Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§1Маркетингтің пайда болуы мен дамуы. Маркетингтің мәні.

Маркетинг экономиканы реттеу (дағдарыссыз тіршілік) құралы ретінде XX ғ. 30-шы жылдарынан қалыптаса бастады;

- 30-шы жж. дейін өтім нарығын ғаламдық зерттеу болмады;

- бұны адамның ерекше әрекеті ретінде маркетинг жасау керек.

Фирманың экономикалық әрекетінің негізі ретінде маркетингтің қалыптасуын, Батысты 1929-33 жж. қамтыған, «ұлы депрессиядан» кейінгі кезеңге жатқызады. Ол уақытта антидағдарыстық реттеу құралдарын, жеке объектілердің тіршілігі және сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу стратегияларын белсенді іздеу жүріп жатты.

Бұл шаралар маркетинг теориясының пайда болуы мен дамуына және оның алдағы тәжірибеде жүзеге асырылуына негіз болды.

«Маркетинг» терминін (ағыл. market – нарық) бұл түсінігінде «нарықтық қызмет» ретінде аударуға болады.

Даму барысында маркетинг концепциясының өзі қатты өзгерді. Басында маркетингілік әрекет құрылған игіліктерді сатумен (өтім, жарнама) ғана шектелді.

Тәжірибелік әрекет ретінде маркетинг XX ғ. 60-шы жылдарының басында, дамыған елдердің өнеркәсібінде сатушы нарығы (сұраныс ұсыныстан жоғары) сатып алушы нарығына (сұраныс ұсыныстан артық) ауысқанда шынымен қарастырыла бастады. Дәл осы кезеңде жоғары сапалы жаңа тауарлардың 95% дейінін сатып алушылар болмады.

Осы сәтте кәсіпкерліктің тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталған ғылым ретінде маркетинг пайда болды. 70-ші жж. маркетинг өнеркәсіпте кең таралды. 80-ші жж. қызмет саласын қамтыды.

Қазіргі маркетингбұл нарықты талдау, сұранысты қалыптастыру мен ынталандыру, өндірістік үрдістің барлық сатыларында нарықтық факторларды есепке алу, тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу, баға түзу, бақылау, жарнамалық және халықаралық әрекет бойынша шаралардың кешені.

Маркетингтің сенімінарықта сатылуы мүмкінді ғана, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретінді ғана өндіру (яғни тұтынушылық сұранысқа бейімделу). Сатып алушы қажеттінің барлығын қажетті көлемде, қажетті сапада, қажетті жерде және қажетті уақытта алу керек.

Нарықтық салаға қарай маркетинг болуы мүмкін:

- халықаралық немесе ішкі;

- тұтынушылық тауарлар, өндіріс құралдары мен қызметтер.

Маркетингтің соңғы мақсаты пайданы максимизациялау, фирма кірістерінің тұрақты өсуі, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру.

§2. Маркетингтің мақсаттары мен бағыттары.

Маркетингтің нақтылы мақсаттарын анықтайық:

  1. Тұтынуды максимизациялау, бұл өндірістің максимизациясын, жұмыспен қамту деңгейін, соның салдарына қоғамның тұрмыс жағдайын ынталандырады.

  2. Тұтынушыларды қанағаттандыру дәрежесін максимизациялау: мұнда тұтынуды арттыру емес, тұтынушылардың қанағаттану дәрежесінің артуына қол жеткізу маңыздырақ болып табылады.

  3. Тұтынушылардың таңдауын максимизациялау: тұтынушылар қажеттіліктерін дәл қанағаттандыратын тауарларды табатындай, тауарлардың көптүрлілігін қамтамасыз ету.

  4. Тіршілік сапасын максимизациялау: маркетинг тиімді бағалармен тауарлардың санын, сапасын, көптүрлілігі мен қол жетімділігін ғана емес, сонымен қатар адамдардың мәдени және физикалық мекен ортасының сапасын қамтамасыз ету керек.

Фирманың басшылығы маркетинг жоспарын бекітеді, одан соң маркетингілік қызметтер бәсеке жағдайында нарықта тауарлар мен қызметтерді алға бастыру бойынша арнайы шараларды жүзеге асырады.

Кәсіпорындардың маркетингтік қызметінің негізгі бағыттары:

  1. жарнаманың көмегімен кәсіпорын өндіретін тауарлар мен қызметтер және бәсекелестердің тауарларымен салыстырғандағы олардың артықшылықтары туралы ақпаратты тұтынушыларға дейін жеткізу;

  2. тұтынушылармен жеке қарым-қатынас, оның барысында нарықты зерттеумен ғана емес, тауарлар мен қызметтерды (нақты сатып алушыға сол жерде тікелей сатуға дейін) алға бастырумен байланысты мәселелер шешілуі мүмкін;

  3. демеушілік, қайырымдылық әрекет арқылы; ғылымның, мәдениеттің көмегімен, түрлі сайыстарды, лотереяларды жүргізу арқылы және т.с.с. көпшіліктің көзқарасында кәсіпорынның тартымды бейнесін (имиджін) құру.