Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.29 Кб
Скачать

28 Бап. Лицензия алу құқығы (конкурстық ұсыныс).

I. Өтініш білдіруші белгілі мерзімде Барлау немесе Шығару Лицензиясын алу құқығына конкурстық ұсынысты құрады.

II. Конкурстық ұсыныс мыналардан тұру керек:

1) соңғы 5 жылдағы өтініш білдірушінің бұрынғы әрекеті туралы ақпарат; өтініш білдірушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы банк анықтамасы;

2) жұмыстардың бағдарламасынан және оларды жүзеге асыру шығындарын қосқанда, Барлауды жүргізу жағдайлары туралы өтініш білдірушінің ниеттері;

3) жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіруді қосқанда, қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысты өтініш білдірушінің ниеттері;

4) Барлауды қаржыландыру көздері (меншікті немесе заем қаржылары);

5) инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін талап етілетін кезең;

6) шығарылуы көзделген пайдалы қазбалардың мөлшері кіретін, жергілікті жерлерді өңдеу планы;

7) Шығаруды бастаудың күтілетін мерзімі;

8) ҚР көзделетін ақша түсімдері және Келісімшартты территорияның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржылар.

30 Бап. Конкурс қорытындыларын шығару.

Конкурстың жеңімпазы келесі критерийлердің жиынтығы негізінде анықталады:

  1. Барлауды жүргізудің басталу мерзімі мен қарқындылығы;

  2. Шығаруды бастау мен оның экономикалық және техникалық ықтимал деңгейіне, сонымен қатар пайдалы қазбаларды алудың максималды коэффициентіне жету мерзімі;

  3. бюджетке бастапқы және одан кейінгі төлемдердің көзделетін мөлшері;

  4. Келісімшартты территорияның инфрақұрылымын дамытуға күрделі қаржы жұмсау және жобаны қаржыландыру мерзімдері мен шарттары, инвестициялардың мөлшері;

  5. Жер қойнаулары мен қоршаған табиғи ортаны, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша талаптарды сақтау.

34 Бап. Лицензияның әрекет ету мерзімі.

Барлау Лицензиясы Лицензияның әрекет ету мерзімін екі рет ұзарту құқығы бар, әр кезеңнің ұзақтығы 2 жылға дейін, 6 жыл мерзімге беріледі.

Шығару Лицензиясы 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

38-41 бап. Лицензияны тоқтату, қайтарып алу немесе жарамсыз деп қабылдау.

1. Лицензиялық орган келесі жағдайларда 6 айға дейінгі мерзімге Лицензияның әрекетін тоқтатуға құқылы:

а) лицензиат Лицензия шарттарын бұзып немесе онда көзделмеген әрекетті жүргізгенде;

б) жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау заңнамасын жүйелі немесе өрескел бұзғанда.

2. Лицензиат анықталған бұзылуларды жоюдан бас тартқан жағдайда лицензия қайтарылып алуы мүмкін, бұл келісімшартты бұзуға (егер ол жасалса), лицензиаттан шығындарды өтеуге алып келеді.

68 Бап. Пайдалы қазбалардың реквизициясы.

Соғыс, апат және т.с.с. жағдайында ҚР Үкіметі құнын заттай өтеуді немесе шетелдік Жер қойнауын пайдаланушыға СКВ; ұлттық Жер қойнауын пайдаланушыға Ұлттық валютада төлеуді кепілдендіре отырып, Жер қойнауын пайдаланушыға тиісті пайдалы қазбалардың барлығын немесе бір бөлігін реквициялауға құқылы.

§3 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен жасалған, жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының аясында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізгенде жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен бекітілген, барлық салықтарды және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді төлейді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары мыналардан тұрады:

1. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері:

а) жазылу бонусы;

б) коммерциялық анықтау бонусы;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;

2. пайдалы қазбаларды шығару салығы;

3. үстеме пайда салығы.

Жазылу бонусы келісімшартты территорияда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауын пайдаланушының бірлік белгіленген төлемі болып табылады.

Жазылу бонусының бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалған әр келісімшарт үшін келесі мөлшерде жеке белгіленеді:

    1. пайдалы қазбалардың белгіленген қорлары жоқ территорияға геологиялық барлау жүргізудің келісімшарттары үшін;

    2. пайдалы қазбаларды шығарудың келісімшарттары үшін;

    3. техногенді минералды түзілімдерді өңдеудің келісімшарттары үшін;

    4. қарқынды суларды лықсытуға, сонымен қатар барлаумен және (немесе) шығарумен байланыссыз, жерасты құрылыстарын тұрғызуға және (немесе) игеруге арналған жер қойнауларын барлаудың келісімшарттары үшін.

Коммерциялық анықтау бонусы келісімшартты территорияда пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық анықтау үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын қорлардың артуына алып келетін, кенорындарды қосымша барлаудың барысында анықтау үшін, жер қойнауын пайдаланушы төлейді.

Коммерциялық анықтау бонусын есептеуге арналған салық базасы пайдалы қазбаның алынатын қорларының салық базасының 0,1% мөлшерлемесі бойынша құны болып табылады.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланудың келісімшарты жасалғанға дейін тиісті келісімшарт территориясын геологиялық зерттеу мен жабдықтауға мемлекеттен кеткен шығындардың орнын толтыру бойынша жер қойнауын пайдаланушының белгіленген төлемі болып табылады.

Пайдалы қазбаларды қазып шығару салығы ҚР территориясында қазып шығарылатын минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік батпақтардың әр түрі бойынша жер қойнауын пайдаланушы жеке төлейді. Салық шығарылатын минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік батпақтардың барлық түрлері бойынша ақшалай немесе натуралдық формада төленеді. Техногенді минералды түзілімдерден шығаруды қоса алғанда, салық пайдалы қазбаларды шығару кезінде төленеді.

Үстеме пайда салығы (жалпы таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік батпақтарды өндіруге, сонымен қатар барлаумен және шығарумен байланыссыз жерасты құрылыстарын тұрғызуға және игеруге жасалған келісімшарттарды қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Бұл салық салық кодексімен анықталған шегерімдердің сомасының 25% асатын, жер қойнауын пайдаланушының таза пайдасының бір бөлігін құрайды.

3 БӨЛІМ.

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік.

Тақырып 3.1: Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы әрекеттің негізгі түрі.

Жоспар:

1. Кәсіпкерлікке тән белгілер мен формалар.

2. Кәсіпкерлік қызметтің ішкі және сыртқы жағдайлары.

3. Қазіргі геологиялық кәсіпорындар – кәсіптік қызметтің суъектісі ретінде.