Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары.

1 Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелері. Техника қауіпсіздігі.

Тапсырма

Студенттерді органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелерімен және техника қауіпсіздігінің басты ережелерімен таныстыру.

Негізгі әдебиеттер: 3[17-22]

Қосымша әдебиеттер: 6 [10-18]

Бақылау сұрақтары

  1. Сұйықтарды қыздырғанда колба мен сынауықты қалай ұстайды?

  2. Жоғарғы вакуумде немесе қысымда қалай жұмыс істейді?

  3. Металдық натрий және сынаппен жұмыс жасағанда қандай сақтық түрлері орындалуы қажет?

  4. Улы заттармен және оңай тұтанғыш сұйықтармен қалай жұмыс жасайды?

  5. Концентрлі қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасағанда орындалатын қауіпсіздік шаралары?

Жұмыс орындау тәртібі

Оқытушы студенттерді «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәні бойынша орындалатын жұмыстармен және осы жұмыстарда қолданылатын негізгі қосылыстармен таныстырады. Сонымен бірге органикалық химия зертханасында синтезге қажетті құралдар мен ыдыстар туралы да толық әңгімеленеді.

Студенттер органикалық химия лабораториясында жұмыс жасауды реттейтін арнайы инструкциялармен танысады, оның кейбіреулері мына ережелерді орындауды талап етеді:

  1. Әр студент халат киіп жұмыс жасап, жұмыс орынын таза ұстауы қажет.

  2. Жұмыс уақытында тыныштық сақтап берекесіздік көрсетпеуге тиіс.

  3. Жалғыз жұмыс жасауға қатаң тиым салынады және синтез жүргізіліп жатқан жабдықты өз бетімен ескерусіз тастап кетуге болмайды.

  4. Тек қана таза ыдыстарды қолдану реагенттерді, электр энергиясын, суды мейлінше үнемдеу қажет.

  5. Раковинаға органикалық заттарды, қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерін құюға болмайды. Оларды жинайтын лабораторияда арнайы шыны сауыттар болуы қажет.

  6. Лабораторялық жұмысқа тәжірибелерді оқытушымен әбден пысықтап алғаннан кейін кірісу қажет.

  7. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орынын мұқият тазалап, су мен электр энергиясын өшіріп, таза ыдыстарды лаборантарға тапсыру керек.

  8. Өрт қауіпі немесе күшті қышқылдармен күйіп қалған жағдайда ондай студентке алғашқы көмек бере алатын жағдайда болу.

Инструкциямен толық танысқаннан кейін студент өзінің жұмыс орынында техника қауіпсіздігінен алғаш инструкция алғаны жөнінде арнайы жорналға қолын қояды.Осы сәттен бастап өз ісіне өзі жауап беретін болады.

Міне осыдан кейін оқытушы студенттерді топ-топқа немесе топшаларға бөліп, жұмыстарын таратып беріп жасалуын қадағалайды.

  1. 2 Органикалық қосылыстарды тазалау тәсілдері

Тапсырма

Екі сұйықты айдау арқылы бөлу және қатты органикалық қосылыстарды қайта кристалдау арқылы тазалау.

Қосымша әдебиеттер 6 [5-15], 7 [5-11]

Бақылау сұрақтары

  1. Сұйық және қатты заттарды тазалаудың әдістерін атаңыз.

  2. Сұйық органикалық қосылыстарды айдаудың түрлері.

  3. Сұйық айдалатын қондырғыға, яғни колбаға не себепті фарфордың ұсақ түйіршіктерін салады?

  4. Қайта кристалдау процесінде қолданылатын еріткіштерді таңдау қандай приципке негізделген?

  5. Органикалық заттардың тазалығын анықтау үшін қандай физикалық тұрақтылар қолданады?

Жұмыс орындалу тәртібі

1 тәжірибе. Жай айдау арқылы сұйықтарды тазалау және сұйық қоспаларды бөлу.

Бұл әдіс тазартылатын қоспадағы заттардың қайнау температуралары бір-бірінен елеулі айырмашылықта болғанда қолданылады. Айдау сұйық пен будың құрамының өзгешелігіне негізделген. Сонымен қатар айдалатын қоспа құрамына кіретін заттардың қайнау температурасы бір бірінен біршама мәнге айырмашылықта болғанда қолданылады.

Атмосфералық қысымда жай айдауды Вюрц колбасынан, либих тура суытқышынан, алонж бен қабылдағыштан тұратын қондырғыда жүргізеді. Сұйықтың қайнау температурасы колбаның мойнына сынап шаригі айдалатын бумен толығымен шайылатындай етіп орналастырылған термометр арқылы қадағаланады. Термометр колбадан шығатын түтікше дәнекерленген тесіктің төменгі деңгейіне келетіндей етіп орналастырылады.

Айдалатын сұйық аса қызып кетпес үшін айдауды бастамас бұрын колбаға «қайнатқыштар» яғни кеуекті заттың (тас, фарфор сынығы, ағаш ұнтағы т.б.) бидай дәніндей бөлшектерін салып жібереді. Оны тек суық сұйыққа салу керек.

2 тәжірибе. Қатты заттарды қайта кристалдау арқылы тазалау.

Бұл әдісте басты рольді еріткіштер атқарады. Оларды дұрыс таңдап алғанда ғана қатты заттарды тазалауды оңтайлы жүргізуге болады. Бір еріткіш толық қанды тазалауға мүмкіндік бермесе еріткіштер қоспасын алу қажеттілігі туады. Қайта кристалданатын затты өзіне сай еріткіште ерітеді. Көбінше ерітуді қыздыра отырып кері суытқышпен жалғап еріту керек.

Колбаға бензой қышқылынан 5 г алып 30 мл этил спиртінде ерітіп, қайнауға жеткенше қыздырады. Ерітіндідегі барлық қоспа еріп кеткенше оны кері суытқышпен жалғайды да қыздырады. Бірақ қайнатпайды. Содан соң ерітіндіні бөліп алып суытады. Суыған ерітіндіге түскен тұнбаны сүзіп алып кептіреді. Осы таза зат деп саналады.