Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

Кәсіпорындардың формалары.

Жоспар:

1. Қазіргі кәсіпорынның экономикалық мәні.

2. Кәсіпорындардың маңызды белгілері бойынша жіктелуі.

3. Ірі және кіші кәсіпорындар және олардың ерекшеліктері.

Кез келген елдің экономикасы тауарлар мен қызметтердің көптеген түрлерін жасап шығаратын шаруашылық субъектілерінің зор санының іс-әрекеті болып табылады.

Егер әр нақты кәсіпорын өндіретін өнімнің көптүрлілігінен ажырасақ, олардың барлығына тән жалпы белгілерді айшықтауға болады.

Ең алдымен, әр кәсіпорын – бұл өндірістің белгілі бір құралдарының жиынтығы екенін байқауға болады (осылайша, шойынды өндіру үшін, домна пештері, балқытылатын кен, көмір және т.б. қажет).

Өнімнің белгілі бір түрін өндіретін әр кәсіпорын үшін өндіріс құралдарының жиынтығы өзінің ерекшелігіне, технологиясына, яғни өнімді дайындау тәсіліне ие.

К.Маркс айтқандай, еңбектің тірі жалыны қамтымаған өндіріс құралдары өздігінен – заттардың жансыз үйіндісі ғана. Олардың жандандыру, әрекетке келтіру үшін, еңбек қажет, жаңа өнімді жасау үшін өндіріс құралдарын пайдаланатын жұмысшылар қажет. Сондықтан кәсіпорынның міндетті және маңызды белгісі ортақ еңбек үрдісімен біріккен жұмысшылардың жиынтығы болып табылады.

Еңбек үрдісінде жұмысшылардың арасында түрлі қатынастар туындайды, олар «өндірістік қатынастар» деп аталады. Олар мыналардан тұрады:

  • берілген кәсіпорынның аясында еңбек бөлінісі мен өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне негізделген, ұйымдастырушылық қатынастар (жұмыстарды жүргізудің бірізділігі, оларды реттеу, кәсіпорынның түрлі бөліктері мен буындарының өзара әрекеттесуі);

  • өндіріс құралдарына меншік қатынастарын негізделген және соларға қатысты байланыстар (бұл – бөлу, басқару, кейде – тұтыну қатынастары);

  • шаруашылық әрекеттің өзге, сыртқы субъектілерімен әр кәсіпорын орнататын байланыстар.

Аталған белгілер бір-бірінен ажырамайды. Олардың жиынтығы мен бірлігі шаруашылық жүйенің ерекше, жеке буыны ретінде кәсіпорынға анықтық пен тұтастық береді.

Яғни, кәсіпорын – бұл қоғам үшін пайдалы игіліктерді өндіруге арналған, оқшауланған техникалық-экономикалық және әлеуметтік кешен.

Нарықтық экономика, қоғамдық өндірістің тауарлық сипаты жағдайында кәсіпорындар «тауар өндірушілер» ретінде болады. Олар өндіретін өнім «тауар» болады, яғни тауарлы формаға ие болады.

Іс-әрекеттің нарықтық принциптері – тиімділік, үнемділік және қолайлылық – кәсіпорын деңгейінде өздерінің бастапқы сатысына ие болады. Бәсеке – бұл нарықтық дамудың қозғалтқышы, – кәсіпорында өзінің басты субъектісіне ие болады.

Кәсіпорындардың өндірістік әрекетінің мақсаты екіжақты сипатқа ие. Кәсіпорын әрекетінің тікелей мақсаты мен итермелеуші мотиві өнімді сату арқылы пайда болып табылады, алайда тек сұранысқа ие өнімді өндіру жолымен пайда алуға болады, сондықтан кәсіпорынның өзге мақсаты – тұтынушылық сұранысты толық қанағаттандыру.

§2. Кәсіпорындардың маңызды белгілері бойынша жіктелуі.

Қазіргі уақытта кәсіпорындарды бірқатар белгілер бойынша жіктейді. Ең алдымен, кәсіпорындарды әрекет салалары бойынша жіктейді. Бұл тұрғыда материалдық өндіріс және оның ірі бөлімшелері (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, құрылыс) саласында әрекет ететін кәсіпорындарды ажыратады. Геологиялық кәсіпорындар материалдық өндіріс саласында қызмет етеді. Материалдық емес өндірісті басқа топ құрайды, оның айрықша белгісі ерекшек өнімдерді – «қызметтерді» жасау болып табылады. Осы салада әрекет ететін кәсіпорындар іс-әрекетінің міндеттері сипаты бойынша түрлі қызметтерді жасау болып табылады (тұрмыстық техниканы жөндеуден әлеуметтік маңызы бар қызметтерге дейін – денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет).

Кәсіпорындардың үлкен тобы делдалдық әрекетпен айналысады. Делдал-кәсіпорындардың міндеті – өндірушілер мен тұтынулар, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара тиімді келісімшарттар жасасу (тауар, қор биржалары).

Өндірілетін өнім түрлерінің саны бойынша кәсіпорындарды мамандандырылған, яғни тауарлардың шектеулі санын шығаратын, және тауарларды өндіретін көпсалалы кәсіпорындарды ажыратады.

Өз кезегінде, кәсіпорындардың мамандану деңгейі түрліше. Бұл тұрғыда тұтынуға дайын өнім (мысалы, азық-түлік өнеркәсібінде - әр түрлі бұйымдар) өндірілгенде, заттық мамандану орын алуы мүмкін. Толық мамандану өндіріс құралдарын өндіретін салаларда дамиды (мысалы, машина жасаудың түрлі салаларында қолданылатын ішпектер өндірісі). Технологиялық мамандану технологиялық үрдістің белгілі бір сатысын орындауға кәсіпорынның шоғырлануын сипаттайды.

Көлеміне қарай (іс-әрекеттің ауқымына қарай) кәсіпорындар «ірі», «орта» және «шағын» болып бөлінеді. Көбінесе кәсіпорынның көлемі онда қамтылған жұмысшылардың санымен анықталады. Көлемі бойынша кәсіпорындарды бөлу тәсілі әр елде түрліше болуы мүмкін және өндіріс салалары бойынша өзгереді.

Геологиялық кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Өте шағындар қатарына 20 дейін, шағынға – 100 дейін, ортаға – 500 дейін, іріге – 500 артық адам санымен қамтылған кәсіпорындар жатады.

Ғылыми-техникалық өндіріс жағдайында кәсіпорын қызметкерлерінің саны кәсіпорынның көлемін анықтау басты фактор болудан қалады. Бірінші орынға кәсіпорынның өндірістік қуаты және негізгі капиталдың мөлшері сияқты көрсеткіштер шығады.

Геологиялық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ортақ белгілеріне қарамастан, геологияда және халық шаруашылығының қалған салаларында жұмыстар өндірісінің жағдайлары арасында принципиалды айрымашылықтар бар. кез келген өнеркәсіптік кәсіпорынмен салыстырғанда геологиялық кәсіпорын ауқымды аудандарда жұмыс жасайды, ал геологиялық объектілер бір-бірінен алшақ орналасқан, жұмыстар өндірісі олардың бірінен екіншісіне көшіріледі. Өндірістік үрдістің әдістемесінде, технологиясы мен экономикасында өзгерістерді алдын ала анықтай отырып, геологиялық, табиғи, сонымен қатар ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар тұрақты түрде өзгереді.

Өндіріс сипатына қарай және өндірістік факторларды есепке алып, геологиялық кәсіпорындар көп еңбек жұмсауды қажет ететін болып бөлінеді, оларда жоғары білікті еңбек қолданылады, ал оның нәтижелері жер қойнауларының жағдайы туралы ғылыми ақпарат болып табылады.