Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫНЫҢ БИОХИМИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

14

Дәнекер ұлпасының биохимиясы

Дәнекер ұлпасы дене массасының 50%-тін құрайды. Ол ағзаның барлық ұлпаларының арасындағы байланыстырушы звеносы. Дәнекер ұлпасын негізгі келесі үш түрге бөледі:

- дәнекер ұлпасының өзі;

- шеміршектік дәнекер ұлпа;

- сүйектік дәнекер ұлпа.

Дәнекер ұлпасы өз бетінше де немесе ұлпалар арасындағы қабат ретінде де қызмет атқарады.

Дәнекер ұлпасының қызметі

1. Құрылымдық қызмет

2. Ұлпаның тұрақты өткізгіштігін қамтамассыз ету

3. Су-тұз тепе-теңдігін қамтамассыз ету

4. Ағзаның иммундық қорғанысына қатысу

Дәнекер ұлпасының құрамы мен құрылысы

Дәнекер ұлпасын бөледі: жасушаралық (негізгі) затқа, жасушалық элементтерге, талшықтық құрылымдарға (коллагендік талшықтар). Ерекшелігі: жасушаралық зат жасушалық элементтермен салыстырғанда біршама көп.

Жасушаралық (негізгі) зат (Сур. 1)

Жануарлар жасушалары арамындағы интерстициалдық ұлпаішілік кеңістігінде күрделі жасушаралық зат, экстрацеллюлярлы матрикс болады. Көптеген ұлпаларда, мысалы, бауыр мен бұлшықеттерде бұл матрикс жасушалардың арасындағы жіңішке аралықтарды (саңылауларды) толықтырады, ал басқа ұлпаларда, мысалы дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпасында жасушаралық матриксте ол көп көлемді алады және ол негізгі қызметті атқарады. Суретте жасушаралық матрикстің негізгі компоненттері берілген: мықты коллагендер, торлы адгезивті протеинтар және негізгі зат, протеогликандар.

Жасушаралық матрикс әртүрлі қызметтерді атқарады. Ол жасушалар арасындағы механикалық жанасуларды қаматамассыз етеді, механикалық мықты құрылымдарды түзеді, мысалы сүйек, шеміршек, сіңір және буындарды, сүзілдіретін мембрананың негізін құрайды (бүйректерде), жасушалар мен ұлпаларды бір бірінен изоляциялайды (буындардың бір бірімен салыстырмалы сырғуын, жасушалардың бір бірімен салыстырмалы жылжуын қамитамассыз етеді), жасушалардың миграциясының жолын қалыптастырады (эмбрионалдық даму кезеңінде соның бойымен жасушалар жылжиды). Сондықтан, жасушаралық матрикс химиялық құрамы және атқаратын қызметі бойынша өте кең ауқымда өзгермелі болады.

Коллагендер - жіптерді, фибриллаларды, торларды және байламдарды түзеді. Коллагендерге тән қасиеттер — жыртылуға қарсы мықтылық және иілгіштік. Осыған ұқсас қасиеттерді көрсететін эластикалық протеин эластин болып табылады.

Адгезивтік протеинтар жасушаралық матркистің әртүрлі компоненттерінің құрамына кіреді. Ең маңызды өкілдеріне ламинин және фибронектин жатқызылады. Бұл полиқызметті протеинтар матрикстің басқа да компоненттерін байланыстырушылық қасиеті бойынша сипатталады. Адгезивтік протеинтар жасушаралық матриксте жасушалардың бекітілуін мембрана аралық рецепторлармен әсерлесу есебінен қамтамассыз етеді.

Фибронектиндер молекулалары ұқсас полипептидтік тізбектегі бір бірімен дисульфидтік байланыспен жалғасқан димер (250 кДа) болып табылады. Суббірліктер жасуша рецепторларымен, коллагендермен, фибринмен, протеогликандармен байланысуға қабілетті әртүрлі домендерге бөлінеді. Фибронектиннің құрылысының мұндай ерекшеліктері оларға «молекулалық желім» қасиетін береді. Фибронектиннің құрылысының осындай ерекшелігі оларға келесі қасиеттерді береді. (Сур.2).

Сурет 2. Фибронектиннің құрылысы