Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§3. Маркетингті басқарудың категориялары мен концепциялары.

Маркетинг ғылымы келесі категорияларды қолданады: мұқтаждық, адам сезетін бір нәрсенің жетіспеушілік сезімі; қажеттілік, адамның мәдени деңгейіне сәйкес ерекше бейнеге ие болған мұқтаждық ретінде; сұраныс, тауарды сатып алуға адамның ақшалай қабілеті ретінде; тауар, қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті кез келген объект ретінде; айырбас пен мәміле, құндылықтардың бірінен екіншісіне өтуі бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы өзара тиімді үрдістер ретінде; нарық, сатушылар (өндірушілер) мен сатып алушылардың (тұтынушылардың) жиынтығы және маркетинг, айырбас арқылы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам әрекеті ретінде.

Тарихи тұрғыда тәжірибелік маркетингті жетілдіру келесі концепцияларда бейнеленеді:

- өндірісті жетілдіру концепциясы (өзіндік құнның) ағымдағы шығындарды азайту бойынша тұрақты іздестіруден, тауардың бағасын азайтудан, нарықтың үлкен бөлігін қамтудан, сатуларды арттырудан және пайданы ұлғайтудан тұрады;

- тауарды жетілдіру концепциясы тауардың, оның модификацияларының сапалық сипаттамаларын жүйелі жақсартудан, сервистік және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсартудан тұрады, осының есебінен өтім нарығы кеңейеді, жаңа сатып алушылар тартылады және пайданың артуы қамтамасыз етіледі;

- коммерциялық күштерді қарқындату концепциясы – қымбат және аз сатып алынатын тауарларды сатудың ерекше әдістері;

- маркетинг концепциясы бәсекеге қабілетті әдістермен сапалы тауарларды өндіруге және өткізуге бейімделген;

- әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы тіршіліктің жоғары сапасын қамтамасыз ететін және бүгінде де, болашақ ұрпақтарға да қоршаған табиғи ортаға зиянын келтірмейтін тауарлар өндірісіне бағытталған.

§4. Геологиялық барлау кәсіпорнының маркетингілік әрекеті.

Геологиялық барлау кәсіпорнының келешегін анықтаудың негізгі әдістері маркетинг және стартегиялық жоспарлау болып табылады. Геологиялық барлау кәсіпорындары маркетингілік зерттеулерді екі бағытта жүргізеді:

  1. мемлекеттік мұқтаждықтарға арналған жұмыстар бойынша;

  2. дербес шаруашылық әрекет тәртібінде орындалатын жұмыстар бойынша.

Бірінші жағдайда мемлекеттік геологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға кәсіпорынның болашақ қатысу мүмкіндігі бағаланады, алдағы жұмыстардың құрамы мен көлемдері, конкурстарды өткізу орны, тәртібі мен шарттары анықталады.

Конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мұндай тапсырыстарды алу келешегінің саласында маркетинг қызметінің ерекше сипатын көздейді. Мұнда бастысы – құрастыруға жоспарланған және құрастырылатын геологиялық бағдарламалар туралы кең ақпараттану және оларға қатысу мүмкіндігін алдын ала анықтау. Экономикалық шарттарды, ықтимал бәсекелестердің болуын білген маңызды.

Кәсіпорын территориалдық геологиялық комитеттермен және аймақтық геологиялық орталықтармен (басқармалармен), мүмкіндігінше тиісті өкілеттіктері бар арнайы өкілдері арқылы тікелей Министрліктің бөлімшелерімен жүйелі қатынастарды қолдау қажет.

Екінші жағдайда дербес шаруашылық әрекеттегі жетістіктер көбінесе геологиялық, өндірістік қызметтерге тұтынушылық сұранысты білумен және шебер ұйымдастырылған жарнамамен анықталады. Бас геолог пен бас инженер қызметтері геологиялық және өндірістік қызметтерге тұрақты сұранысты қамтамасыз ету үшін, кәсіпорын тапсырыс берушілерге ұсынуы мүмкін, жұмыстар мен зерттеулер туралы ақпаратты тұрақты дайындау және орналастыру керек.

Өндіруші және геологиялық ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын өзге кәсіпорындардың мамандарын сауалнамалауды жүргізу шаралары пайдалы болуы мүмкін, оның негізінде сұраныстың перспективтілік дәрежесі бойынша жұмыстардың үш тобын қалыптастыруға болады:

  1. мамандардың бағалауы бойынша сұраныс өсетін жұмыстар;

  2. тұрақты деңгейде қала отырып, сұраныс төмендейтін жұмыстар;

  3. сұраныстың азаюы күтілетін жұмыстар.

Алынған мәліметтер кәсіпорын жұмысында басым бағыттарды анықтауға, тапсырыс берушілермен келісімдер жүйесін баптауға, ҒТӨ саясатын құруға, техника мен кадрларды іріктеуге мүмкіндік тудыруы мүмкін.

Маркетингілік әрекеттің маңызды нәтижесі геологиялық жұмыстарға (қызметтерге) сұранысты болжау болып табылады. Жалпы геологиялық барлау ұйымында тапсыпыстар портфелі үш бағытта (деңгейде) қалыптасатын болады.

Тапсырыстың I және II деңгейлері сәйкесінше геологиялық барлау жұмыстарын немесе кәсіпорынның негізгі әрекеті бойынша жұмыстарды құрайды. Олар мемлекеттік тапсырыстар бойынша (I деңгей) және жеке өндіруші кәсіпорындартың тапсырыстары бойынша (II деңгей) геологиялық міндеттегі жұмыстарды орындаумен байланысты.

III деңгейдегі жұмыстар болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Барлығы геологиялық кәсіпорын орналасқан аймақтағы жағдайларға тәуелді. Бұл жұмыстар іс-әрекеттің негізгі кескініне қосымша болып табылады. Бірқатар ұйымдарда сәтті жағдайларда мұндай жұмыстар кәсіпорынға сезілетін кіріс әкелуі мүмкін. Мысалы, геологиялық кәсіпорын табиғатты сүюшілер үшін қызықты геологиялық объектілер бойынша экскурсиялар, жорықтар ұйымдастыруы мүмкін, оқу материалын ұсынуы мүмкін; көлік құралдарын, құрылыс және ауылшаруашылық техниканы жөндеуде жеке тұлғаларға қызметтер көрсетуі мүмкін және т.с.с. Егер мұндай қызметтерді тұтынушы тікелей жақын орналасқанда ғана мүмкін. Бірақ көбінесе геологиялық кәсіпорынның мұндай қызметтерінің тұтынушылардың үлкен саны жоқ.

Геологиялық кәсіпорын әрекетінің аса қызықты салалары I деңгейдегі жұмыстар болып табылады. Бұл мұндай жұмыстардың ірі әрі ұзақ мерзімді болып табылатындығымен, сенімді қаржылық қамтамасыз етілуімен, бірқатар жағдайларда қолайлы қаршылық ортаға ие болуымен байланысты. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстар жүргізгенде кәсіпорын аванс, жеңілдікті несие, салық жеңілдіктерін алуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін, геологиялық кәсіпорыннан конкурсқа дайындық бойынша алдын ала жұмыс жасау талап етіледі. Мұндай жұмыс болашақ жұмыстардың мүмкін құнын анықтаудан, мемлекеттік тапсырыстың минималды (шекті) бағасын негіздеуден, кәсіпорынның мемлекеттік тапсырысты орындау мүмкіндігін бейнелейтін, негіздеуді дайындаудан тұрады. Негіздеу геологиялық кәсіпорынның өндірістік базасының жағдайын сипаттаудан, кадрлардың болуынан, берілген бағыт бойынша жұмыс өтілінің болуынан тұрады. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін, материалдарды конкурсқа тапсыру бизнес-жоспарды құруға жақын.

Тапсырыстар портфелін құрғаннан кейін кәсіпорын ағымдағы жылдағы жұмыстарды бөліп, жұмыстардың объектілік жоспарын құрады.

Тақырып 4.3: Геологиялық барлау жұмыстарындағы еңбек ресурстары.

Жоспар:

  1. Еңбек ресурстары мен кадрлар ұғымы.

  2. Қызметкерлер құрамының саны және олардың түрлері. Қызметкерлер құрамының қозғалысы және қозғалыс көрсеткіштері.

  3. Жұмыс уақытының балансы. Қызметкерлер санын жоспарлау.