Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§2. Өзіндік құнның құрылымы мен шығындардың жіктелуі.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге кететін барлық шығындарды бірқатар белгілер бойынша топтайды.

Өндірістік міндеті бойынша шығындарды негізгі және қосымша деп бөледі. Негізгі шығындар геологиялық барлау жұмыстарының өндіріс үрдісімен тікелей байланысты. Оларға материалдарға, технологиялық отын мен энергияға кететін шығындар, қызметкерлер құрамының (жұмысшылардың, жетекшілер мен мамандардың) жалақысы, далалық үлес, амортизациялық сомалар, аз құнды және жылдам тозатын заттардың тозуы, қосалқы-көмекші өндірістердің қызметтері және сырттай қызметтер, өндірістік көлік жатады. Қосымша шығындар геологиялық барлау жұмыстарының өндірісін басқарумен, ұйымдастырумен және қызмет көрсетумен байланысты.

Есептеу тәсілі бойынша тікелей және жанама шығындарды ажыратады. Тікелей шығындарға мөлшерін жұмыстың әр түрі үшін тікелей анықтауға болатын шығындар жатады, мысалы, негізгі жұмысшылардың жалақысы, материалдар, энергия және т.с.с. Жұмыстардың нақты түріне тікелей жатқызылуы мүмкін емес шығындар жанама деп есептеледі; олар жұмыстардың әртүрлерінің арасында шартты түрде, жанама жолмен бөлінеді. Жанама шығындарға мысал қосақы-көмекші өндірістердің қызметтері, қосымша шығындар бола алады.

Құрамы бойынша барлық шығындар қарапайым және кешенді (күрделі) болып бөлінеді. Берілген кәсіпорында бұдан ары түрлі баптарға таратуға болмайтын біртекті шығындар қарапайым деп аталады. Оларға негізгі және қосымша жалақыны, жалақының есептеулерін, амортизацияны, сырттан алынатын материалдарды, отынды, электрэнергиясын, түрлі ақша шығындарын жатқызады. Кешенді шығындар – бұл бірнеше элементтен тұратын, бірақ бір баптың өзіндік құнында бейнеленетін шығындар. Олар қарапайым элементтерге бөлінуі мүмкін, мысалы, қосымша шығындар, сонымен қатар электрэнергиясы және берілген кәсіпорында шығарылатын сығылған ауа.

Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары жанды және заттай еңбек шығындарына бөлінеді. Жанды еңбек шығындарына өндірістің барлық қызметкерлерінің жалақысын және оның есептеулерін жатқызады. Заттай (өткен) еңбектің шығындары материалдарға, отынға, энергияға, аз құнды және жылдам тозатын мүлікке, арнайы киім мен өзге материалдық құндылықтарға кететін шығындардан, сонымен қатар негізгі қорлардың амортизациясынан құралады.

Шығындардың берілген түрінің өндіріс көлемімен байланысына қарай айнымалы және шартты-тұрақты шығындарды ажыратады. Айнымалы шығындар геологиялық барлау жұмыстары көлемінің өсуіне тура пропорционал өседі (мысалы, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.с.с.), шартты-тұрақтылар – геологиялық барлау жұмыстарының көлеміне тәуелсіз өзгереді (жарықтандыру, жылу, ғимараттар мен құрылыстардың амортизациясы, басқару қызметкерлерінің жалақысы).

3. Геологиялық кәсіпорынның негізгі және қосымша шығындарының құрамы.

Геологиялық кәсіпорынның негізгі шығындарының құрамы.

  • Жетекшілердің, мамандар мен жұмысшылардың (геологиялық барлау жұмыстарының өндірісінде тікелеу қамтылған) негізгі жалақысы еңбек төлемдерінің нормаларына, жетекшілер мен мамандардың лауазымдық еңбекақы мөлшеріне, барлық үстеме төлемдер есепке алынған тарифтік мөлшерлемелерге қарай есептеледі;

  • Қосымша жалақы;

  • Әлеуметтік сақтандыру есептеулері (кәсіпорынның әлеуметтік салығы);

  • Материалдар, электрэнергиясы, сығылған ауа мен су;

  • Негізгі қорлардың амортизациясы жабдықтардың тиісті топтары үшін амортизацияның белгіленген нормаларына және оның орташа жылдық құнына қарай анықталады;

  • Аз құнды және жылдам тозатын заттардың және кезекті жабдықтардың (бұрғылау және айналдырма құбырларды қосқанда) тозуы оларды сатып алу құнына және қызмет мерзіміне қарай анықталады;

  • Қосалқы-көмекші өндірістердің қызметтері және сырттай қызметтер механикалық шеберханалардың, зертханалардың және өзге меншікті қосалқы-көмекші өндірістердің және сыртқы ұйымдардың жұмыстары мен қызметтерін жоспарлайды;

  • Көлік шығындарын геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар жұмыс орнына және кері жүктер мен қызметкерлер құрамын тасымалдауда қолданылатын, меншікті және жалдамалы көліктің барлық түрлері көрсететін қызметтердің құны ретінде анықтайды.

Геологиялық кәсіпорынның қосымша шығындарының құрамы.

Негізгі шығындардың сомасына жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық қажеттіліктерге геологиялық өндірістік ұйымның шығындарын есепке алатын, қосымша шығындар есептеледі.

Геологиялық ұйымдардың жалпы өндірістік шығындарының құрамына еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына, арнайы киімнің тозуына қаржылық емес сипаттағы шығындар, кәсіпорынның жоғары және орта оқу орындарына іссапарға жіберілген студенттерді оқытуға кететін шығындарды қосқанда, қызметкерлерді дайындау мен біліктілігін арттыру шығындары, студенттердің өндірістік тәжірибесі мен дала қызметкерлерін қоғамдық тамақтандыру шығындары кіреді.

Жалпы шаруашылық шығындар кәсіпорындардың әкімшілік-шаруашылық және қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалақысының барлық түрінен, өндірістік ғимараттарды ұстау шығындарынан, әкімшіліктегі қызметкерлердің кеңселік және пошта-телеграф шығындарынан, диспетчерлік қызметті ұстау шығындарынан, сонымен қатар жаңа техниканы жасағаны және енгізгені үшін қызметкерлерге сыйақы тағайындауға бөлінген сомалардан тұрады.

Сонымен қатар, қосымша шығындарды ерекше есептеулер түрінде, өндірістік-шаруашылық әрекетке экономикалық талдау жүргізуге, жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізуге бөлінген сомалар түрінде болады. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, жаңа техниканы игеру шығындары қосымша шығындарда жеке жолға бөлінген.

Қосымша шығындардың нормалары және оларды жеке баптар бойынша бөлу геологиялық ұйымдардың орналасуының географиялық-экономикалық жағдайларына және орындалатын жұмыстардың түрлеріне тәуелді. Мемлекеттік унитарлы геологиялық кәсіпорындар үшін олар 25-35% шектерінде және т.с.с.

Жоспарлы қор жиналымдары.

Геологиялық барлау өндірісінде оның айрықша ерекшеліктерінің салдарынан пайданы қалыптастыру ерекше сипатқа ие. Геологиялық барлау жұмыстары айтарлықтай уақыт кезеңінде жүзеге асырылады, сонымен қатар олар оңды ғана емес, теріс нәтижеге де ие болуы мүмкін. Геологиялық барлау жұмыстарының қол жеткен нәтижелеріне тәуелсіз, геологиялық кәсіпорын пайда алу керек, сондықтан өндіріс (геологиялық тапсырманы орындау) шығындарының сметасын құрғанда негізгі және қосымша шығындардан басқа, ерекше жоспарлы қор жиналымдарын қалыптастыру қажет, олар пайда ролін атқарады және геологиялық өндірістік ұйымға қажетті орташа рентабельділікті қамтамасыз етеді.

Олар негізгі және қосымша шығындар сомасының 14-тен 20% дейінін құрайды. Сметада жоспарлы қор жиналымдарының болуы геологиялық өндірістік ұйымға салықтар мен алымдарды төлеу қаражатына ие болуға, банк несиесінің пайыздарын төлеуге, экономикалық ынталандыру қорларына қаражат бөлуге және т.с.с. мүмкіндік береді.