Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать
  1. Майлар мен сабындар

Тапсырма

Майлар мен сабындарды алу.

Негізгі әдебиеттер: 3[211-213]

Қосымша әдебиеттер: 8 [9-13]

Бақылау сұрақтары

1.Күрделі эфирлер қандай жағдайда гидролизденеді?

2.Майлар қандай класс қосылыстарына жатады?

3.Майлардың балқу температурасы қандай факторларға байланысты?

4.Сабын деген не?

5.Мына қосылыстарды гиролиздегенде қандай қосылыстар түзіледі:

а) май қышқылының метил эфирі, б) сірке қышқылының этил эфирі, в) сірке изоамил эфирі?

Жұмысты орындау тәртібі

1 тәжірибе. Майлардың гидролизі (сабындану/

Тәжірибе сұйық майлармен де (күнбағыс не басқа сұйық өсімдік майлары), қатты майлармен де (сиыр, шошқа не қой майлары) жүргізіледі.

Сйымдылығы 50-100 мл конустық колбаға 2-3 мл сұйық май мен 8 мл 15% -дық сілтінің спиртегі ерітіндісін құяды. Колбаны ауа суытқышы бар тығынмен жауып, реакциялық қоспаны араластырады да, жайлап қайнағанша сілкілеп араластырып тұрып, 10-15 минут қыздырады. Реакцияның біткенін анықтау үшін гидролизаттың бірнеше тамшысын 2 мл ыстық айдалған суға тамызады: егер гидролизат толығымен , май тамшыларын түзбей еритін болса, реакцияны бітті деп есептеуге болады. Сабындану реакциясы аяқталғаннан кейін сабынды гидролизаттан 10-12 мл ыстық қаныққан натий хлориді ерітіндісін қосу арқылы бөледі. Алынған сабын ерітінді бетіне қабаттанып, бөлініп шығады. Тұнғаннан кейін қоспаны суық сумен суытады, қатқан сабынды сүзіп алады.

Тоң маймен де осындай тәжірибе жасайды. Алынған қатты сабындарды келесі екінші тәжірибеге сақтап қояды. Үш стеаринді натрий гидроксидімен сабындай реакциясының теңдеуін жазыңдар. Реакция өнімін атаңдар.

2 тәжірибе. Сабынның суда еруі.

Төменде келтірілген тәжірибелерді жасау үшін 1 тәжірибеде сұйық майдан алынған сабынды суда ерітіп, сабын ерітіндісін даярлайды. Ол үшін кішкене бір түйір сабынды алып (1-2г), пробиркаға салады да, ол 10-15 мл айдалған су құяды. Пробирканы қыздырып, температураны көтергенде сабынның тезірек еритініне көз жеткізуге болады. Пробирканың ішіндегісін шайқағанда ерітінді қатты көбіктенеді. Натрий сабыны басқа да сілтілі сабындар (калий, аммоний сабындары) суда жақсы ериді.

    1. тәжірибе. Сабыннан бос карбон қышқылдарының бөлінуі.

Бір пробиркаға 5-6 мл сұйық майдан алынған сабынның судағы ерітіндісін

құяды, ал екіншісі тура сонша тоң майдан алынған мабын ерітіндісін құяды.

Содан кейін екі колбаға да 3-4 тамшыдан сұйытылған 2 мл күкірт қышқылын қосады. Колбаларды сулы жылытқыштарда қыздырғанда бос карбон қышқылдарының ақ жапалақ тұнбасы түсе бастайды. Тұнбаны бөліп алып, келесі тәжірибеге алып қою керек.

Карбон қышқылдарын сабыннан алу реакциясын жаз.

    1. тәжірибе. Сабынның екінші топтағы металдар тұздарымен алмасу

реакциялары.

Пробиркаға 2 мл сабынның судағы ерітіндісін (2 тәжірибеден алған) құйып, үстіне сонша кальцийдің кез келген тұзының судағы ерітіндісін құяды. Кальций сабыны түзіледі. Сонда не байқалады? Сабын ерітіндісінің көбіктену қасиеті қалай өзгереді? Натрий стеаратын алып кальций сабынының алыну реакциясын жазыңыз.