Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать

9 Дәріс. Көп атомды спирттер

Құрамында бірнеше гидроксил тобы бар спирттерді көп атомды спирттер (екі атомды, үш атомды, төрт атомды) деп атайды. Екі атомды спирттерді гликольдер деп те атаймыз. Қаныққан гликольдердің жалпы формуласы . Әдетте бір көміртек атомында екі гидроксил болмайды.

Изомерлері мен аталуы. Мысал ретінде құрамы гликольдердің изомерлерін қарастыралық.

Гидроксил топтарының орналасу ретіне қарай екі атомды спирттерді гликольдер деп те ажыратады.

-гликольдерде гидроксил топтары қатар орналасады (І,ІV,V).

-гликольдерде гидроксил топтары өзара 1,3 қалыпта орналасады.

-гликольдерде осы топтар 1,4 қалыпта орналасады.

Мұнан басқа гликольдерді - гликольдер деп атайды. Сол сияқты гликольдердің аттары этиленді көмірсутек аттарына ( -гликольдер) немесе қаныққан көмірсутек аттарынан бірінші қалыпты этиленді көмірсутектің атына гликоль деген сөз қосылады. Мысалы,

этиленгликоль

пропиленгликоль

Систематикалық номенклатура бойынша қаныққан көмірсутек атына диол жалғауын қосып, гидроксил тобы бар көміртек атомдарының нөмерін көрсетеді. Мысалы, этандиол

Изомерлері 2 түрде кездеседі.

  1. гидроксил тобының орнына қарай

  2. көмірсутегінің құрылымына қарай

(І)

(ІІ)

(ІІІ)

(ІV)

(V)

(VІ)

Алу әдістері. Гликольдерді бір атомды спирттерге сәйкес немесе басқа әдістермен алуға болады.

1. Қаныққан көмірсутектерінің дигалоген туындыларынан немесе хлоргидриндерді гидролиздейді:

2. -тотықтарды гидратациялау:

3.Этиленді тотықтыру, яғни этиленнің бөлмелік температурада KMnO4 әрекеттесуі:

Физикалық қасиеттері. Гликольдердің төменгі қатардағы мүшелері - қоймалжың сұйықтық, жоғарғылары - кристалдық заттар. Гликольдердің қайнау температурасы спирттердің қайнау температурасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Бір атомды спирттерге қарағанда гликольдер суда жақсы ериді, тәтті дәмді. Қарапайым гликольдердің тығыздығы бірден жоғары.

Химиялық қасиеттері. Гликольдердің химиялық қасиеттері бір атомды спирттерге ұқсас. Бірақ олар бір немесе екі гидроксил топтары арқылы реакцияларға түсе алады.

Сілтілік металдармен толық және толық емес гликоляттар түзеді.

Минералды және органикалық қышқылдармен әрекеттесуі нәтижесінде толық және толық емес эфирлер алынады.

Азот қышқылы мен этиленгликольдердің толық және толық емес эфирлері.

Соған сәйкес толық және толық емес жай эфирлер алуға болады, мысалы, этиленгликольдің диэтил эфирі:

және этиленгликольдің моноэтилэфирі соңғысы этилцеллюлоза деген атпен нитролактар, оқ-дәрі, ацетат және басқа целлюллоза туындыларын алу өндірістерінде еріткіш есебінде қолданылады.

Гликольдердегі гидроксил топтары галогенмен оңай ауысады:

Екінші гидроксил тобы тек қана немесе қатысуымен қиын өтеді. Гликольдерден суды бөліп шығару молекула ішаралық және молекула аралық түрде өтуі мүмкін, ол көбінесе реакцияның орындалу жағдайында байланысты.

Мысалы, молекула ішаралық реакциялар:

1)

альдегид

қанықпаған

бір атомды спирт

Тетрагидрофуран

2) Молекула аралық су бөліп шығару оксиэфирлерді немесе жай эфирлерді алуға мүмкіншілік береді.

диэтиленгликоль

Жеке өкілдері. Қолданылуы. Маңызды өкілдері: этиленгликоль, диэтиленгликоль, полиэтиленгликольдер, 1,4 - бутандиол.

Этиленгликоль - қайнау температурасы 1980С, тәтті дәмді, қоймалжың сұйықтық. Судың қату температурасын өте күшті төмендетеді. Мысалы 60% - ті гликольдің судағы ерітіндісі -490С ғана қатады. Сондықтан оны антифриз (төмен температурада қататын сұйықтар) дайындау үшін қолданады. Этиленгликольдің азот қышқыл эфирі - динитроэтиленгликоль.

күшті қопарғыш зат, көп жағдайда нитроглицериннің орнына қолданылады.

Диэтиленгликоль. Қайнау температурасы 245,50С сұйықтық, еріткіш ретінде және сұйық зат есебінде мәшинелердің тежеуші тетіктерінің гидравликалық бөлшектерін толтыру үшін, мата өндірісінде маталарды бояу және өңдеуде қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: 1[170-194], 3[120-148]

Қосымша әдебиеттер: 4[157-174]

Бақылау сұрақтары

1. Көп атомды спирттердің түрлері. Мысал келтіріп түсіндіріп беріңіз.

2. Гликольдер, алыну әдістері мен қолданылуы.

3. Көп атомды спирттердің химиялық қасиеттері.

4. Көп атомды спирттердің сапалық реакциялары.

5. Көп атомды спирттердің жеке өкілдері.