Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§3 Қазақстандағы экономикалық реформаның негізгі бағыттары.

Қазақстан қысқа мерзімде экономиканың түбегейлі реформасын жүзеге асырды, нарықтық реформаларды жүргізді және тиісті заңнаманы құрды. Бүгінгі таңда Қазақстанның шынайы түрле әрекет ететін нарықтық экономикасы бар, онда экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін игеру болып табылады. Шикізат секторының кірістері негізінде Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қорды құрды (2009 жылға қарай онда шамамен 47 млрд. американ доллары шоғырланды). Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын біртіндеп жүргізеді, шетел инвесторлары бүгін Қазақстанның тұрақтылықты кепілдендірілетін және өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін, сенімді серіктес екендігін біледі.

ХХI ғасырда Қазақстан Республикасында экономиканы диферсификациялауға бағытталған, индустриалды-инновациялық стратегиясы қабылданды. Бұл болашақ бағдарламасы. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың экономикалық әлеуетіне ие, басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісі құрылатын болады. Бұл стратегияны жүзеге ашыру үшін, туризм, мұнайгазды машина жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі, көліктік-логистикалық қызметтер, металлургия және құрылыс материалдары сияқты нарық сегменттерінде қазақстандық кластерлердің жүйесін дамыту басталды. Олар шикізатсыз салалардағы ел экономикасының ұзақ мерзімді мамандануын анықтайды.

Қазақстанда Әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламаларын біртіндеп жүзеге асыруды жүргізеді, оның аясында зейнетақылардың, жәрдемақылардың, стипендиялардың, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысының мөлшері біртіндеп артып келеді, сонымен қатар ана мен баланы қолдау жетілдіріледі.

Елдегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі қалыптасқан. Жыл сайын ауылшаруашылық өндірісті дамытуға республикалық бюджеттен айтарлықтай ақша қаражаттары бөлінеді. ДСҰ алдағы ену отандық ауылшаруашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Бұдан ары аграрлық өндірісті индустриаландыру қажет. Білім беру мен кәсіби дайындық саласында болашақтың жоғары технологиялы және ғылыми өндірістеріне арналған кадрлық жиналу қалыптасады. Барлық деңгейлердегі техникалық және кәсіптік білім дамиды, соның ішінде бүгінгі таңда қазақстандық жоо-ның басты міндеті дүниежүзілік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Қазақстан жоғары адамгершілік, этикалық стандарттар және рухани құндылықтар бағаланатын қоғамды құрады.

2 БӨЛІМ.

Өнеркәсіп пен сала экономикасының негіздері.

Тақырып 2.1: Елдің өндірістік күштерінің дамуындағы минералды шикізаттың рөлі.

Жоспар:

1.Табиғи ресурстар, минералды шикізат және пайдалы қазба кен орындары туралы түсінік.

2. Минералды шикізаттардың экономикалық топтары.

3. Пайдалы қазбаларға баға беру. Өндіріске және минералды шикізаттарға қойылатын талаптар.

§1. Табиғи ресурстар, минералды шикізат және пайдалы қазба кен орындары туралы түсінік.

Табиғи ресурстар деп өндірісте қолдануға жарамды заттардың табиғи күштерін атайды, олардың ішінде «сарқылмайтын» және «таусылатын» түрлерін ажыратады. Пайдалы қазбалар – табиғи ресурстардың аса маңызды бөлігі; бұл жер бедеріндегі табиғи минералды заттар, олар өндірістік күштердің айтарлықтай дамуында өндірістік қолдануға жарамды. Жер қойнауларынан алынғандар, олар минералды шикізаттарды білдіреді.

Пайдалы қазба кен орындары – бұл саны, сапасы және орналасу жағдайлары бойынша өндірістің барлық талаптарына жауап беретін және тауөндіру кәсіпорнының - кеніш, карьер, шахтаның минералды-шикізат базасы ретінде қызмет ете алатын жер белеріндегі минералды заттардың кеңістікте өздігінен жинақталуы.

Берілген мемлекет территорияларының жер қойнауларында табылған сол немесе басқа пайдалы қазбалардың қорлары оның белгілі-бір кезеңге минералды қорын білдіреді. Анықталған минералды қорлардың жиынтығы елдің минералды-шикізат базасын білдіреді.

Минералды шикізат – әр елдің маңызды байлық көзі; одан алынатын өнімдер адамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Минералды шикізат қара, түсті және бағалы металдарды қорыту үшін отын ретінде, құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы мен т.с.с. арналған химикаттарды, тыңайтқыштарды жасау үшін қолданылуы мүмкін. Шикізат өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларын өндіру құралдарының негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Ол қандай да бір өнеркәсіптік кәсіпорынның дайын тауарлы өніміне немесе жартылай өнімдерге айнала отырып, еңбек заты ретінде өндірістік үрдістерге қатысады.