Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§5 Негізгі қорлардың амортизациясы.

Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің барысында олардың пайдаланылуына және тұтыну құнын жоғалтуына қарай олардың құнын дайын өнімге (орындалған жұмысқа) көшіру жүзеге асырылады. Негізгі қорлар тозуының ақшалай өтемі, негізгі қорлардың тозу дәрежесіне сәйкес келетін, амортизациялық бөлінген сомалар болып табылады. Бұл бөлінген сомалардың құрамына өнімнің (жұмыстардың) өзіндік құны кіреді, өйткені олар, негізгі қорларда заттанған және өндірілетін өнімге (орындалған жұмысқа) көшірілген, еңбектің шынайы шығындарын құн формасында бейнелейді. Амортизациялық сомалар әрекеттегі кәсіпорындардың негізгі қорларының құнына қарай, олардың игеруде, жөндеуде немесе жұмыссыз тұрғанына тәуелсіз бөлінеді.

Амортизация негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының ақшалай көрінісі болып табылады. Амортизация қатардан шыққанда негізгі қорларды толық ауыстыру мақсатында жүзеге асырылады. Амортизациялық бөлінген сомалар негізгі қорлардың құнына, оларды игеру уақытына, модернизацияға кеткен шығындарға тәуелді.

Амортизацияның жылдық сомасының, пайызбен берілген, негізгі қорлардың құнына қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Пайызбен бөлінген амортизация нормасы еңбек құралдары жыл сайын өзінің баланстық құнының қандай үлесін өндірілетін өнімге көшіретінін көрсетеді. Белгіленген нормалар бойынша амортизациялық бөлінген сомалар дайын өнімнің құнына кіреді. Амортизация нормасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

На = [(ҚбҚж) / (Та * Қб)] * 100%,

мұнда Қб – негізгі қорлардың бастапқы құны, а.б.;

Қж – негізгі қорларды жою құны, а.б.;

Та – негізгі қорлардың нормативтік мерзімі (амортизациялық кезең), жыл.

Амортизация нормаларының деңгейі негізгі қорлардың тозған бөлігін қалпына келтіру үшін қажетті, ресурстардың көлемін анықтайды. Амортизация нормаларының көмегімен негізгі қорлардың айналым жылдамдығы реттеледі, оларды ұдайы өндіру үрдісі қарқындатылады. Амортизация нормалары және оларды негізгі қорлардың топтары бойынша дифференциация арқылы кәсіпорындағы техникалық және өндірістік саясат жүзеге асырылады.

Негізгі қорларды толық қалпына келтірудің амортизациялық есептеулерінің сомасы мына формула бойынша анықталады:

А = ҚБ * На / 100%,

мұнда Қб – негізгі қорлардың бастапқы (орташа жылдық) құны, а.б.

амортизациялық есептеулердің шамасы үш әдіспен анықталады: біркелкі, біркелкі жеделдетілген және жедел. Амортизациялық есептеулердің шамасын анықтаудың біркелкі әдісі негізгі қорлардың біркелкі физикалық және моральдық тозуына бағдарланған. Мұндай мүмкіндік физикалық тозуға қатысты айтарлықтай заңды болып табылады. Алайда моральдық тозудың жайы мұндай емес. Ғылым, өндіріс техникасы, технологиясы біркелкі дамымайды. Негізгі қорлардың моральдық тозуы көп жағдайда амортизация нормаларында көзделгендей біркелкі емес, жедел қарқынмен жүреді. Сондықтан кәсіпкер негізгі қорлардың жедел моральдық тозуы туындағанда, оларды ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, амортизациялық бөлінген сомалары болу керек. Негізгі қорлардың жедел амортизациясының әдісін қолданып, бұл мәселені шешуге болады, алғашқы үш жылда өнімнің құнынан олардың бастапқы құнының шамамен 2/3 көшіруге мүмкіндік беретін, артық нормалар қолданылады. Осыдан қалған құн қабылданған амортизациялық кезеңнің шектерінде қызмет етудің қалған жылдарының әрбіреуі бойынша амортизацияның бірдей (тұрақты) нормалары бойынша көшіріледі.

Қазіргі уақытта біркелкі емес амортизация кең таралған, онда жабдықтар құнының үлкен бөлігі игерудің алғашқы жылдарында өндіріс шығындарынан тұрады. мысалы, бірінші жылы – 50%, екінші жылы – 30%, үшінші жылы – 20%. Бұл кәсіпорынға инфляция жағдайында кеткен шығындарды жылдам өтеуге және оларды жабдықтар паркін бұдан ары жаңартуға бағыттауға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар амортизациялық есептеулердің сомасын дербес қолданады, оны кәсіпорынның ғылыми-техникалық, өндірістік дамытуға, негізгі қорларды ұдайы өндіруге және жетілдіруге бағыттайды.