Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§1. Қаржы және қаржы жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуымен бірге, оны ұстап тұру үшін қорларды табу қажеттілігі пайда болды. Басында бұл халықтың заттай беруі болды, кейіннен, тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен, - ақшалай төлемдерге айналды. Мемлекетті ұстап тұруға қажетті бұл ақша қорларының жиынтығы «мемлекеттік қаржы» деп аталады.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің рөлі мен мәні жоғарлауда, соның салдарыннан қоғамның оның ұстап тұрға деген шығындары жоғарлауда. Нарықтық жағдай салдарынан мемлекет келесі негізгі қаржы функцияларын орындайды:

- кері функция – ұлттың тіршілік етуін қамтамасыз ету, оның егемендігі мен ұлттық шекараларын сақтау;

- экономикалық функция – мемлекеттің басты бағыттар бойынша қоғамдық өндіріс үрдісіне қатысуы: экономикада мемлекеттік секторды жасау және басқару, экономиканы бағдарламалау және реттеу;

- әлеуметтік функция - қоғамның кедей топтарына қамқорлық көрсету және әлеуметтік қауырттылықты азайту;

- қоршаған ортаның сапасын сақтау;

- бақылау функциясы.

2. Қаржылардың қызметтері мен қаржылық әрекеттің көздері.

Кәсіпорындардың қаржылары – бұл кәсіпорындардағы ақшалай кірістер мен жинақтарды қалыптастырумен және бөлумен байланысты ақшалай қатынастар, сонымен қатар қаржылық-банк жүйесінің алдында міндеттерді орындау үшін оларды пайдалану, сонымен қатар кеңейтілген өндіріс, қызметкерлерге әлеуметтік қызмет көрсету мен материалдық ынталандыру бойынша шығындарды қаржыландыру.

Кәсіпорындардың қаржыларының арасында үш бағытты ажыратуға болады:

  • коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындардың қаржылары;

  • коммерциялық емес әрекетті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары;

  • қоғамдық ұйымдардың қаржылары.

Коммерциялық кәсіпорындар ЖІӨ құруға, бөлу мен пайдалануға қатысады, олар материалдық өндіріс саласында қызмет етеді, онда негізінен тұтас қоғамдық өнім және ұлттық кіріс құрылады.

Кәсіпкерлік әрекеттің барысында өндірісті ұйымдастырумен, өнмді сатумен, қызметтер көрсетумен, жұмыстар орындаумен, дербес қаржы ресурстарын қалыптастырумен, қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен, оларды бөлумен және пайдаланумен байланысты, қаржылық қатынастар туындайды.

Экономикалық мазмұны бойынша барлық қаржылық қатынастарды келесі бағыттар бойынша топтауға болады:

  1. кәсіпорынды құру сәтінде ұйымдастырушылардың арасындағы – олар меншікті капиталды, соның ішінде жарғылық (акционерлік, қоймалық) капиталды қалыптастырумен байланысты. Жарғылық капитал өндірістік қорлар мен материалдық емес активтерді қалыптастырудың бастапқы көзі болып табылады;

  2. кәсіпорындардың арасындағы – өнімді өндіру мен сату бойынша; бұл жабдықтаушы мен шикізаттың, материалдарды, дайын өнімді және т.с.с. сатып алушының арасындағы қаржылық қатынастар; құрылыс ұйымдарымен, жүктерді тасымалдауда көлік ұйымдарымен, байланыс кәсіпорындарымен, кеденмен, шетелдік фирмалармен және т.с.с. қатынастар. Кәсіпорындардың арасындағы бұл қатынастар негізгі болып табылады, өйткені оларды тиімді ұйымдастыруға коммерциялық әрекеттің соңғы қаржылық нәтижесі тәуелді. Сонымен қатар кәсіпорындардың арасында бағалы қағаздардың эмиссиясымен (шығарумен) және орналастырумен, өзара несиелеумен, бірлескен кәсіпорындар құруда үлестік қатынаспен байланысты қаржылық қатынастар туындауы мүмкін;

  3. кәсіпорын және оның бөлімшелерінің (филиалдар, цехтар, бөлікмдер, бригадалар) арасындағы – шығындарды, айналыс құралдарын қаржыландыру, пайданы бөлу және пайдалану бойынша; бұл қатынастар өндірістің ырғақтылығын ұйымдастыруға ықпал етеді;

  4. кәсіпорын және оның қызметкерлері арасындағы – кірістерді бөлу және пайдалану, кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын шығару және орналастыру, облигациялар бойынша % және акциялар бойынша дивидендтер бойынша төлеу, келтірілген залал үшін айыппұлдар мен өтемақыларды өндіріп алу, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалу кезінде; бұл қатынастарға жұмысшылардың еңбек өнімділігі тәуелді;

  5. кәсіпорын мен жоғары тұрған ұйымның арасындағы (ФПГ, холдингтердің ішіндегі, кәсіпорын мүшесі болып табылатын,одақтармен және ассоциациялармен). Қаржылық қатынастар орталықтанған мақсатты ақшалай қорлар мен резервтерді қалыптастыру, бөлу, пайдалану кезінде, маркетингілік зерттеулер, НИиОКР, көрмелер жүргізу кезінде және т.с.с. туындайды. Бұл қатынастар кәсіпорындарды қолдауға және дамытуға бағытталған;

  6. кәсіпорындар мен мемлекеттің қаржылық жүйесі арасындағы – салықтар төлеу, бюджетке міндетті төлемдер, бюдеттен тыс қорларды қалыптастыру, салық жеңілдіктерін беру, айыппұл санкцияларын қолдану, бюджеттен қаржыландыру кезінде;

  7. кәсіпорындар мен банк жүйесінің арасындағы – коммерциялық банктерде ақша сақтау, қарыз алу және өтеу, банк несиесінің % төлеу, валютаны сатып алы және сату кезінде, басқа банк қызметтері;

  8. кәсіпорындар мен сақтандыру компанияларының арасындағы – мүлікті, қызметкерлердің жеке категорияларын, түрлі тәуекелдерді сақтандыру;

  9. кәсіпорындар мен инвестициялық компнаиялар арасындағы – инвестицияларды орналастыру, жекешелендіру барысында және т.б.

Қаржылық қатынастардың әр тобын қолданудың түрлі салалары мен жеке ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлығы екіжақты сипатқа ие және олардың материалдық негізі ақша құралдарының қозғалысы болып табылады.

Қаржылардың негізгі қызметтері бөлу және бақылау болып табылады, олар өзара тығыз байланысты.

Бөлу қызметі ұйымдастырушылардың үлестері есебінен бастапқы капиталды қалыптастыру; өнім өндірісіне капитал салу, негізгі қорларды өндіру және т.б. үрдістерде жүзеге асырылады. Осылайша, фирманың келіп түсетін кірістері: жарғлықы, резервтік қорлар, жинауқтау, тұтыу қорлары және т.с.с. қалыптасады және бөлінеді. Бөлу қызметі жалпы қоғамның да, жеке кәсіпорындардың да, сонымен қатар олардың қызметкерлерінің, акционерлерінің, несиелік ұйымдардың мүдделерін қамтиды.

Бөлу қызметінің тиімділігі қаржылардың басқа қызметін – бақылау қызметін жүзеге асырусыз мүмкін емес.

Бақылау қызметі – бұл өнім өндірісі мен сатылуына шығындардың құндық есебі. Бақылау қызметін немесе қаржылық бақылауды жүзеге асырумен келесі объектілер айналысуы мүмкін:

  1. кәсіпорынның өзі – шаруашылық әрекетті, қаржылық көрсеткіштерді, тауарлы-материалдық құндылықтарды жабдықтаушылардың алдындағы міндеттемелерді және т.б. талдаудың көмегімен;

  2. акционерлер (және акциялардың негізгі пакетінің иегерлері) – пайда алуды және дивидендтер төлеуді бақылау;

  3. салық органдары – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толықтығы мен уақытында жүргізілуін бақылау;

  4. Қаржы министрлігі (бақылау-тексеру қызметі) – бөлінетін бюджеттік қаржылардың пайдаланылуын бақылау;

  5. коммерциялық банктер – қарыздар алу мен қайтаруда, өзге банктік қызметтер көрсетуде;

  6. тәуелсіз аудиторлық фирмалар – аудиторлық тексерулер жүргізуде.

Коммерциялық кәсіпорынның қаржылық әрекетінің көздері ішкі және сыртқы болып табылады. Ішкі көздерге жарғылық капитал, өнімді сатудан түскен түсім, сонымен қатар жеке айналыстан тыс активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде түзілетін қосымша капитал жатады. Сыртқы көздер тартылған қаржылық құралдар (акцияларды сату), заем құралдары (ком.банктердің қарыздары), мем.бюджеттің құралдары болып табылады.

Нарықтық экономика несие мен несиелік қатынастарды жүзеге асырусыз мүмкін емес.