Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

Геологиялық барлау саласының сипаттамасы.

Жоспар:

1. Елдің нарықтық шаруашылығы жүйесінде геологиялық барлау саласының ролі мен мәні.

2. ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтың негізгі қағидалары.

3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

§1. Елдің нарықтық шаруашылығы жүйесінде геологиялық барлау саласының ролі мен мәні.

Қазақстан жоғары минералды-шикізат әлеуеті бар елдердің қатарына кіреді. Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары – оның басты байлықтарының бірі. Олардың бағалығы қалған табиғи ресурстардың құндылығынан асады. Осының арқасында шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына көшудің күрделі кезеңінде ел экономикасының минералды-шикізаттық бейімделуі қалыптасты.

Сонымен қатар келешектің негізгі стратегиялық міндеті өзекті болып қалып отыр, ол негізінен шикізат ресурстарын өңдеуге негізделетін, экономикалық өсімді сақтаудан, тұрақты даму мен ұлттық экономиканың өзге салаларының алғышарттарын құрудан тұрады.

ҚР экономикасы үшін, жүз жылдам астам тарихы бар, мұнай-газ саласы ерекше маңызға ие. Елдің дәлелденген геологиялық қорлары мұнай мен газ конденсатының 21 млрд. баррелін (2,9 млрд. т) құрайды (дүниежүзілік қорлардың шамамен 2%) және газдың 1,8 трлн. м3 құрайды. Ел территориясында 200 астам мұнай мен газ кенорны ашылды, олардың негізгі қорлары негізінен Батыс Қазақстанның 14 ірі кенорнында шоғырланған.

Әрине, Қазақстанның мұнай-газ саласы елдің экономикалық дамуын бұдан ары да айтарлықтай дәрежеде анықтайды. Тиісті экономикалық саясатта жедел қарқынмен мұнай-газ, энергетикалық, көлік, машина жасау; химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, телекоммуникация, көлік тасымалдары, автокөлік жолдарын салу, құрылыс материалдарының өнеркәсібі дами бастайды.

Кезеңдер мен сатылар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу тәртібінің Ережесіне сәйкес (қатты пайдалы қазбалар) мақсаттарға қарай жер қойнауын геологиялық зерттеу үрдісі 3 кезең мен 5 сатыға бөлінеді.

I кезең Жалпы геологиялық міндеттегі жұмыстар.

1 саты Жер қойнауын аймақтық геологиялық зерттеу.

II кезең Кенорындарды іздеу және бағалау.

2 саты Іздеу жұмыстары.

3 саты Кенорындарды бағалау.

III кезең Кенорындарды барлау мен игеру.

4 саты Кенорындарды барлау.

5 саты Игере барлау.

I кезеңнің мәні минералды шикізаттың барлық түрлерінің орналасу заңдылықтарын анықтап және қорларды болжамды бағалап, аймақ территориясының геологиялық құрылысын кешенді зерттеуге келіп саяды.

II және III кезеңдердегі жұмыстар ҚР минералды-шикізат базасын ұдайы өндіруге бағытталған.

Нарықтық экономика жағдайында жер қойнауын геологиялық зерттеуді басқару геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталу керек. Мәселелердің шешілуіне ҚР экономикасындағы мемлекеттік және нарықтық секторлардың болуы ықпал етеді.

Мемлекеттік сектор жер қойнауын аймақтық зерттеу, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен бағалау, нақты жер қойнауын пайдаланушыларға арналған құқықтық және ақпараттық базаны құру мәселелерін шешеді.

Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік есепке алуға және мемлекеттік реестрге енгізуге мыналар жатады:

- жер қойнауларын геологиялық зерттеу бойынша барлық жұмыстар;

- пайдалы қазбаларды өндіруге берілетін жер қойнауларының бөлікшелері;

- жер қойнауын пайдалануға берілетін лицензиялар.

Нарықтық сектор бар лицензияларға сәйкес нақты объектілерде геологиялық барлау жұмыстарымен және пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Геологиялық қызметтің нарықтық секторы серіктестіктерден, акционерлік қоғамдардан және жеке кәсіпкерлерден тұрады.

Мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер қойнауын зерттеумен байланысты барлық жұмыстары, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес ПҚК геологиялық картаға түсіруді, іздеу мен бағалауды, жер қойнаулары туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қаржыландыру ҚР мемлекеттік бюджетінің қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану маңызды экономикалық әрекет болып табылады және ҚР құқықтық нормативтік құжаттарымен, соның ішінде ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықпен және Салық кодексімен реттеледі.

«ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлықтың негізгі қағидалары.