
- •Дәрілік заттарды көк тамыр ішіне енгізу
- •Тері ішіне инъекция жасау алгоритімін орындау
- •Бұлшық етке инъекция жасау алгоритімін орындау
- •1. Инъекция жасау үшін медициналық құралдарды дайындау. Егу бөлмесіне кірген
- •2. Пациентке егілетін дәрінің ампуласының қорабын көрсету. Қолды жұмысқа дайындау
- •Тері астына инъекция жасау алгоритімін орындау
- •1. Инъекция жасау үшін медициналық құралдарды дайындау. Егу бөлмесіне кірген
- •2. Пациентке егілетін дәрінің ампуласының қорабын көрсету. Қолды жұмысқа дайындау
- •Көк тамырлы инфузия жасау алгоритімін орындау
- •47. Пациенттен шынтағын бірнеше минутқа бүгіп ұстауын сұрау
Тері астына инъекция жасау алгоритімін орындау
1. Инъекция жасау үшін медициналық құралдарды дайындау. Егу бөлмесіне кірген
пациентпен сәлемдесу. Оның хал-жағдайын сұрау. Пациенттен тағайындалған дәріні
бұрын қолданғандығы туралы сұрап анықтау. Пациенттен аллергологиялық анамнезін
сұрау
2. Пациентке егілетін дәрінің ампуласының қорабын көрсету. Қолды жұмысқа дайындау
жуу (гигиеналық әдіспен). Кранның шүмегін шынтақпен жабу. Қолды салфеткамен
немесе таза орамалмен құрғату. Маска және перчатка кию.
3. Шприц салынған қағазды поршень жағынан ашу, иненің ұшындағы тесігін шприцтің
шкаласына қарай бағыттап шприцтің конусына кигізу, иненің қалпағын шешпей
шприцті қайта қорабына кигізіп медициналық үстелге қою.
4. Дәрілік зат бар ампуланы алып, сыртындағы жазуды оқу, дәрігердің тағайындаған
дәрісімен салыстыру. Ампуланың сыртындағы жазуды тағы бір рет оқу, сақталу
мерзімін тексеру керек. Стерильді қапшықтан пинцетпен бірнеше дәкелі шариктерді
алып, оларды лотокқа салу керек. Спиртке малынған шарикпен ампуланың жіңішке
мойынын екі қайтара сүртіп, шарикті лотокқа тастау керек.
5. Бір қолға ампуланы, екінші қолға ампула кесетін кескішті алып ампуланың жіңішке
мойын бөлігінен кескіштің қырымен ампуланы айналдыра бір рет сызып өту. Құрғақ
шарикті алып, оны жайып, ампуланың мойынын толық жабу. Сызылған бөлікті және
ампуланың мойынын спиртті шарикпен сүртіп, шарикті лотокқа тастау.
6. Ампуланың мойынын бірінші және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап
сындыру. Ампуланы үстелге қойып, шприцті алып инесіндегі қалпақты шешу. Сол
қолдың екінші және үшінші саусақтарының арасымен ампуланың түбін жоғары қаратып
алу, шприцті оң қолмен ұстап, инесін ампуланың сыртына тигізбей, ішіне енгізу,
шприцтің поршенін баяу төмен тарта отырып, ампуланың ішіндегісін шприцтің
цилиндріне жинау. Ампуланы қолданған шариктер салынған лотокқа салу.
7. Егер шприцтің цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай
тартып шприцтегі ауаны баяу итеріп шығару.
Есте сақтау! Ауа көпіршіктерін бір-біріне қосу үшін шприцтің корпусын саусақпен
соққыламаңыз, ампуланың ішіндегі дәріне ауаға шашпаңыз. Иненің ұшынан тамшы
ерітіндіні шығарыңыз. Шприцтің инесін ауыстырыңыз, иненің ұшындағы тесікті
шприцтің шкаласына қарай бағыттау. Дәрісі бар шприцті стерильді пакетке салу.
8. Пациентті орындыққа отырғызып, инъекция жасайтын орынды қарау, инъекция
жасайтын орынды спиртке малынған шарикпен 10х10см көлемде сүрту. басқа
шарикпен тек инъекция жасайтын орынды сүрту, бұл шарикті пациенттің қолында
немесе өзіңіздің сол қолыңыздың 4 және 5-ші саусақтары арасында қалдыру шприцті
қорабынан алып, инесінің қалпағын шешу, иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың
саусақтарымен шприцті қоршай ұстап, сұқ саусқпен иненің муфтасын бекітіп ұстау
керек.
9. Cол қолдың саусағымен теріні жиырып, пайда болған үш бұрышқа 45˚ бұрышпен иненің 2/3
бөлігін енгізу керек, екінші сол қолдың бірініші саусағымен поршенді итеріп, дәріні енгізу
керек. Иненің орнына спиртке малынған мақта шарикті қоямыз, инені түбінен ұстап,
жылдам суырып алу керек, тампонды теріден алмай, иненің орнына жеңіл массаж жасау
керек, шарикті залалсыздандыратын сұйықтыққа салу керек.
10. Қолданылған шприц пен инені арнайы контейнерге салу керек.. Перчаткиді спиртке
малынған мақта шарикпен сүрту керек. Иненің орнын қарау керек.
Пациентке түсіндіру керек, реакцияны анықтағанша иненің орнына су тигізбеу керек
(егер инъекция диагностикалық мақсатта салынса). Пациенттің жағдайын сұрап, оны
палаталық мейірбикенің бекітіне дейін шығарып салу. Медициналық үстелден
шприцтердің қораптарын және бос ампуланы қалдықтар салатын қорапқа тастау
Медициналық үстелді сүрту, перчаткиді шешіп, контейнерге тастау, инъекцияның
орындалғаны туралы журналға белгілеу.