Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

3. Жұмыстардың жүргізілуін негіздеу.

Жұмыстардың жобаланатын түрлері мен көлемдерін жүргізуді негіздеу мақсатында объектінің зерттелу дәрежесі қысқаша баяндалады (геологиялық, геохимялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, гео-экологиялық және т.б.). Объектіде бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына, олардың негізгі жетістіктері мен кемшіліктеріне қысқаша аналитикалық шолу жүргізіледі.

4. Жұмыстар объектісінің геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геологиялық-экологиялық сипаттамасы.

Алдыңғы зерттеулердің материалдары бойынша құрылған, жобаланатын жұмыстардың масштабындағы геологиялық картаны жобаға тіркей қажет. Картаға қандай да бір түзетусіз ізашарлардың барлық геологиялық мәліметтері көшіріледі. Геологиялық картаға толық стратиграфиялық бағана және геологиялық қималар (2-3 қима) ұласады. Жұмыстар ауданының пайдалы қазбалары, аномалиялары туралы барлық мәліметтер қысқаша күйде арнайы кестеде келтіріледі. Сонымен қатар пайдалы қазбалардың картасы тіркеледі, онда геологиялық тапсырманы сапалы және толық орындауға қажетті, кенорындар, кенбілінімдер, шашырау ореолдары, ауданның геохимиялық, геофизикалық аномалиялары және пайдалы қазбалардың концентрациялары үшін қолайлы, басқа белгілер туралы нақты мәліметтер бейнелену керек. Пайдалы қазбалардың картасы жобаға тіркелетін геологиялық карта масштабында құрылады.

5. Жобаланатын жұмыстардың әдістемесі.

Жобаланатын алаңның барлық ерекшеліктерін, сонымен қатар өткен жылдары оны зерттеудің ерекшеліктерін есепке алудың және талдаудың негізінде геологиялық тапсырманы орындауға қажетті тиімді әдістеме құрылады және оларды шешу бойынша жұмыстардың тиімді кешені негізделеді. Геологиялық барлау жұмыстарының келесі түрлері жобаланады:

5.1 Дайындық кезеңі.

Геологиялық суретке түсіру жұмыстарының масштабы мен жобалық ауданы (м2) және парақтардың номенклатурасы көрсетіледі. Масштабы, басылған жылы, қимасы, бедері көрсетілген, қажетті сападағы топографиялық карталардың болуы туралы мәліметтер келтіріледі. Сапасы мен масштабы көрсетілген, ғарышты- және аэрофотоматериалдардың болуы және бажайлаудың көлемі туралы мәліметтер келтіріледі.

5.2 Далалық геологиялық суретке түсіру жұмыстары.

Геологиялық тапсырмаға қарай, далалық жұмыстардың ұзақтығы, олардың басталу және аяқталу мерзімдері негізделеді. Геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жобалауда түсірім ауданы геологиялық тапсырманың күрделілігі, аэрофотосуреттердің бажайлану дәрежесі және үңгілену бойынша бөлікшелерге бөлінеді. Геологиялық бағытжолдардың түрлері мен көлемдері анықталады; бақылаулар желісінің жиілігі белгіленеді. Геологиялық-экологиялық зерттеулерді жүргізгенде шаруашылық меңгерілген аудандардағы топырақтардың, топырақасты горизонттар мен судың радиометриясы мен геохимиялық сынамалауы бар геоэкологиялық бағытжолдардың көлемі негізделеді.

Қажетті жағдайларда геологиялық суретке түсіру жұмыстарымен бірге (стратиграфиялық, литологиялық және т.б.) мамандандырылған геологиялық зерттеулер жүргізу негізделеді.

5.3 Тау-кен ұңғылау жұмыстары.

Геологиялық суретке түсіру жұмыстарында қазбаларды үңгілеудің ең тиімді тәсілі – қолмен үңгілеу, өйткені жұмыстардың көлемдері үлкен ауданда шағын көлемде (бірлік қазбаларды – каналдарды, шурфтарды үңгілеу) көзделеді. Шурфтар мен ашық тау-кен қазбаларын жобалауда олардың жатыс орындары және үңгілеу жағдайлары, жыныстардың категориялары, қазба тереңдігінің аралықтары мен қима ауданы бойынша көлемін бөліп, үңгілеу бойынша жұмыстардың көлемі анықталады (байланыстырылады).