Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§6. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері.

Өндірістік үрдістердің техникалық жабдықталуы геологиялық сала қызметкерлері еңбегінің қор жарақтануының көрсеткішімен сипатталады.

Еңбектің қор жарақтануы Қе а.б./адам – бұл негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы:

Қе = Қнег : То,

мұнда Қнег – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, а.б.;

То – қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.

Кәсіпорындардың және өнеркәсіп салаларының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейін анықтайтын ортақ көрсеткіш қор қайтарым болып табылады, ол негізгі өндірістік қорлардың 1 а.б. тиісті өнімді шығаруға (орындалған геологиялық жұмыстардың көлеміне) сәйкес келеді:

Ққ = В : Қнег,

Ққ – қор қайтарым, т / а.б.,

Ш – өнімді (орындалған геологиялық барлау жұмыстарын) шығарудың жылдық көлемі, т; а.б.

Өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстардың) көлемі натуралдық, шартты-натуралдық және құн бірліктерімен берілуі мүмкін.

Негізгі өндірістік қорлардың қызмет ету тиімділігінің екінші жалпылаушы көрсеткіші қойсыйымдылық болып табылады, ол қолданылған негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының құндық немесе натуралдық көріністегі өнімнің (жұмыстардың) жылдық көлеміне қатынасы:

Қсый = Қнег : Ш.

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігі туралы тек қорқайтарым немесе қорсыйымдылық деңгейі бойынша тұжырымдауға болмайды. Геологиялық барлауда қорқайтарымның төмендеуіне еңбек өнімділігінің өсуі, материалдарды, энергияны үнемдеу, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың тиімдірек әдістерін қолдану және т.с.с. есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындарының қысқаруы ұласуы мүмкін. Сондықтан қолданыстағы өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде рентабельділік деңгейі болу керек:

Р = П100 : Қө,

мұнда Р – өндірістік қорларға қатысты рентабельділік деңгейі, %;

П – жылдық пайда сомасы, а.б.;

Қө – өндірістік қорлардың (негізгі өндірістік қорлардың және мөлшерленетін айналым құралдарының) орташа жылдық құны, а.б.

Жалпы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды сипаттайтын, аталған көрсеткіштерден басқа, машиналар мен жабдықтардың пайдаланылуын бағалау үшін, басқа жеке көрсеткіштерді де пайдаланады. Оларға мыналар жатады:

Жабдықтар паркін қолдану коэффициентін Кқол жұмыстағы жабдықтар (машиналар) бірлігінің санын кәсіпорынның (ұйымның) қарамағындағы, осы түрдегі жабдықтардың (машиналардың) жалпы санына бөлу арқылы анықтайды.

Экстенсивті жүктеме коэффициенті Кэкс, жабдықтардың (машиналарды) уақыт ішінде қолдануды сипаттайды, жыл ішіндегі сағатпен алынған нақты атқарылған машиналық уақыттың сағатпен алынған машинаның (жабдықтың) күнтізбелік, режимдік немесе жоспарлы уақыт қорына қатынасына тең:

Кэкс = Тн : Тк (р. жос.),

мұнда Тн және Тк (р. жос.) – жыл ішіндегі нақты, күнтізбелік (режимдік және жоспарлы) уақыт, сағ.

Интенсивті жүктеме коэффициенті Кинт жабдықты қуаты бойынша пайдалануды сипаттайды; уақыт бірлігінде шығарылған өнімнің (жұмыстың) нақты санын Шн, сол уақыт бірлігінде берілген қорлар көмегімен жүргізуге болатын, өнімнің (жұмыстың) максималды (немесе нормативтік) шығарылымы Шн. т:

Кинт = Шн : Шн.т

Жабдықтың жалпы (интегралдық) жүктемесінің коэффициенті Кжал, оның уақыт ішінде және қуаты бойынша пайдаланылуын сипаттайды, жабдықты экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерімен анықталады:

Кжал = Кэкс Кинт.