Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§2. Геологиялық барлау жұмыстары статистикасының негіздері.

Қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстары туралы жаппай мәліметтерді жинауды, өңдеуді, талдауды және жариялауды мақсат еткен, тәжірибелік әрекеттің саласын статистика деп түсінеді; статистика деп қоғамды құбылыстардың қандай да бір саласын сипаттау немесе қандай да бір көрсеткішті территориалдық бөлу үшін қызмет етқаратын сандық материалды атайды; статистка деп ерекше ғылыми пән және жоо және ооқ тиісінше оқу пәні аталады.

Статистиканың танымдық маңызы мынадан тұрады:

  1. статистика зерттелетін құбылыстар мен объектілердің сандық және мазмұндық сипатын береді, шындықты бағалаудың ең сенімді тәсілі қызметін атқарады;

  2. статистика экономикалық қорытындыларға дәлелді күш береді, жеке теориялыұ ережелерді тексеруге мүмкіндік береді;

  3. статистика құбылыстардың арасындағы өзара байланыст ашу, олардың нақты формасы мен күшін көрсету қабілетіне ие болады.

ПҚК геологиясы мен іздеу, материалдың өндірістің кез келген өзге саласы сияқты, қоғамдық өндірістің негізгі бөлігі ретінде, уақытылы және сапалы статистикалық есепті қажет етеді; сонымен қатар геологиялық барлау өндірісінің мәнін бейнелейтін, маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштер есептеледі және талданады.

Негізгі қорлар мен материалдық құндылықтар қорларының статистикасы.

Негізгі қорларды зерттеу статистикасының міндеттері мыналар болып табылады:

  1. негізгі қорлардың болуын және құрамын зерттеуді бекіту;

  2. негізгі қорлардығ жағдайын, қозғалысы мен қолданылуын зерттеу;

  3. еңбектің негізгі өндіріс қорларымен қарулануын зерттеу.

Статистикада негізгі қорлардың түрлі топтамаларын қолдану, соның ішінде:

  1. өндірістік міндет бойынша;

  2. материалдық өндірістің салалары және әлеуметтік-мәдени сала бойынша;

  3. натуралдық-заттық құрам бойынша.

Негізгі қорлар динамикасының статистикалық көрсеткіштерін: НӨҚ жаңару коэффициенті, НӨҚ шығу коэффициенті, НӨҚ тозу коэффициенті, НӨҚ жарамдылық коэффициенті, жабдықтар паркін пайдалану коэффициенті, ауысу коэффициенті, жабдықтардың қарқынды, экстенсивті және жалпы жүктемесінің коэффициенттері болып табылады.

Материалдық ресурстар статистикасының міндеттері мыналар болып табылады:

  1. материалдық ресурстардың түзілу көздерін белгілеу;

  2. материалдық ресурстардың қорларын зерттеу;

  3. өндірісте материалдық ресурстардың қолданылуын зерттеу.

Материалдық құндылықтардың құрамына енеді: шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын, сауыт, саймандар, инструменттер, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім (атқарылған жұмыстар).

Материалдық құндылықтар қорының көлемі мен құрылымының статистикалық көрсеткіштері мыналар болып табылады:

  1. ақшалай көріністегі қорлардың болуы (лездік және орташа көрсеткіштер);

  2. кәсіпорыннның қорлармен қамтамасыз етілуі (күндер);

  3. материалдық ресурстардың құрылымы (%);

  4. өнімнің материалсыйымдылығы.

Еңбек өнімділігінің статистикасы.

Еңбек өнімділігі статистикасының міндеттері мыналар болып табылады:

  1. еңбек өнімділігін есептеу әдістемелерін жетілдіру;

  2. еңбек өнімділігінің өсу фаткорларын анықтау;

  3. еңбек өнімділігінің өндіріс көлемінің өзгеруіне ықпалын анықтау.

Еңбек өнімділігі – бұл нақты тірі еңбектің нәтижелілігі, белгілі бір уақыт аралығында өнімді жасау бойынша өндірістік әрекеттің тиімділігі. Еңбек өнімділігінің статистикалық көрсеткіштері өнімділік пен еңбексыйымдылық болып табылады. Еңбек өнімділігінің деңгейі үш әдіспен бағалануы мүмкін: натуралды, еңбектік және құндық.