Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§2. Минералды шикізаттардың экономикалық топтары.

Өнеркәсіптің түрлі салаларында тұтынылатын шикізаттың түрлері сан алуан. Бастапқы жаралуы бойынша оларды екі негізгі топқа бөледі:

  1. өнеркәсіпте өндірілетін және шығарылатын шикізат, яғни ауыр индустрия салалары тұтынатын өнеркәсіптік шикізат;

  2. ауыл шаруашылығында шығарылатын және өндірілетін шикізат, яғни негізінен жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің салалары тұтынатын ауылшаруашылық шикізат.

Өндірістік міндеті бойынша өнеркәсіптік шикізат негізгі шикізатқа және қосалқы материалдарға бөлінеді. Негізгі шикізат (негізгі материалдар) дайын өнімнің материалдық негізі болып табылады (мысалы, қорғасын қорытуға арналған қорғасын кені, вольфрам және молибден концентраттарын өндіруге арналған вольфрамомолибден кені және т.с.с.). Қосалқы материалдар дайын өнімнің материалдық негізін ешқашан құрамайтындығымен негізгі шикізаттан ерекшеленеді. Олар өндірістік үрдіске түрліше қатысады: белгілі бір қасиеттер бере отырып, негізгі шикізатқа қосылады (мысалы, флюстер, қоспалауыштар және т.с.с.), немесе еңбек құралдарының жұмысын қамтамасыз етеді (мысалы, отын, майлайтын майлар және басқалары), немесе өндіріс жағдайларын құрады (мысалы, өндірістік ғимараттарды жылыту мен жарықтандыруға арналған материалдар мен энергия).

Негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың басты айырмашылығы олардың материалдық құрамында емес, олардың дайын өнім өндірісіне қатысу сипатынан тұрады. Мысалы, мұнай отын ретінде қосалқы материал болып табылады, ал бензин өндірісінде ол шикізатқа айналады. Өнеркәсіптің қазіргі техникалық дамуында кейбір негізгі және қосалқы материалдардың арасындағы айырмашылық жойылады, әсіресе химиялық өндірістерде. Қосалқы материалдар өнеркәсіптің көптеген салалары үшін үлкен маңызға ие. Осылайша, түсті металлургияның бірқатар өндірістерінде (алюминийлі, никельді) қосалқы материалдарға кететін шығындар негізгі шикізатқа кететін шығындарға тең немесе артық.

Өнеркәсіптік шикізат табиғи жаратылысқа ие немесе жасанды жолмен алынады. Минералды шикізат, су, ауа және т.с.с. табиғи жаратылысқа ие. Жасанды шикізатқа минералды және органикалық шикізаттан алынатын, химиялық өнеркәсіптің түрлі өнімдері, мысалы, пластикалық массалар, синтетикалық отын және т.б. жатады. Өнеркәсіптік шикізаттың негізгі түрі минералды шикізат болып табылады. Ол қара және түсті металлургия өндірісінің, яғни машина жасау, электротехникалық өндірістің және ауыр өнеркәсіптің өзге салаларының негізі болып табылады.

Минералды шикізатқа көмірлерді, мұнайды, табиғи газдарды, тұздарды, кенді және кенсіз шикізатты жатқызады. Минералды шикізаттың айрықша белгісі оны жер қойнауларынан шығару болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі минералды шикізаттың айрықша ерекшелігі, басқа түрлерге қарағанда, шығарылған минералды шикізаттың орны толмайды. Жер оның байлықтарын пайдалану шамасына қарай әлсіреуі мүмкін, алайда оның құнарлығы прогрессивті агротехника кезінде қалпына келтіріледі; ормандар кесілуі және қайте қалпына келтірілуі мүмкін. Жер қойнауларынан алынған минералды шикізаттың шоғырлары қалпына келтірілмейді. Бұл тұрғыда олар белгілі бір уақыт аралығынан кейін табиғи жолмен қалпына келетін, жағалау-теңіз және кейбір арналық шашылымдар, сонымен қатар жерасты сулары өзгеше.

Пайдалы қазбалар – бұл өндіргіш күштер дамуының қазіргі деңгейінде өнеркәсіптік пайдалануға жарамды, жер қыртысындағы табиғи материалдық заттар. Олар жер қойнауларынан алынады, минералды шикізатты құрайды. Осылайша, минералды шикізат деп, халықшаруашылық маңызға ие, жер қойнауларынан өндірілген пайдалы қазбалар, ал минералды ресурстар деп, белгілі бір күнге елдің қарамағындағы, пайдал қазбалардың анықталған және барланған, сонымен қатар бағаланған болжамды ресурстары есептеледі.

Пайдалы қазбалардың арасында келесі негізгі топтарды ажыратады:

  1. металды, олардан түрлі металдар алады;

  2. металсыз, дайын минералды агрегат (тас тұс, гипс, тас құрылыс материалдары) ретінде немесе өнеркәсіпте қолданылатын белгілі бір минералдар немесе қоспалар өндірілетін, шикізат ретінде (флюорит, апатит, слюда) ретінде қолданылады;

  3. каустобиолиттер (көмірлер, мұнай, жанғыш газдар, жанғыш тақтатастар).

Химиялық құрамына қарай қарапайым (монометалды) және әдетте бір немесе екі металл өнеркәсіптік маңызға ие, салыстырмалы қарапайым құрамды кендерді, құрамында өнеркәсіптік тәсілмен алынатын металдар және сирек элементтердің бірқатары бар, күрделі (полиметалл) кендерді ажыратады. Қарапайымдарға көптеген темір және марганец кендерін, кейбір мыс кендерін, көптеген алтын және қалайы кендерін жатқызады. Полиметалл кендердің тобына, құрамында көбінесе мыс, алтын, күміс, вольфрамомолибден кендері, мыс-цинк кендері, мыс-никель кендері және т.б. енетін, қорғасын-цинк кендерінің көпшілігін жатқызады.

Металлургиялық өнеркәсіпте шикізатты бастапқы және екінші қатарлы деп бөлу үлкен маңызға ие. Бастапқыға жер қойнауынан алынатын металл шикізатты жатқызады, екінші қатарлы амортизациялық сынықтардан (тозған машиналардағы, жабдықтардағы, тұрмыс заттарындағы және т.б. қара және түсті металдар) және іріктелген металдан (қара және түсті металлургия қалдықтары, прокат, машина жасау және металл өңдеу қалдықтары) түзіледі.

Халық шаруашылығының барлық салаларының, ең алдымен ауыр өнеркәсіптің дамуының жоғары қарқыны, күшті техникалық өрлеу қолданысқа жаңа минералдар мен олардың қоспаларын енгізеді. Қазіргі уақытта Д.И.Менделеевтің Элементтердің периодты жүйесіндегі барлық дерлік элементтер қолданылады, минералды шикізаттың номенклатурасы 200 атауға дейін көбейді. Бұл жағдайда минералды шикізаттың есебін, жоспарлануы мен бөлінуін дұрыс ұйымдастыру үшін, негізгі белгі – салалық өнеркәсіптік тұтыну бойынша пайдалы қазбаларды топтау қажет:

  1. отын-энергетикалық шикізат – мұнай, газ, көмір, уран кені;

  2. қара, қоспалаушы және қатты қорытпалы металдардың кендері – темір, хром, титан, марганец, ванадий, кобальт, никель, вольфрам, молибден, ниобий, цирконий, тантал;

  3. түсті металдардың кендері – мыс, қорғасын, цинк, алюминий, сынап, қалайы, висмут, литий, бериллий;

  4. бағалы металдардың кендері – алтын, күміс, платиноидтар;

  5. химиялық және агрономиялық шикізат – калий тұздары, фосфориттер, апатиттер, пириттер, бор, күкірт, қорытпалы шпат;

  6. техникалық шикізат – алмастар, пьезокварц, асбест, графит, оптикалық флюорит, исланд шпаты, мусковит, флогопит;

  7. флюстер мен отқа беріктер – кальцит (әктас), доломит, еріткіш шпат, магнезит, кварц және кварцит, отқа берік саздар;

  8. керіш шикізаты;

  9. су.

Пайдалы қазбалардың аталған топтары бойынша геологиялық тапсырмаларды бекітеді.