Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

§3. Ірі және ұсақ кәсіпорындар, олардың ерекшеліктері.

Нарықтық экономикада ірі кәсіпорындардың үлесі орташа есеппен 20% құрайды, ал ұсақ кәсіпорындардың үлесіне 80%-ға жуығы тиесілі. Алайда, ірі кәсіпорындар 80% жуық ВНП өндіреді. Бұл келесі себептерден болады:

- өндірістің үлкен көлемдері ірі кәсіпорындарға кәсіпорын ішінде еңбекті бөлудің артықшылығын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді;

- арнайы маниналар мен жабдықтарды қолдану кезінде еңбек өнімділігі үлкен дәрежеде жоғарлайды;

- қорларды үлкен көлемде алу көтерме шегерімге құқық береді.

Барлық осы артықшылықтар экономикалық теорияда «масштаб әсері» атауына ие болды.

Қазіргі нарықтық экономикада кіші бизнес кеңінен дами бастады, ол келесі артықшылықтарға ие:

- кіші бизнес өзгеретін жағдайларға жеңіл дағдыланады;

- ол аз қаржы салуды талап етеді және олардың жылдам өтелуін қамтамасыз етеді;

- кіші бизнестің дамуы жұмыс күші мен капиталдың қозғалысын жеңілдетеді;

- кіші бизнесті дамыту халықтың жұмыс бастылығын қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.

Тақырып 3.3: Геологиялық кәсіпорындардың негізгі қорлары.

Жоспар:

1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі қорлардың маңызы.

2. Негізгі қорлардың жіктелуі мен құрылымы.

3. Негізгі қорлардың (тізімге алу және құжаттандыру) есепке алу және бағалау.

4. Негізгі қорлардың тозуы.

5. Негізгі қорлардың амортизациясы.

6. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері.

7. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі.

  1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі қорлардың маңызы.

Дайын өнімді шығаратын (немесе белгілі бір тапсырмалар орындайтын) кәсіпорындардың өндіріс құралдарының құрамына екі әр түрлі бөлім енеді: біріншісі еңбек заттарынан (шикізат, материалдар және т.б.) тұрады, екіншісі еңбек құралдарынан (машиналар, жабдықтар, ғимараттар және т.б.) тұрады, олардың көмегімен адам дайын өнімге айналдыра отырып, еңбек заттарына ықпал етеді. Өндірістік үрдіс еңбек құралдары мен еңбек заттары түрліше қатысатын, олардың тұрақты айналымын білдіреді. Еңбек заттары бір өндірістік циклдың барысында толық тұтынылады, өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оны жаңа еңбек заттарымен тұрақты толтыру талап етіледі. Еңбек құралдары олардың әрбіреуінен кейін өзінің материалдық формасын сақтай отырып, көптеген өндірістік циклдарды қамтамасыз етеді. Өндірістік үрдістегі рольге сәйкес, дайын өнімнің түзілуінде, сонымен қатар өзінің құнын дайын өнімге көшіруде еңбек құралдары негізгі қорлардың формасына, ал еңбек заттары айналыс құралдарының формасына ие болады; жиынтығында олар кәсіпорындардың өндірістік қорларын қалыптастырады. Өндірістік қорлардың жалпы көлемінде негізгі қорлар үлкен рольге ие. Осылайша, өнеркәсіпте олар шамамен 80%, ал өндіруші салаларда 85-95% құрайды.

Негізгі қорлар – бұл көптеген өндірістік циклдарға қатысатын, еңбек құралдары, өздерінің натуралдық формасын сақтайды, олардың құны дайын өнімге (орындалған жұмысқа) біртіндеп, жарым-жартылай, тозуына қарай көшіріледі.

Негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі қорларға өндірістік үрдіске тікелей қатысатын немесе оны жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын еңбек құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар – бұл әлеуметтік міндеттегі ұзақ маңызды объектілер. Олар өндірістік үрдіске қатыспағанмен, қоғамдық өндірістегі олардың ролі зор, өйткені олар жұмысшылардың тұрмыстық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, еңбек өнімділігіне жанама ықпал етеді.