Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§3. Пайдалы қазбаларға баға беру. Өндіріске және минералды шикізаттарға қойылатын талаптар.

Өнеркәсіпті минералды шикізатпен қамтамасыз ету пайдалы қазбалардың қорларын дұрыс экономикалық бағалауды, олардың барлау мен игеру кезегін анықтауды талап етеді. Жер қойнауларында жатқан қорларды өнеркәсіптік игеруге жарамды және жарамсыз деп бөлу мүмкін емес. Жер қойнауында халық шаруашылығы үшін пайдасыз болуы мүмкін қазбалар жоқ. Барлығы пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу техниканың, технологиясының деңгейіне тәуелді. Техника өрлеуінің нәтижесінде, құрамында түсті металдар бар, минералдардың айтарлықтай бөлігі өнеркәсіптік еместер қатарынан өнеркәсіптілер қатарына көшті. Техниканың өрлеуі, өндірістің өсуі және шикізатқа деген қажеттіліктің тиісті өсуі өнеркәсіптік пайдалануға кедей кендерді және күрделі (кешенді) құрамды кендерді енгізеді. Қазіргі уақытта бұл кендер түсті және әсіресе сирек металдардың көптеген салаларының шикізаттық балансында басым болып келеді.

Уақыттың әр нақты сәтінде жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырлары пайдалы бола бастайды және халықшаруашылық мақсат талаптарын қанағаттандыру шартында өнеркәсіптік маңызға ие болады. Соның ішінде, кенді пайдалы қазбалар өнеркәсіптің таулы-өндіруші және өңдеуші салаларының талаптарына жауап беру керек. Бұл талаптар, ең алдымен, пайдалы қазбалардың кеңістікте оқшауланған мөлшері мен оның сапасына қатысты.

Пайдалы қазбаның мөлшері өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың ауқымын, яғни нақты көзді игеру есебінен бұл пайдалы қазбаға деген халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін анықтайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауқымымен бірге олардың құрылысына жұмсалатын күрделі қаржылар анықталады. Пайдалы қазбаның сапасы ең алдымен құрамындағы пайдалы компоненттердің мөлшерімен, сонымен қатар оның минералды және химиялық құрамдарымен, физикалық қасиеттерімен, зиянды қоспалардың болуымен, бітімдік және өзге ерекшеліктерімен сипатталады, олар бірлесіп, пайдалы қазбаның технологиялық қасиеттерін және оның өнеркәсіптік пайдаланудың мүмкіндігін анықтайды. Пайдалы қазбаның технологиялық қасиеттеріне тау-кен өнімінің шығымы және оның өндірісіне кеткен шығындар тәуелді.

Сандық және сапалық қасиеттерден басқа, пайдалы қазба, өндірудің таулы-технологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын, жер қойнауларында орналасуының геологиялық жағдайларымен сипатталады. Геологиялық жағдайларға пайдалы қазба шоғырларының морфологиялық ерекшеліктері (мөлшері, формалары және түрлі бағыттар бойынша формаларының тұрақтылығы), пайдалы қазба денелерінің құрылысы (шоғырлардың үзілу дәрежесі және олардың бітімдік ерекшеліктері), шоғырлардың жатыс элементтері (жер бетінен орналасу тереңдігі, еңістік бұрышы), пайдалы қазбаның гидрогеологиялық жағдайлары және сыйыстырушы жыныстардың инженерлік-геологиялық қасиеттері жатады. Жерқойнауларында пайдалы қазба орналасуының геологиялық жағдайлары пайдалы қазбаларды аршу, пайдалану тәсілдерін және өндіру жүйелерін, сонымен қатар оны жер қойнауынан шығарудың игеру шығындарын анықтайды.

Пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік маңызын анықтағанда олардың жатыс ауданының табиғи және экономикалық жағдайлары үлкен маңызға ие: жергілікті жердің климаты мен бедері, ауданның игерілуі, көлік және энергетикалық жағдайлар, су ресурстары, ауданда басқа пайдалы қазбалар мен материалдардың болуы, тұтынушылардан алыстығы және т.с.с. Бұл факторлар пайдалы қазбаны игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне және оны игеру мерзімдеріне маңызды ықпалын тигізеді. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырларын жоғарыда аталған талаптарға қаншалықты сай келуіне қарай, олардың өнеркәсіптік бағалығы мен игеру кезегі анықталады. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырлары өнеркәсіптік маңызға ие бола бастаған жағдайда, оларды кенорындар деп атайды.

Пайдалы қазба кенорны – бұл саны, сапасы және жатыс жағдайлары бойынша өнеркәсіптің қазіргі талаптарына сай келетін және тау-кен өндіруші кәсіпорынның – кеніштің, карьердің, шахтаның минералды-шикізат базасы қызметін атқаруы мүмкін, жер қыртысындағы минералды заттардың кеңістікте ерекше шоғырлануы.

Берілген елдің территориясында анықталған қандай да бір пайдалы қазбаның қорлары белгілі бір мерзімдегі оның минералды ресурстарын білдіреді. Анықталған минералды ресурстардың жиынтығы елдің минералды-шикізат базасын құрайды.

Тақырып 2.2: Жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері.