Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§1. Күрделі қаржы жұмсаудың ұғымы мен маңызы. Олардың жіктелуі.

Негізгі қорлардың кеңейтілген өндірісінде жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрғызуға, әрекеттегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды кеңейтуге және реконструкциялауға, ғимараттар мен құрылыстар салуға, технологиялық жабдықтарды құрастыруға, оны жаңарту мен модернизациялауға, территорияны жоспарлау мен жабдықтауға, теміржолдар мен автокөлік жолдарын салуға, желілер жүргізуге үлкен роль тиісті. Негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісіне бөлінетін құралдарды күрделі қаржы жұмсау деп атайды.

Күрделі қаржы жұмсау бірқатар экономикалық белгілер бойынша жіктеледі.

Өндірістік міндеті бойынша күрделі қаржы жұмсау өндірістік және өндірістік емес қорларды құруға арналған қаржыларға бөлінеді. Өндірістік негізгі қорларға өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, жеткізу құрылғылары, күш жұмсау машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары мен реттеуші құрылғылар, зертханалық жабдықтар, көлік құралдары, инструменттер, өндірістік және шаруашылық мүлік жатады. Өндірістік емес негізгі қорларға тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықтың, ғылым, ағарту, өнер, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің, әкімшілік және қоғамдық ғимараттардың негізгі қорлары жатады.

Жүзеге асыру мерзімдері бойынша күрделі құрылыс аяқталған және аяқталмаған болып бөлінеді. Бұл бөлу объектілерді қолданысқа енгізуді жоспарлау, сонымен қатар өтпелі құрылыс пен болашақ кезеңге қажетті заделды қамтамасыз ету үшін, үлкен маңызға ие.

Түрлері бойынша күрделі құрылыс жаңа құрылыс, әрекеттегі кәсіпорындарды кеңейту мен ренконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары болып бөлінеді. Жаңа құрылысқа бастапқыда бекітілген жоба мен смета бойынша жүзеге асырылған құрылыс, кеңейту мен реконструкцияға – жабдықтарды модернизациялау мен ауыстыруды қосқанда, әрекеттегі кәсіпорындарда бар цехтар мен агрегаттарды кеңейту мен қайта құру, жаңаларын тұрғызу жатады.

Орындау тәсілі бойынша күрделі жұмыстарды шаруашылық және мердігерлік тәсілдермен орындалатын жұмыстарға бөледі. Күрделі жұмыстарды орындаудың шаруашылық тәсілінде құрылыс арнайы құрылыс ұйымын (мердігерді) тартусыз тікелей жүзеге асырылады. Бұл құрылыстың шағын көлемінде ғана мүмкін. Мердігерлік тәсілде құрылысты әрекеттегі құрылыс ұйымдары орындайды, оларда бұл мақсатта қажетті материалдық-техникалық база және құрылысшылардың тұрақты кадрлары бар.

Күрделі жұмыстардың технологиялық құрылымы бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына қаржы жұмсауды, жабдықтар мен өндірістік мүлікті сатып алуды, жобалық-ізденесі жұмыстарын ажыратады. Сонымен қатар, геологиялық барлауда күрделі қаржы жұмсаудың технологиялық құрылымында мұнай мен газға терең барлап бұрғылауға жұмсалатын қаржылар айтарлықтай бөлігін құрайды.

§2. Күрделі қаржыны салу тиімділігінің негізі мен критерийлері.

Күрделі қаржы жұмсау – қоғам ғылым жасаған әсерге жету үшін қажетті, ғылым мен өндірістің арасындағы аралық буын. Күрделі қаржылар тиімділігінің табиғаты қоғам ие болатын өндіріс құралдары, өндірістің орташа жағдайларында қолданылатындарға қарағанда, жоғары техникалық деңгейге ие екенін білдіреді. Жаңа жетілген техника (жаңа жетілген технология сияқты) қысқа мерзімде еңбек шығындарының әр бірлігіне өнімнің максималды мүмкін шығарылымын алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбектің ең аз шығындарында ең жоғары нәтижелерге жету күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігін сипаттайды.

Өндірістің экономикалық тиімділігі көптеген формалардан – еңбек өнімділігінің артуынан, өнімнің қор-, материал- және энергиясыйымдылығынан, оның сапасын жақсартудан және т.б. көрінеді.

Жаңа техниканың әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының жақсаруымен, қол еңбегінің қысқаруымен, қоршаған ортаның сауығуымен, бос уақыттың артуымен, кадрлардың білім деңгейінің артуымен, өмір жағдайларының жақсаруымен және т.с.с. сипатталады.

Күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.

Күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі туралы дұрыс түсінікті (құндық және натуралдық) көрсеткіштер жүйесі бере алады, олардың ішінде қоғамдық еңбек шығындарының жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы тиімділігі негізгі болып табылады.