
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті
- •Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
- •Алматы 2010
- •Қ ұрастырушылар: Ермағанбетов м.Е.,Чугунова н.И., Керімқұлова а.Ж. Алматы: ҚазҰту, 2010.117
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Контакттық ақпарат
- •1.2 Пән бойынша мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырма түрлері, атаулары және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру және бағалау
- •Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •Модульдар бойынша және аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курс саясаты мен процедурасы
- •2 Активті таратылып берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс. Кіріспе.Органикалық қосылыстардың жіктелуі
- •2 Дәріс. Химиялық байланыс, құрылым, реакцияға бейімділік туралы ұғымдарға қазіргі көзқарас
- •3 Дәріс. Қаныққан көмірсутектер (алкандар)
- •Изомерлері. Бұл қатардың алғашқы үш мүшесінің (метан, этан, пропан) изомерлері болмайды, ал бутан үшін (с4н10) екі изомер болады:
- •4 Дәріс. Қанықпаған көмірсутектер. Этилендік көмірсутектер (алкендер)
- •Изомерлері. Этилендік көмірсутектердің гомологтық қатарының структуралық изомериясы қаныққан көмірсутектері сияқты төртінші мүшесінен басталады. Алайда, бұларға бірнеше изомер түрі тән.
- •4. Сульфолау реакциясы
- •5. Гидратация реакциясы
- •5 Дәріс. Диен көмірсутектері (алкадиендер)
- •6 Дәріс. Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер)
- •7 Дәріс. Көмірсутектердің галогентуындылары
- •8 Дәріс. Спирттер (гидрооксиқосылыстар). Біратомды спирттер
- •9 Дәріс. Көп атомды спирттер
- •Алу әдістері. Гликольдерді бір атомды спирттерге сәйкес немесе басқа әдістермен алуға болады.
- •10 Дәріс. Альдегидтер мен кетондар
- •Альдегидтердің аталуы. Рационалдық аталу бойынша альдегидтерді екі жолмен атауға болады.
- •Кетондар номенклатурасы. Рациональды номенклатура бойынша кетондарды, карбонил тобын қоршаған радикалдарды, орынбасарлардың өсу ретімен атап, соңынан “кетон” деген сөз жалғау арқылы атайды.
- •11 Дәріс. Карбон қышқылдары және олардың туындылары
- •Бір негізді карбон қышқылдары. Номенклатурасы.Олардың бастапқы мүшелеріне тривиалды аталу тән.
- •Химиялық қасиеттері Бұлардың химиялық қасиеттерін толығымен дерлік карбоксил тобы анықтайды. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін үш бағытта қарастырған ыңғайлы:
- •3. Галогендеу реакциясы
- •Акрил қышқылы.Өнеркәсіпте мынадай схема бойынша алады:
- •Олеин қышқылы с17н33соон Бұл қышқыл пальмитин және стеарин қышқылдар қатарында майлар түзеді.
- •Екі негізді қаныққан қышқылдар. Қаныққан екі негізді ышқылдардың жалпы формуласы CnH2n(cooh)2
- •Физикалық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар - суда ерімтал, түссіз кристалды заттар.
- •Химиялық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар, бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек келеді. Оның себебі, диссоциациялануын жеңілдететін карбоксилдердің өзара әсерлері:
- •12 Дәріс. Алифатты қатардың азотты қосылыстары.
- •Алыну жолдары. Аминдер техникада және лабораториялық практикада көп қолданылады. Сондықтан бірнеше жолмен алынады.
- •Химиялық қасиеттері. Нитроқосылыстардың ең маңызды химиялық қасиеттері нитротроптың өзіндік структурасына байланысты.
- •Изомерлері. Бір негізді оксиқышқылдардың гомологтық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан , басталады. Одан кейін, гликоль немесе оксисірке қышқылы келеді.
- •Химиялық қасиеттері. Оксиқышқылдар қышқылдардың да, спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер түзеді. Мысалы сүт қышқылы:
- •Екі негізді төрт атомды қышқылдар. Бұл топтың басты өкілдерінің бірі шарап қышқылы
- •Оптикалық изомерлері. Көптеген оксиқышқылдарда ассиметриялы көміртек атомдары болады. Ассиметриялық көміртек атомы деп, көміртек атомы әр түрлі төрт топпен байланысқан жағдайды айтады.
- •14 Дәріс. Көмірсулар
- •15 Дәріс. Аминоқышқылдар
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары.
- •1 Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелері. Техника қауіпсіздігі.
- •2 Органикалық қосылыстарды тазалау тәсілдері
- •3 Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер
- •4 Қаныққан көмірсутектердің галоген туындылары
- •5 Альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Майлар мен сабындар
- •7 Көмірсулар
- •2.3 Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •А) тотығу
- •В) спирт, қышқыл және метал күйіндегі күміс
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •Глосарий
- •Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
8 Дәріс. Спирттер (гидрооксиқосылыстар). Біратомды спирттер
Көмірсутектер құрамындағы сутегін, гидроксил тобына айырбастағанда пайда болатын органикалық қосылыстарды спирттер деп атайды.
Олардың
жалпы формуласы:
Құрамындағы
гидроксил тобының санына қарай спирттер
үшке бөлінеді. Бір атомды спиртер:
этил
спирті ,
аллил спирті
Екі
атомды спирттер:
этиленгликоль
пропиленгликоль
Үш
атомды спирттер:
глицерин
Бір атомды спирттер. Изомерлері мен аталуы. Спирттер изомериясы радикал құрылысына және гидроксил тобының орналасу орнына байланысты болады. Гидроксил тобының қандай көміртегімен байланысқанына қарай спирттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлінеді.
біріншілік екіншілік үшіншілік
Аталуы. Рационалды номенклатура бойынша олардың аттары сәйкес көмірсутек радикалдарына спирті деген жұрнақты қосу арқылы аталады.
Мысалы:
изобутил
спирті
Ал жүйелік номенклатура (ЖН) бойынша сәйкес көмірсутек атына -ол жұрнағы жалғануы арқылы аталады.
Әлбетте, басты тізбекті нөмірлеу, тізбектің гидроксил тобы жағынан немесе гидроксилге жақын жақтан басталады. Мысалы:
Н3С-
С (СН3)
- ОН
СН3
РН: изобутил спирті ЖН: 2-метилпропанол-2
ЖН: 2-метил-пропанол -1 РН: үшіншілік метил спирті
ЖН: 2-этилбутанол-1
Физикалық қасиеттері. Спирттер құрамындағы көміртек саны С1-С11-сұйықтар. Олардың қайнау температуралары құрамдарының күрделіленуіне байланысты жоғарылап отырады.
Жоғары спирттер, яғни С12-С20 май тәрізді қою, С21-ден бастап қатты заттар. Спирттер көпшілік жағдайда суда жақсы ериді, бірақ жоғары спирттер суда ерімейді.
Спирттерге сутектік байланыс түзу тән. Сутектік байланыс дегеніміз сутегі атомы мен оттегі атомының арасындағы химиялық байланыстың бір түрі. Мысалы су молекуласы арасында мынадай сутектік байланыс бар:
Ал спирттер молекуласы арасында да осындай байланыс болады:
Осы екі атом арасындағы сутектік байланыс түзу энергиясы шамамен 20-30 кДЖ/моль (немесе 3-8 ккаль).
Атомдар ара қашықтығы
Спирттердегі гидроксил тобын басқа атоммен немесе топтарға алмастырсақ, бұл өзгеріс сол заттардың қайнау температурасына тікелей әсер етеді.
Айталық
:
қ.т. 78,30С хлорлы диэтил эфирі
этил 130С 34,60С
Спирттерде немесе органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялық қасиеттерін құрамындағы гидроксил тобы анықтайды. Бұлар өте активті химиялық заттар. Себебі көміртек - оттек - сутек байланысы химиялық реакцияның пәрменділігіне /С-О-Н/ қарай әр жерден үзіліп, реакцияға түсуі мүмкін.
А) Гидроксил тобының тек сутегі атомының қатысуымен жүретін реакциялар.
Б) Гидроксил тобының толық қатысуымен жүретін реакциялар
В) Гидроксил тобы және сол топтағы сутегі атомы мен бірге көміртегі атомының қатысуымен жүретін тотығу реакциялары.
А. Гидроксил тобындағы сутегі атомының қатысуымен жүретін реакциялар.
1. Сілтілік металдармен әрекеттесу реакциясы
немесе
натрий алкоголяты
Су ерітіндісі үстіне Na салғанда оның қаншалықты жылдам қозғалып еритіндігін білеміз. Бірақ спирттермен Na суға қарағанда аз жылдамдықпен реакцияға түседі. Және де спирт құрамындағы радикалдар саны артқан сайын, бұл реакция жылдамдығы онан әрі төмендей түседі. Бұл реакцияда спирттер аздап та болса қышқылдық қасиет көрсетеді.
2. Спирттер мен органикалық қышқылдар қосылып күрделі эфирлер түзеді.
сірке қышқылының метил эфирі
Бұл реакция эфирлену реакциясы деп аталады. Бұл қайтымды реакция, себебі пайда болған күрделі эфир суда ыдырап қайтадан қышқыл мен спиртті береді. Мұндай реакцияны гидролиз реакциясы деп атайды.
Сол сияқты спирттер минералды қышқылдармен де әрекеттесіп күрделі эфирлер түзеді.
Мысалы, этил спирті мен азот қышқылының арасындағы реакцияны жазып көрейік.
азот қышқылының этил эфирі
(этилнитрат)
Б. Гидроксил тобы арқылы жүретін реакциялар:
1. Спирттерге галогентуындыларының әсері
CH3 – CH2 – OH + PCI5 → CH3 – CH2 – CI + POCI3 + HCI
этил спирті бес хлорлы хлорэтан
фосфор
Бұл реакцияда қайтымды реакцияға қатарына жатады. Күкірт қышқылын катализатор есебінде қолдану арқылы реакция тепе-теңдігін оңға қарай жылжытуға болады.
2. Спиртті күкірт қышқылы мен немесе хлорлы мырышпен Al2O3 алюминий тотығының қатысында қыздырғанда 3500-5000 сусызданады.
Мысалы: CH3 – CH2 –OH + AI2O3+ H2SO4 → CH2 = CH2+ H2O
Зайцев ережесі бойынша үшіншілік спирт, екіншілік немесе біріншілік спирттерге қарағанда оңай сусызданады.
,
I II III ацетон
үшіншілік спирт қышқыл
Үшіншілік спирт көміртегінде сутегі болмағандықтан олар екіншілік және біріншілік спирттерге қарағанда қиын тотығады.
В. Тотығу реакциясы
Біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер тотыққанда әр түрлі заттар түзіледі. Мысалы, біріншілік спирттер тотыққанда, әруақытта альдегидтер пайда болады.
,
Этил спирті сірке альдегиді
біріншілік альдегид
спирт
Екіншілік кетон
спирт
Қанықпаған бір атомды спирттер. Қанықпаған спирттер этилендік, ацетилендік және басқа қатардағы болуы мүмкін.
Сәйкес қос байланысты көміртекке гидроксилі бар қанықпаған спирттер бос күйінде болмайды. Бұл Эльтеков заңы. Олар құрылу кезінде оңай альдегидтер мен кетондарға изомерленеді.
Мұндай қанықпаған спирттердің күрделі эфирлері мысалы винил эфирлері
Техникада олар пластмассалар алу үшін және синтетикалық мата алуда, тамақ өндірісінде, сол сияқты медицина да кеңінен қолданылады. Мысалы, пропиленнен мынадай заттарды синтездеуге болады.
1
аллил
спирті
2
ацетон
3
пропион альдегиді
Алайда 2 және 3 спирттер бос күйінде кездеспейді, сондықтан ацетон мен пропион альдегидіне изомерленеді.
Номенклатура. Қанықпаған спирттердің атын өздеріне сәйкес қанықпаған көмірсутек атына ол жалғауын қосып атайды, ал гидроксилдің қосылған орны цифрмен көрсетіледі.
аллил спирті, винилкарбинол
Негізгі әдебиеттер: 1[170-194], 3[120-148]
Қосымша әдебиеттер: 4[157-174]
Бақылау сұрақтары
1. Спирттердің атомдылығы деген не? Мысал келтіріп түсіндіріп беріңіз.
2. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттер. Мысал келтіріңіз.
3. Бір атомды спиртердің химиялық қасиеттері.
4. Спиртердің аталауы және изомерлері .
5. Сутектік байланыс деген не? Оның спирттер үшін маңызы қандай?