Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

Психофизиологиялық факторлар.

Еңбек жағдайларына қарай адам жұмысты орындауға белгілі бір энергия мөлшерін шығындайды. Энергия шығындары психикалық және физикалық жүктемелерге тәуелді. Психикалық жүктемелер көру және есту мүшелерінің күш жұмсауымен, шоғырланумен, зейінмен сипатталады. Физикалық жүктемелер динамикалық және статикалық жұмыстардың шамаларымен сипатталады. Психикалық және физикалық жүктемелердің шамасы жұмыстың ауырлығын сипаттайды. Вбарлық жұмыс түрлерін ауырлығы бойынша 3 топқа бөледі: жеңіл, орташа және ауыр. Қажуды азайту үшін келесі факторлар маңызды:

  1. жұмысты орындау үрдісіндегі адамның жұмыс қалпы. Оған энергияның шығындалуы, тыныс алу және қанайналым тәуелді, мүмкіндігінше тұрып та, отырып та жұмыс істеу керек.

  2. Жұмыс қарқыны – бұл уақыт бірлігінде адам орындайтын еңбек қимылдарының саны. Жұмыс күнінің барысында қарқын өзгереді – жұмыс күнінің басы мен аяғында ол баяу.

  3. Жұмыс ырғағы – бұл белгілі бір бірізділікпен және белгілі бір уақыт аралықтарында еңбек қимылдарын орындау. Тұрақты ырғақ жұмыс уақытының жоғалуын қысқартуға алып келеді және қажуды тудырмайды.

  4. Жұмыстың бірсарындылығы – бұл қарапайым операцияларды ұзақ уақыт орындау; жұмыс қарқыны баяулайды, зейін нашарлайды, еңбек өнімділігі төмендейді, жұмыс сапасы нашарлайды.

Бұл реакциялардың алдын алу үшін жұмыс операцияларын ірілендіреді, қызметкерлерді бір операцияларды орындаудан басқа операцияларға көшіреді, демалысты белсендіреді.

Санитарлық-тазалық факторлары.

1. Жұмыс орнының жарықтандырылуы айтарлықтай дәрежеде адамның жұмысқа қабілеттілігіне, еңбек өнімділігіне, травматизм шамасына және денсаулыққа, еңбек үрдісіндегі жүйке-психикалық қажуға ықпал етедіжұмыс орындарының жарықтандырылуы былай жіктеледі:

- қалыпты – табиғи және жасанды жарықтандыру нормаларына сай келеді;

- қолайсыз – нормамен салыстырғанда, жарықтандыру 40% артық төмен.

2. Шу және тербеліс – физикалық тұрғыдан қарағанда – бірдей құбылыстар, алайда шу есту арқылы, ал тербеліс сипап сезу арқылы сезіледі. Шу – дыбыстардың тәртіпсіз үйлесімі. Шулар ауалы және корпустық болады. Ауалылар ауа арқылы таралады, корпустық – ғимараттардың, машиналардың, жабдықтардың конструкциялары бойынша таралады. Теңселу жиілігіне қарай шулар төмен жиілікті, орташа жиілікті және жоғары жиілікті болады. Адамның хал-жайына жоғары жиілікті шулар зор теріс ықпалын тигізеді. 3. Ауа ортасының жағдайы – жұмыс орындарының «ауа ортасы» түсінігі метеорологиялық жағдайлардан (микроклимат) тұрады: температура, ауаның ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, сонымен қатар ауа ортасының тазалығы (ауаның газдануы мен шаңдануы).

Эстетикалық факторлар.

Бұл факторларды өндірістік эстетика – материалдық өндіріс саласындағы әсемдіктің объективті заңдылықтарының әрекетін ашатын пән зерттейді. Өндірістегі эстетикалық жағдайлардың деңгейін анықтайтын маңызды факторларға жатады: өндірістік ортаны жарықпен безендіру, өндірістік территорияны көгалдандыру, жабдықтар мен өндірістік объектілердің конструктивтік ерекшеліктері және өндірістің жалпы мәдениеті.