Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус KP_07 каз АН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Агрономия факультетінің 5B080100- Агрономия мамандығының

1 Курс студенттеріне арналған

Мал шаруашылығы негіздері модульінің

шифр және атауы

«Мал шаруашылығы негіздері» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы ( силлабус)

Орал – 2014 ж

КЕЛІСІЛДІ

«Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің ОӘБ

төрайымы __________С.М.Баянтасова

«___» _________ 20__ ж.

БЕКІТЕМІН

«Ветеринарлық медицина және биотехнология » факультетінің

деканы __________К.Ж.Кушалиев

«___» _________ 20__ ж.

М 13.1 Мал шаруашылығы негіздері модульінің

шифр және атауы

«Мал шаруашылығы негіздері» пәні бойынша (міндетті компонент)

оқу бағдарламасы ( силлабус)

Құрастырушы: доцент м.а. А.Б.Ахметалиева

«Биотехнология,мал және балық шаруашылығы » кафедрасы

«Ветеринарлық медицина және биотехнология » факультеті, 217- кабинет

Оқу бағдарламасы (силлабус) 5B080100- Агрономия мамандықтарының жұмыс оқу жоспарына және элективті пәндер каталогына негізделіп жасалынды.

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Практикалық – 30 сағат

БАОӨЖ – 25 сағат

БАӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Кафедра отырысында талқыланды «___»___________201_ ж. №______хаттама

Кафедра меңгерушісі _________ Е.Г.Насамбаев

Пәннің негізгі сұрақтары: үй жануарларының шығу тегі мен эволюциясы, жекеше өсіп - жетілуі, сұрыптау мен жұп таңдау, мал тұқымы туралы ілім, мал өсіру әдістері, малдардың биологиялық, өнімділік және тұқымдық қасиеттері, табынды толықтыру мен төл өсіру, әр түрлі мал түліктерінің өнімдерін өндіру технологиясы.

Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі қажет малдардың барлық түрлеріне қолданылатын сұрыптау мен жұптаңдау және мал өсіру әдістерінің негізгі қағидаларын толық игеруге : малдардың биологиялық, өнімділік және тұқымдық ерекшеліктерін, олардың табынын толықтыру, төл өсірудің жаңа әдістері мен мал өнімін өндірудің технологиясын жетік білуге міндетті, менгерген біліміне сүйене отырып, өзі еңбек етіп жүрген шаруашылықта өсірілетін малдың өнімдік, тұқымдық және технологиялық қасиеттерін жетілдіру, оларды бейімдеу қабілеттілігін, төзімділігін арттыру шараларын дұрыс ұйымдастыра білуі керек.

Пәннің пререквизиттері: жок

Пәнді оқудың мақсаты: Курстың мақсаты –студенттерге ауыл шаруашылығы жануарларының биологиялық ерекшеліктері, олардың тұқым қуалайтын негізгі белгілерінің өнімділікке әсері мен қалыптасуы, неғұрлым аз шығынмен мол өнім алу, азықты тиімді пайдалану сияқты негізгі мәселелер жөнінде іргелі білім беру.

Оқыту нәтижелері:

    1. Оқыту нәтижелері:

А (білім және түсіну) үй жануарларының шығу тегі мен эволюциясы, жекеше өсіп - жетілуі, сұрыптау мен жұп таңдау, мал тұқымы туралы ілім, мал өсіру әдістері, малдардың биологиялық, өнімділік және тұқымдық қасиеттері, табынды толықтыру мен төл өсіру, әр түрлі мал түліктерінің өнімдерін өндіру технологиясы ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, асылдандыру, азықтандыру, бордақылау, бағып-күту жұмыстарының нәтижесін және олардың өнімдерін өндеудің технологиясын меңгеру, азықтардың классификациясын білу;

В (білім және түсінулерді қолдану) мал шаруашылығы салаларында алған теориялық білімдерін тәжирибеде қолдану, әріптестерімен тіл табысу;

С (пайымдауларыды шығару (құрастыру))- мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыруын тәжирибеде жетілдіре білу, өсірілетін малдың өнімдік, тұқымдық және технологиялық қасиеттерін жетілдіру, олардың бейімделу қабілеттілігун, төзімділігін арттыру, мал ауруларының алдын алу және емдеу шараларын дүрыс үйымдастыру;

Д (коммуникативті дағдылар) малдардың биологиялық, өнімдік және тұқымдық ерекшеліктерін, олардын табының толықтыру, төл өсіру жаңа жаңа әдістері мен мал өнімін өндірудің технологиясын жетік білу. Студенттер мал шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын, түрлерін, мәнін, оның ерекшеліктері мен проблемаларын жақсы білетін болады.

Е (оқу дағдылары) ауыл шаруашылығының малдарының тұқымының және өнімділігінің биологиялық ерекшеліктерін оқып уйрену, селекциялық асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, таңбалау тәсілдерін меңгеру, зоотехникалық асылдандыру нәтижелерін есептерін жасай білу

Пәннің постреквизиттері: азық өндіру