері бар?
№ 5 тәжірибелік сабақ. Көмірсутектердің галогентуындылары мен спирттер
Тапсырмалар:
1 Галоидалкандардың алынуы мен химиялық қасиеттері.
2 Спирттердің номенклатурасы мен жіктелуі.
3 Гидроксил тобын галогенге алмастыру, алкаголяттар, күрделі эфирлер алу реакциялары.
4 Спирттердің дегидрлену, тотығу және дегидратациялану реакциялары.
Есептер шығару.
Әдістемелік ұсыныстар
Галогеналкилдер – органикалық қосылыстардың реакцияға бейім кластарының бірі. Олар алкилдеуші агенттер болып табылады.(олардың көміртегімен органикалық қосылыстарға алкил радикалдарын енгізеді). Галогеналкилдердің галоген атомдары әр түрлі топтарға оңай алмасады: гидроксил, нитро- және амин топтарына, циан тобына, сутек атомына, жай және күрделі эфирлер түзеді. Күйдіргіш сілтілердің спирттегі ерітінділерімен әсер еткенде галогеналкилдер галогенсутек үзіп шығарып, олефиндер береді.
Спирттердің химиялық қасиеттері құрамында –ОН топтары болуынан реакцияға түскенде О-Н немесе С-О байланысы үзіледі.
Спирттер сілтілік металдармен әрекеттеседі, кабон қышқылдарымен күрделі эфирлер береді (эитирификациялану реакциясы), алкендер мен күрделі эфирлер түзу арқылы дегидратацияланады, альдегидтерге (біріншілк спирттер) немесе кетондарға (екіншілік спирттер) дейін тотығады. Спирттердің химиялық қасиеттері гидроксил тобы қандай көміртек атомында (біріншілік, екіншілік немесе үшіншілік) тұрғанына байланысты.
Өздігінен шешуге арналған есептер
1-мысал. Метилизопропилкарбинол спиртінің тотығу реакция теңдеуін жазыңыз. Реакция өнімін ИЮПАК номенклатурасы бойынша атаңыз.
Шешуі. Бұл есепті шешу үшін спирттердің карбинолды номенклатурасының, қасиеттерінің принциптерін, карбонильді қосылыстардың аттарын құрастыру принциптерін білу керек. Метилизопропил карбинолдың құрылымдық формуласын құру керек:
СН3
СН3——С——СН—— СН3
ОН СН3
Метилизопропилкарбинол
Тотығу реакциясына қасында гидроксил тобы ОН бар көміртегі атомындағы сутек атомы түседі.
И
ЮПАК
номенклатурасы бойынша атын атау үшін
негізгі көміртек тізбегін карбонил
тобы жағынан 3 цифрімен номрлейді: метил
радикалының орнын көрсетеді, көмірсутекті
негізгі нөмірленген тізбектегі
көміртегінің санына сәйкес атайды –
бутан, кетондарға аталуына тән «он»
жалғауын қосып, «бутанон» атынан кейін
2 цифрымен карбонил тобының орнын
көрсетеді, яғни 2-метил-2-бутанон
Өздігінен шешуге арналған есептер
Сәйкес галогеналкандар мен натрийдан пропан мен изобутан алыңыз.
Этанның этанолға түрлену сызбанұсқасын жазыңыз.
Реакция теңдеуін жазып, түзілген алкендерді атаңыз:
Al2O3
а
)
СН3СН(СН3) – СН (ОН)СН3
3000C
H2SO4
б) СН3 – СН(ОН) – СН2 – СН3
t
КОН, С2H5OН
в) СН3СН2 – СНBr – СН3
t
Zn
г
)
СН3СНBr – СВr(СН3)2
спирт, t
Pd
д) СН3СН2СН2СН3
4500С
Н2
е
)
СН3С ССН3
Pd,PbO
Галогеналкандардың нуклеофильдермен келесі реакцияларының негізгі өнімін болжап көріңіз.
ДМФА
а
)
1-бромбутан + NaNO2
эфир
б ) 2-иодпентан + AgNO2
ДМСО
в
)
1-хлор-2-метилпропан + KCN
80%-ный спирт
г ) 2-бромбутан + AgCN
Көрсетілген қосылыстардан 2-бутанол алу сызбанұсқасын келтіріңіз: а) 2-хлорбутаннан; б) н-бутаннан; в) 1-бутеннен; г) 2-бутаноннан; д)2-бутиннен
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
1 Галогеналкандардың алынуы мен химиялық қасиеттері.
2 Спирттердің номенклатурасы мен жіктелуі.
3 Марковников ережесі туралы айтыңыз.
4 Алмастыру, алкаголяттар, күрделі эфирлер алыну реакциялары.
№ 6 тәжірибелік сабақ
Альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдар
Тапсырмалар:
Альдегидтердің, кетондардың және кабон қышқылдарының номенклатурасы.
Альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері
Есептер шығару
Әдістемелік ұсыныстар
Карбонил тобының С=O қос байланысы бір δ-байланыс пен бір π-байланыстан тұрады. Көміртек атомынан гөрі оттек атомының электронға ынтықтығы жоғарырақ болғандықтан қос байланыс поляризацияланғанда көміртек атомында оң, ал оттек атомында көтеріңкі электрон тығыздығы пайда болады.
С=O
Альдегидтер мен кетондарға карбонил тобы бойынша нуклеофильді қосып алу реакциясы тән. Карбонил тобы өзіне көрші орналасқан СН-, СН2, СН3-топтарындағы сутек атомдарының қозғалғыштығына әсер етеді. Сондықтан альегидтер мен кетондар карбонил тобына электрофильді қосып алу механизмі бойынша жүретін өзара конденсациялану реакцияларына бейім келеді.
Органикалық карбон қышқылдарында карбоксил тобы –СООН болады. Карбоксил тобында С=O байланысы оттек атомының бөлінбеген электрон жұптарымен қосарлануы О-Н байланысының әлсізденуінен протон оңай бөлініп шығады, соның салдарынан карбон қышқылдары қышқылдану қасиет көрсетеді.
R-COOH
RCOO
+H
О
Н
– тобының орнын басқанда қышқылдардың
функциональды туындылары шығады.
1-мысал. Сірке альдегидінің мысалында альдегидтік және кетондық конденсацияны қарастырыңыз.
Шешуі. Конденсация α-көміртек атомындағы қозғалғыш Н-атомының есесінен жүреді. Альдоль (альдегидспирт)-3-гидроксибутаналь алынады.
СН3-СН
СН2-СН
СН3-СН-СН2-СН
+
О Н О ОН О
Қыздырғанда альдоль суды жоғалтып қанықпаған альдегид-түзіледі-кротондық конденсация.
СН3-СН-СН-СНО
СН3-СН=СН-СНО
+ Н2О
кротон альдегиді
ОН Н (2-бутеналь)
2-мысал. Басты өнім ретінде ацетиленді пайдаланып, сірке қышқылының этил эфирін алыңыз.
Сәйкес теңдеулерді жазу үшін Кучеров реакциясын, альдегидтердің қасиеттерін және де этирификациялау реакциясын болу керек.
Шешуі. Кучеров реакциясы бойынша этаналь, оны тотықтырып этан қышқылын, ал тотықсыздандырып этанол аламыз. Этификациялау реакциясы бойынша қышқыл мен спирттен күрделі эфир-этилацетат аламыз.
СН3-СН СН3-СН
О ОН
СН3-СН СН3-СН2 ОН
О
СН3-СООН + СН3-СН2 ОН СН3-СООСН3
Ө здігінен шешуге арналған есептер
Келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын келтіріңіз. Оларға рационалдық номенклатура бойынша атаңыз: а) пентаноль; б) 3-метилбутанол; в) 2-пентанон; г) 4-метил-2-пентпнон; д) 3-бутеналь; е) 4-пентин-2-ОН.
пропион альдегидінің келесі реагенттермен реакциясын жазыңыз: а)
; б)
; в)
(спирт); г)
; д)
(спирт); е)
(спирт). Түзілген қосылыстарды атаңыз. Альдегид пен реагенттің негізгі қасиеттерін салыстырып, неліктен (а) және (б) жағдайлаында реакция күшті қышқылдармен катализденеді, ал басқа жағдайларда күшті қышқылдары қолданғанда қосылу процесі баяуланады немесе тіпті басылып қалатынын түсіндіріңіз. Спецификалық және жалпы қышқылдық катализге түсініктеме беріңіз.
Келтірілген қышқылдардың құрылымдық формулаларын жазыңыз: а) диметрилпропион қышқылы; б) 3-метиблутан қышқылы; в) 4-метил-4-этилпентан қышқылы; г) 2,2,3-триметилбутан қышқылы; д) 3,5-диметил-4-этилгексан қышқылы. Осы қосылыстарды басқаша атаңыз.
Пропион қышқылының келтірілген реагенттермен реакцияласу теңдеуін жазыңыз: а) Zn; б) NaOH; в) NaHCO3; г) NH4OH; д) Ca(OH)2; е) CH3MgJ. Бұл реакцияларда пропион қышқылының қандай қасиеттері білінеді? Осы реакциялардың қайсысы органикалық қосылыстардағы карбоксил топтарын сапалық анықтауға қолданылады?
Мынандай түрлену реакциясын жазып шығыңыз: метан → ацетилен → сірке альдегиді сірке қышқылы → этилацетат.
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
Альдегидтер мен кетондар карбонил топтары бойынша қандай нуклеофильді реагенттермен әрекеттеседі?
Альдегидтер мен кетондар тотыққанда қандай өнімдер алынады?
Карбон қышқылдарына қандай туындылар тән?
Этифификациялану реакциясында қандай қосылыстар түзіледі?
Альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдарына қандай сапалы реакциялар тән?
№ 7 тәжірибелік сабақ. Көмірсутектердің нитро- және амин туындылары
Тапсырмалар:
Алифатты қатардың нитротуындыларының изомериясы мен номенклатурасы.
Біріншілік, екіншілік және үшіншілік алифаттық нитроқосылыстардың азотты қышқылға қатысы. Карбонильді қосылыстармен конденсациясы.
Алифатты қатардың аминтуындыларының изомериясы мен номенклатурасы.
Амин топтарының қатысыуы мен жүретін реакциялар: аминдерді алкилдеу және ацилдеу, аминдердің азотты қышқылмен әрекеттесуі.
Есептер шығару.
Әдістемелік ұсыныстар
Алифатты
қатардың азотты қосылыстарына нитро
тобы
бар нитроқосылыстар және амин
тобы
бар аминқосылыстар жатады. Нитроалкандарды
тотықсыздандырғанда алкандардың
аминтуындыларын алуға болады:
R
-NO2
+ 6H R-NH2
+ 2H2O
Нитротоптардың электрондағы ынтықтығы елеулі жоғары болғандықтан олар ең өте күшті электракцепторлы орынбасардың бірі болып саналады. Аминтоптарының электронакцепторлы қасиеті нашар нитроалкандар СР- қышқылдарға жатады, ал аминалкандар азот атомының бөлінбеген электрон жұптарының салдарынан негіздік қасиет көрсетеді. Аминалкилдердің молекулаларында алкил топтарының көбеюі аминдердің негіздігін арттырады. Аминдердегі сутек атомдары алкил және ацил радикалдарына алмаса алады.
1-мысал. Нитро- және аминқосылыстарының азотты қышқылмен реакциясын жазыңыз.
Шешуі. Біріншілік және екіншілік нитро- және амин қосылыстары азотты қышқылмен әрекеттеседі.
R
-CH2-NO2
+ HO-NO H2O
+ R-CH(NO2)-N
= O R-C = N-OH
NO2
R2CH-NO2 + HO-NO H2O + R2C(NO2)-N = O
Псевдонитролдар
R—NH2 + HNO2 — R—OH + N2 + H2O
Спирт
R2NH + HNO2 — R2N—NO + H2O
нитрозамин
R
3N
+ HNO2
—
Үшіншілік
нитро- және аминқосылыстар
-мен
әрекеттеспейді.
2-мысал.
Құрамы
қосылысының
құрылымы қандай, егер ол тұз қышқылымен
тұз түзсе, ал азотты қышқылдың әсерінен
2-метил-1-пропанолға айналатын болса,
сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
Шешуі. Алынған спирттің құрылысынан бастапқы аминнің формуласын болжап, реакция теңдеуін жазуға болады.
С4Н11N + НСl — С4Н11N.НCl
С4Н11N + НONO — 2-метил-1-пропанол
Бастапқы амин - 2-метил-1-аминопропан
Өздігінен шешуге арналған есептер
Келтірілген қосылыстары атаңыз:
СН3
а) СН3СН2СН2 – СН – СН3 б) СН3 – СН – СН – СН3
NO2
NO2
в) СН3 – СН – СН2 – СН – СН3 г) СН3 – СН – СН – СН – СН3
СН2 NO2 CH2 CH2
CH3 CH3 CH3
СН3
д) СН3 – СН – СН – СН3 е) СН3 – СН = СН – СН – СН3
СН2NO2 NO2
Келесі түрлену реакцияларында (заттар эквимолярлық ара-қатынаста алынған) түзілетін А,Б, және В қосылыстарының формуласын келтіріңіз.
NaOH HCl ұстап тұрғанда
СН3СН2NO2 A Б В
Н2О Н2О
Неге Б қосылысының ерітіндісі қышқылдық реакция береді, ал В қосылысының ерітіндісі бейтарап болатынын түсіндіріңіз.
Мына қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыз: а)пропиламин; б) диэтиламин; в) метилэтиламин; г) триэтиламин; д) метилизопропиламин; е) диметилэтиламин. Қайсысы біріншілік, екіншілік және үшіншілік екенін көрсетіңіз. Құрылымдық изомерлерін белгілеңіз.
Келтірілген қосылыстардың қайсысымен пропиламин, метилэтиламин және триметиламин әрекеттеседі:
а) HBr; б) CH3Br;
O
в) С2Н5 – С
Сl ; г) СН3MgBr; д) н-C4H9Li?
Әрекеттесу жүретін реакциясын келтіріңіз, (б) реакциясының механизмін келтіріңіз. Қай реакцияда аминдер негіздік, нуклеофильдік және қышқылдық қасиеттер көрсететінін белгілеп беріңіз.
NaOH
а
)
СН3СН2СН2Br
+ NH3
…
Al2O3
б)
СН3СН2СН2ОН + NH3
~ 4000C
[Ni]
в)
СН3 – С – СН3 + NH3
+ H2
p,t
O
H2[Ni]
г)
Br – CH2CH2
– Br +2KCN …
t p,t
NaOH
д) СН3СН2СН2СONH2 + NaOBr
[H2O]
Негізгі әдебиет 1, 2
Қосымша әдебиет 3
Бақылау сұрақтары
Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстарға сілтілермен әсер еткенде қандай өнімдер пайда болады?
Нитроспирттер қалай түзіледі?
Қандай топтардың есесінен аминдер негіздік қасиет көрсетеді?
Алифаттық нитро- және аминқосылыстарын қалай алады?
Біріншілік, екіншілік нитроқосылыстар мен аминдер азотты қышқылмен әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі?