Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті

Мұнай және газ институты

Мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасы

Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А.Ж.

Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы

пәні бойынша студенттің оқу-әдістемелік кешені

(050721Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығы үшін)

Алматы 2010

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050721- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

Қ ұрастырушылар: Ермағанбетов м.Е.,Чугунова н.И., Керімқұлова а.Ж. Алматы: ҚазҰту, 2010.117

Құрастырушылар: химия ғылымдарының докторы, профессор Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы; химия ғылымдарының кандидаты, профессор Чугунова Нина Ивановна; химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Керімқұлова Айгүл Жадыра қызы

Андатпа

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050721- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені жұмыс оқу бағдарламасынан (Syllabus) белсенді таратылатын материалдардан тұрады. Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы - сызықты құрылымды оттегі, азот атомдары бар органикалық қосылыстар. Пән алифаттық қатардағы қосылыстардың химиялық және физикалық қасиеттерін, өндірісте және зертханаларда алу жолдарын, олардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы қолдану мүмкіндігін қарастырады. Органикалық химия өз алдына жеке фундаментальды ғылым, оның даму негіздері мұнай химиясын, биоорганикалық, фармацевтикалық химия және технологиясын, катализ және жоғарғы молекулалы қосылыстар химиясын зерттеудегі негізгі көз. Пәннің теориялық материалы органикалық заттардың функционалды топтарына қарап, өте жинақы және жалпы еңбек көлеміне сәйкес құрастырылған. Дәрістік курс зертханалық, тәжірибелік және студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысымен (СОӨЖ) ұштастырылады. Зертханалық жұмыстарды орындау кезінде студенттер мынадай практикалық тәжірибені жинақтап, үйренеді: заттарды бөлу әдістерін, тазалау, идентификациялау, органикалық қосылыстар синтезін; қатты, сұйық, жанғыш, ұшқыш және улы заттармен жұмыс істеуге дағдыланып, зертханада органикалық синтез қондырғыларымен танысыды, жұмыс жасауды үйренеді. Оқытушы басшылығымен студенттер нақты мәселелерді шешуге, алифаттық қатардағы органикалық қосылыстарды синтездеуге, олардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуге машықтанады.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

  1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

Оқытушылар туралы мәліметтер

Ермағанбетов Мүбәрәк Ермағанбетұлы, профессор, химия ғылымдарының докторы. “Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы” мамандық студенттеріне “Органикалық химия” пәнінен дәріс оқығац, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізген. 15-тен астам әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдары бар ,оның ішінде органикалық химия пәні бойынша академик Е. М. Шайқұтдіновпен бірлесе жазған “Органикалық химия практикумы” атты оқу құралы және 7 әдістемелік нұсқаулары әр жылдары жарық көрген.

Чугунова Нина Ивановна, профессор, химия ғылымдарының кандидаты. Студенттерге «Органикалық химия», «Полимерлердің химиясы мен физикасы» және т.б. арнайы пәндерден сабақ береді. 28 оқу - әдістемелік материалдары жарыққа шыққан, соның ішінде 16 қазақ тілінде. Қазақ тілінде екі оқулығы жарық көрген. Пән бойынша мемлекеттік тілде профессор М.Ермағанбетовпен бірлесе шығарған 2 әдістемелік нұсқауы бар.

Керімқұлова Айгүл Жадыра қызы, химия ғылымдарының кандидаты,. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы студенттеріне «Алифатты қатардағы қосылыстарының органикалық химиясы», «Циклді қосылыстар химиясы» пәндері бойынша дәріс оқиды, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізеді. 15 астам ғылыми-эдістемелік басылымдары бар, соның ішінде 5 әдістемелік нұсқаулық.