Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§5. Бұрғылау және таулы-барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Барлау ұңғымаларын бұрғылау өзара кезектесетін немесе уақыт ішінде қиылысатын, біртіндеп орындалатын, қарапайым жұмыс үрдістерінің кешені болып табылады.

Соңғы мақсатқа жетудегі маңызы бойынша бұрғылаудың барлық үрдістерін үш топқа бөлуге болады: дайындық-қорытынды, негізгі және қосалқы. Сонымен қатар, бұрғылауға геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер ұласады, олар тиісті міндеттегі партияларда негізгі үрдістер болуы мүмкін.

Бұрғылау үрдісінде мыналарды ажыратады:

- бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, машиналық бұрғылаудың 1 сағ. ішінде үңгілеудің орташа шамасымен беріледі;

- бұрғылаудың техникалық жылдамдығы, негізгі үрдіске – бұрғылаудың өзіне және қосалқы операциялардың барлық түрлеріне шығындалған, 1 сағ. уақыт ішінде үңгілеудің орташа жылдамдығына тең;

- бұрғылаудың жалпы (коммерциялық) жылдамдығы, ұңғымалардың бұрғыланған метрлерін станоктың жұмыс жасаған айларының санына бөлуге тең және метрдің станок-айға бөліндісімен беріледі.

Геологиялық жұмыстардың басқа түрлерімен салыстырғанда, тау-кен қазбаларын үңгілеу жоғары еңбек сыйымдылықпен және жоғары құнмен ерекшеленеді. Жерасты тау-кен барлау қазбаларын үңгілеудің жалпы көлемінің 95% астамын көлденеңдер құрайды, негізінен штольнялар, штректер, олардың шамамен 90%, 500 м асатын жылжуының орташа қашықтығында қимасының ауданы 5 м2 астам. Жерасты қазбаларының шамамен 98% бұрғылау-қопару жұмыстарын қолданып, жартасты жыныстарда үңгіленеді, соның ішінде 60% астамы берік әрі аса қатты жыныстарда. Тау-кен барлау қазбаларын үңгілеудің шығындары далалық геологиялық жұмыстарға жалпы қаржы бөлудің 10-15% құрайды.

Сонымен қатар көптеген жағдайларда, соның ішінде түсті, сирекжәне асыл металдар кенорындарының үлкен бөлігі тиесілі, күрделі кенорындарды зерттегенде, тек тау-кен үңгілеу жұмыстары барлау нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз етуі мүмкін.

Тау-кен барлау қазбаларын жүргізу бойынша жұмыстардың құрамына дайындық, негізгі, қосалқы және қорытынды үрдістердің кең кешені енеді. Тау-кен жұмыстарының негізгі үрдістерімен қатар немесе олардан шамалы артта қалып, қазбаларда мыналар жүргізіледі: геологиялық құжаттау, сынамалар мен үлгілерді іріктеу, кенорынның геологиялық құрылысын зерттеуге қажетті, геофизикалық, гидрогеологиялық және өзге зерттеулер, минералды шикізаттың сапалық сипаттамаларын анықтау, пайдалы қазбалар мен сыйыстырушы жыныстардың физикалық-механикалық және таулы-технологиялық қасиеттерін анықтау, қорларды есептеу және т.с.с.

Тау-кен барлау қазбаларын жүргізу бойынша жұмыстар белгілі бір кезекпен жүйелі қайталанатын, өзара байланысты жұмыс үрдістерінің бірқатарынан тұрады. жұмыс үрдістерінің толық кешені үңгілеу циклы деп аталады. Циклдың құрамы, оның құрамына енетін үрдістер шеңбері мен қазбаның әр түрі үшін оларды орындау тәсілдері геологиялық жағдайлармен және үңгілеудің қабылданған технологиясымен анықталады. Үңгілеу үрдістерінен басқа, циклдың құрамына, орындалуы тау-кен барлау жұмыстарының соңғы мақсаты болып табылатын, қандай да бір геологиялық зерттеулер енуі мүмкін.

Қазбаның түріне, жұмыстардың жағдайларына және қолданылатын жабдықтардың сипатына қарай, үңгілеу әр негізгі үрдіс алдыңғысы толық аяқталған соң басталатын, бір забойда үрдістерді бірізді орындау принципі бойынша, екі немесе одан да көп үрдістер уақыт ішінде ішінара немесе толық үйлестірілетін, бір забойда үрдістерді параллель орындау принципі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Әр циклды жүзеге асырудың нәтижесінде қазбаның забойы цикл ішіндегі үңгілеу деп аталатын шамаға алға жылжиды.