
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті
- •Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
- •Алматы 2010
- •Қ ұрастырушылар: Ермағанбетов м.Е.,Чугунова н.И., Керімқұлова а.Ж. Алматы: ҚазҰту, 2010.117
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Контакттық ақпарат
- •1.2 Пән бойынша мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырма түрлері, атаулары және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру және бағалау
- •Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •Модульдар бойынша және аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курс саясаты мен процедурасы
- •2 Активті таратылып берілетін материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс. Кіріспе.Органикалық қосылыстардың жіктелуі
- •2 Дәріс. Химиялық байланыс, құрылым, реакцияға бейімділік туралы ұғымдарға қазіргі көзқарас
- •3 Дәріс. Қаныққан көмірсутектер (алкандар)
- •Изомерлері. Бұл қатардың алғашқы үш мүшесінің (метан, этан, пропан) изомерлері болмайды, ал бутан үшін (с4н10) екі изомер болады:
- •4 Дәріс. Қанықпаған көмірсутектер. Этилендік көмірсутектер (алкендер)
- •Изомерлері. Этилендік көмірсутектердің гомологтық қатарының структуралық изомериясы қаныққан көмірсутектері сияқты төртінші мүшесінен басталады. Алайда, бұларға бірнеше изомер түрі тән.
- •4. Сульфолау реакциясы
- •5. Гидратация реакциясы
- •5 Дәріс. Диен көмірсутектері (алкадиендер)
- •6 Дәріс. Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер)
- •7 Дәріс. Көмірсутектердің галогентуындылары
- •8 Дәріс. Спирттер (гидрооксиқосылыстар). Біратомды спирттер
- •9 Дәріс. Көп атомды спирттер
- •Алу әдістері. Гликольдерді бір атомды спирттерге сәйкес немесе басқа әдістермен алуға болады.
- •10 Дәріс. Альдегидтер мен кетондар
- •Альдегидтердің аталуы. Рационалдық аталу бойынша альдегидтерді екі жолмен атауға болады.
- •Кетондар номенклатурасы. Рациональды номенклатура бойынша кетондарды, карбонил тобын қоршаған радикалдарды, орынбасарлардың өсу ретімен атап, соңынан “кетон” деген сөз жалғау арқылы атайды.
- •11 Дәріс. Карбон қышқылдары және олардың туындылары
- •Бір негізді карбон қышқылдары. Номенклатурасы.Олардың бастапқы мүшелеріне тривиалды аталу тән.
- •Химиялық қасиеттері Бұлардың химиялық қасиеттерін толығымен дерлік карбоксил тобы анықтайды. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін үш бағытта қарастырған ыңғайлы:
- •3. Галогендеу реакциясы
- •Акрил қышқылы.Өнеркәсіпте мынадай схема бойынша алады:
- •Олеин қышқылы с17н33соон Бұл қышқыл пальмитин және стеарин қышқылдар қатарында майлар түзеді.
- •Екі негізді қаныққан қышқылдар. Қаныққан екі негізді ышқылдардың жалпы формуласы CnH2n(cooh)2
- •Физикалық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар - суда ерімтал, түссіз кристалды заттар.
- •Химиялық қасиеттері. Екі негізді қышқылдар, бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек келеді. Оның себебі, диссоциациялануын жеңілдететін карбоксилдердің өзара әсерлері:
- •12 Дәріс. Алифатты қатардың азотты қосылыстары.
- •Алыну жолдары. Аминдер техникада және лабораториялық практикада көп қолданылады. Сондықтан бірнеше жолмен алынады.
- •Химиялық қасиеттері. Нитроқосылыстардың ең маңызды химиялық қасиеттері нитротроптың өзіндік структурасына байланысты.
- •Изомерлері. Бір негізді оксиқышқылдардың гомологтық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан , басталады. Одан кейін, гликоль немесе оксисірке қышқылы келеді.
- •Химиялық қасиеттері. Оксиқышқылдар қышқылдардың да, спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер түзеді. Мысалы сүт қышқылы:
- •Екі негізді төрт атомды қышқылдар. Бұл топтың басты өкілдерінің бірі шарап қышқылы
- •Оптикалық изомерлері. Көптеген оксиқышқылдарда ассиметриялы көміртек атомдары болады. Ассиметриялық көміртек атомы деп, көміртек атомы әр түрлі төрт топпен байланысқан жағдайды айтады.
- •14 Дәріс. Көмірсулар
- •15 Дәріс. Аминоқышқылдар
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары.
- •1 Органикалық химия лабораториясындағы жұмыстардың жалпы ережелері. Техника қауіпсіздігі.
- •2 Органикалық қосылыстарды тазалау тәсілдері
- •3 Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер
- •4 Қаныққан көмірсутектердің галоген туындылары
- •5 Альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Майлар мен сабындар
- •7 Көмірсулар
- •2.3 Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •А) тотығу
- •В) спирт, қышқыл және метал күйіндегі күміс
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •Глосарий
- •Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы
6 Дәріс. Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер)
Құрамында үш еселенген байланысы бар органикалық қосылыстарды ацетилендік көмірсутектер немесе алкиндер деп атайды.
Жалпы формуласы CnH2n-2
Бұл қатардың бастапқы мүшесі ацетилен болып НС≡СН есептелінеді. Бұларға да гомолықтық қатар тән.
Изомерия құбылысы. Аталуы Структуралық изомерия, ацетилендік көмірсутектер қатарында төртінші мүшесінен басталады. Алайда С4Н6 изомерлер бір-бірінен көміртек құрылысымен емес тек қана үш байланысының орынымен ажыратылады. Структуралық изомерияның соңғы түрі қатардың бесінші мүшесінен басталады.
CH3
Ацетилендік көмірсутектердің аталуы. Ацетиленді көмірсутектерді жүйелік номенклатура бойынша атағанда, сәйкес қаныққан көмірсутегіндегі ан жалғауының орнына ин жалғауын жалғайды. Ең ұзын тізбекті таңдағанда үш байланысы болатын етіп, тізбекті үш байланысқа жақын шетінен бастап нөмірлейді. Үш байланыстың орнын цифрмен көрсетеді.
3-метил-1-бутин
CH3
1-бутин
2-бутин
этин
Рационалдық номенклатура бойынша ацетилендік көмірсутектерді ацетиленнің туындысы есебінде қарастырады
РН: диметилацетилен,
ЖН: 2-бутин,
немесе бутин-2
НС≡С - СН3 пропин, метилацетилен
Алыну жолдары. Алкиндерді ацетиленді және оның туындыларын алкилдеп немесе көп галогенді туындылардан галогендерді бөлу арқылы алады.
1. Ацетиленді алкилдеу әуелі ацетиленді металорганикалық қосылыстарға көбінесе натрий - ацетиленге немесе магний - галогенацетиленге айналдырады.
Бірінші жағдайда реакцияны сұйық аммиакта жүргізіп натрийдің амидімен әрекеттестіреді.
Екінші жағдайда - эфирде немесе тетрагидрофуранда жүргізіледі, бұл реакцияда моно- және диалкилацетилен түзіледі:
NaNH2 R - Br
1)
НС
≡
СН НС
≡
СNa HC
≡
C-R
NH3 натрий ацетилениді
эфир,ТГФ
2)
2. Қаныққан көмірсутектердің галоген туындыларына сілтінің спиртегі ерітіндісімен әрекет етсе ацетилендік көмірсутектер түзіледі.
Физикалық қасиеттері. Ацетиленді көмірсутектердің гомологтық қатарының қайнау және балқу температураларының негізгі өзгеру заңдылықтары этилендік көмірсутектер қатарының заңдылықтарына ұқсас келеді.
Тізбектегі үш байланыстың тұрған орны бұл қатарда қайнау температурасына анағұрлым күшті әсер етеді. Мысалы, 1-бутин 8,50С-де, ал 2-бутин 270С-де қайнайды, ал бутилендердің бәрі қалыпты жағдайда газ тәріздес заттар.
Химиялық қасиеттері. Ацетиленді көмірсутектердің химиялық қасиеттерімен танысқанда ацетиленді байланыстың ерекшелігін еске алу керек.
Үш еселенген байланыстың түзілу энергиясы 810 кДж/моль, ал қос байланыстың түзілу энергиясы 62 кДж/моль тең. Ацетилен және оның гомологтарына қосылу реациясы тән. Оның ішінде электрофильді қосылу реакциясының алатын орны өте зор. Бұл реакция алкендердегі сияқты жүреді, бірақ екі сатымен өтеді. Алғашында қосылу үш еселенген байланыс арқылы жүрсе, кейіннен қос байланыс арқылы өтеді.
Айталық, бромды сутегінің ацетиленге қосылу реакциясы төмендегідей механизм арқылы жүзеге асады:
H
Br
H
HC
≡
CH CH2
=
C
- H
CH2
=
CHBr
Br
CH3 - CHBr CH2 - CHBr2
Алкиндердің қанықпағандығы алкендермен салыстырғанда күшті болғандықтан, олар электрфильді реагенттермен оңай қосылу реакциясына түсетін сияқты. Бірақ үш еселенген байланыстың π - электрондары көміртек атомының ядроларын жақын орналасуының салдарынан, олар электрофилді қосылу реакциясы алкендермен салыстырғанда аз жылдамдықпен жүреді.
Ацетиленнің этан мен этиленнен айырмашылығы, ол металдармен қосылып ацетиленидтер түзуінде. Сол сияқты ацетиленге нуклеофилді реагенттермен қосылу реакциясы да тән. Бірақ ол реакцияның жылдамдығы электрофилді қосылу реакциясымен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Мысал ретінде ацетиленмен цианды сутегінің арасындағы реакцияны қарастырсақ болады.
-
CN H
HC ≡ CH CH = CH - CN CH2 = CH - СN
Акрилонитрил
Жоғарыда айтқандарымыздың бәрі ацетилен және оның туындыларына тән химиялық реакциялар. Енді осы гомологтық қатарға тән нақты реацияларда қарастырамыз.
Қосылу реакциялары. Галогендердің қосылуы. Бұл реакция жоғарыда айтқанымыздай, алкендермен салыстырғанда баяу өтеді:
ацетилен 1,2 - дибромэтан 1,1,2,2 - тетрабромэтан
Галогенсутектердің қосылуы. Бұл реакция өз бетімен немесе катализатордың, мысалы бір хлорлы мыс, хлорлы сынап ж.б. қатысуымен өтеді. Олар үш еселенген байланысқа, қос байланысқа қарағанда баяу қосылады. Реакция нәтижесінде өте құнды мономерлік төменгі молекулалық зат винилхлорид алынады.
Ацетилен туындыларына галогенсутектер де Марковников ережесі бойынша қосылад, яғни:
≡
Сутектендіру реакциясы. Үш еселенген байланыс, қос байланыспен салыстырғанда оңай сутектенеді.Реакция мына схема бойынша өтеді:
СН ≡ СН + Н2 → СН2=СН2 + Н2 → СН3-СН3
Реакцияны алкен түзілісімен, ары қарай жүргізбей тоқтатса да болады. Реакция әлбетте катализатор қатысумен жүреді. Катализатор есебінде палладий немесе никель қолданылады.
Судың қосылуы. Ацетилендердің олефиндерден өзгешелігі ол суды және қышқылдарды оңай қосып алады. Күшті қышқылдардың қосылуы көбінесе катализаторсыз-ақ жүреді, суды қосып алу екі валентті сынап сульфатының қатысумен жүреді. Бұл реакция органикалық химияда Кучеров реакциясы деген атпен белгілі. Осы реакцияның нәтижесінде ацетиленнен сірке альдегиді, ал ацетилен туындыларынан сәйкес кетондар алынады. Реакция теңдеулері былай өрнектеледі:
H2O
O
СН ≡ СН CH- C
HgSO4 H
альдегид
O
H2O
CH3 -C≡ CH CH3 – C - CH3
HgSO4
кетон
Бұл реакцияның механизмін былай келтіруге болады.Алғашында көміртек атомында гидроксиді тобы бар тұрақсыз зат пайда болады, ол ары қарай изомерленіп соңғы өнімді береді, яғни
HOH
СНСН -------→
-
ОН
Hg2+,H2SO4
OH O
HOH
СНСН
-------
-
Hg2+, HgSO4
Ацетилен туындылары, ацетиленге қарағанда сумен оңай әрекеттеседі, және де осы әрекеттесу Марковников ережесіне сәйкес жүреді.
Көгерткіш сутек қышқылымен әрекетесуі (НСN). Осы реакция нәтижесінде өте маңызды мономер акрилонитрил алынады. Реакция теңдеуі былай жазыдады:
Ацетиленге металдардың қосылуы. Мұндай реакция метан немесе этилен гомологтарына тән. Реакция нәтижесінде ацетиленидтер түзіледі.
немесе
Полимерлену
реакциясы.
Ацетилен
бірнеше бағытта полимерлене алады.
1) қыздырғанда, әсіресе активтелген көмір қатысса (Зелинский) ацетиленнен бензол түзіледі.
CH CH
HC CH HC CH
HC CH HC CH
CH CH
2) мыс көмірсутектерінің әсерінен ацетилен сызықты полимерленіп көбінесе винилацетилен (І) және дивинилацетиленді (ІІ) береді.
CH≡CH HC≡CH
H
C
≡
CH CH≡C
-
CH = CH2
Cu2Cl2 І
H2C = CH - C ≡ C - CH = CH2
ІІ
3) Ацетиленді никелдік комплекстік қосылыстармен әрекеттестіргенде циклооктатетраен түзеледі:
CH≡ CH CH = CH
HC CH HC CH
+
HC CH HC CH
CH ≡ CH CH = CH
Жеке өкілдері. Ацетилен. Оны өнеркәсіпте кальций карбидінен алады. Кальций карбидінің сумен реакциясы ацетиленді береді.
Ацетилен өнеркәсіпте көбінесе пластмассалар, каучуктар, еріткіштер алу үшін көп қолданылады.
Сол сияқты ол металдарды электрлік әдіспен кесуде кеңінен қолданылады.
Негізгі әдебиеттер: 1[79-87], 2 [176-190], 3[97-108]
Қосымша әдебиеттер: 4[120-124]
Бақылау сұрақтары
1. Ацетилен қатарындағы қосылыстардың жалпы формуласы?
2. Алкиндердің алыну жолдары. Ацетиленді кальций карбидінен алу.
3. Ацетиленді қосылыстардың номенклатурасы және изомерлері.
4. Ацетиленнен жай эфирлерді, акрилонитрилді, винилацетатты алу.
5. Кучеров реакция деген не, мәнісі неде?