Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері мен көрсеткіштері.

Еңбек өнімділігі өндірістің түрлі деңгейлерінде – жұмыс орнында, кәсіпорында, салада, материалдық өндірістің салалары бойынша жоспарланады және есептеледі. Осыған байланысты ажыратады:

жеке еңбек өнімділігі, яғни жеке қызметкердің еңбек өнімділігі;

жеке кәсіпорындағы еңбек өнімділігі (геологиялық барлау партиясы, экспедиция, кеніш, байыту фабрикасы және т.б.);

республикалар мен экономикалық аудандар үшін жалпы сала бойынша да, территориалдық қимада да есептелетін, салалық еңбек өнімділігі;

материалдық өндірістің ірі салаларындағы - өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көлік пен құрылыстағы еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі.

Еңбек өнімділігін өлшейтін көрсеткіштерге қойылатын маңызды талаптар олардың объективтілігі, уақыттың түрлі кезеңдеріне сәйкестігі, берілген сала шектеріндегі түрлі кәсіпорындардың, сонымен қатар түрлі сала кәсіпорындарының көрсеткіштерінің салыстырылуы болып табылады.

Халық шаруашылығының жоғарыда аталған әр буынында еңбек өнімділігінің (өнімділіктің) орташа деңгейі өндірілген өнім мөлшерінің Q осы өнімді өндіруге шығындалған (жұмсалған) уақытқа Т қатынасымен анықталады: П = Q : Т ,

мұндай Т – белгілі бір кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санымен немесе адам-сағатпен, адам-күнмен берілуі мүмкін, шығындалған еңбек.

Берілген тәсілмен есептелген көрсеткіш еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші деп аталады. Еңбек өнімділігінің деңгейі сонымен қатар еңбек өнімділігіне кері шаманы білдіретін, еңбек сыйымдылығымен сипатталады: t = 1 : П = Т : Q , мұнда tөнімнің бірлігіне шығындалған жұмыс уақыты (еңбек сыйымдылық).

Алайда бұл сырттай қарапайым формулаларды қолдану материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар көп номенклатуралы өнімді өндіретін кәсіпорындарда (геологиялық ұйымдарда) еңбек өнімділігінің деңгейін анықтау үшін, үлкен қиындықтар тудырады. Формуланың екі көрсеткішін де (өндіріс көлемі мен еңбек шығындарын) өлшеудің түрлі әдістері мен бірліктерін пайдаланып, өзгертуге болатындығы күрделі. Өндірістік әрекеттің көлемі мен өнім шығару Q натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құн көрсеткіштерімен берілуі мүмкін. Еңбек шығындарында барлық қызметкерлер (өндірістік қызметкерлер құрамы) немесе барлық жұмысшылар шығындаған уақытты Т есепке алады. Еңбек өнімділігін анықтаудағы жұмыс уақытының бірлігі жыл, тоқсан, ай, ауысым, сағат болуы мүмкін. Еңбек өнімділігін адам-сағат есебінде анықтау дәлірек нәтижелер береді.

Төменде өндіріс көлемі мен еңбек шығындарын сипаттайтын, көрсеткіштерге қарай еңбек өнімділігін өлшеу нұсқалары қарастырылады.

Бірінші әдіс. Өндірістік әрекеттің көлемі натуралды (немесе шартты-натуралды) көрсеткіштерде, яғни берілген өнімге тән өлшем бірліктерінде – тоннада, метрлерде, куб метрлерде және т.с.с. өнімнің шығарылуымен (жұмыстардың орындалуымен) анықталады.

Натуралды көрсеткіштер өндірістік әрекеттің көлемін дәл анықтайды, алайда олар негізінен біртекті өнім (жұмыс) өндіретін кәсіпорындар мен салаларда қолданылады. Кәсіпорындар мен салалардың көпшілігі түрлі номеклатурада өнім шығаратындықтан, өндірістік әрекеттің көлемін және еңбек өнімділігін анықтау үшін өнімнің (жұмыстардың) натуралды есебін қолдану шектеулі.

Екінші әдіс. Кәсіпорынның және саланың өнім (жұмыстар) көлемі, сонымен қатар өнімділік еңбек көрсеткіштерімен – мөлшер-сағатпен есептелуі мүмкін. Өнімділікті анықтаудың еңбектік әдісін мөлшерленген жұмыс уақытының әдісі деп те атайды. Оны негізінен жеке жұмыс орындарында, бригадаларда, бөлікшелерде, сонымен қатар цехтарда натуралды да, ақшалай көріністе де көрсетуге болмайтын, біртексіз және өндіріспен аяқталмаған өнімді шығаруда қолданады.

Үшінші әдіс. Өнімнің (жұмыстардың) көлемі құн көрсеткіштерімен есептеледі. Мұндай есеп құрамы бойынша біртексіз өнімі (жұмыстары) бар кәсіпорын бойынша өндірістік әрекеттің нәтижесін, өндіріс көлемінің динамикасын анықтауға мүмкіндік береді, бұл жоспарлау мен талдау мүмкіндіктерін кеңейтеді, өндірістің түрлі буындарының нәтижелерінің салыстырылуын қамтамасыз етеді.

Осы әдістің аясындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші (П) қызметін өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамының бір орташа тізімдік қызметкеріне (Nтіз) тауарлы өнімнің жылдық өнімділігі атқарады.

П = Q : Nтіз

Геологиялық барлау өндірісінде еңбек өнімділігі деңгейінің жалпылама көрсеткіші ақшалай көріністегі бір қызметкердің өнімділігі болып табылады. Оның мөлшері белгілі бір уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) орындалған сметалық құн бойынша геологиялық барлау жұмыстарының жалпы көлемін қызметкерлердің орташа тізімдік санына бөлудің бөліндісіне тең. Бұл әдіспен жалпы геологиялық ұйым бойынша еңбек өнімділігін (өнімділікті) анықтайды, геологиялық барлау жұмыстарының жеке түрлері бойынша еңбек өнімділігі көбінесе натуралдық өлшеммен, яғни уақыт бірлігінде (сағат, ауысым және т.с.с.) орындалған жұмыстың көлемімен (м, м3, т және т.с.с.) анықталады.