Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ЭТ 10-11каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

Талқылауға берілген сұрақтар:

  1. «Жұмысшылардың меншігі» терминін қалай түсінесіз?

  2. Жұмысшылар меншігін теориясы мен практикаға енгізудің шетел тәжірбиесі қандай? Е8ОР (EmployeeStock Owership Plan – План наделения работников акциями) американдық жүйесі туралы не білесіздер? Басқарудың партисипативтік әдістері қандай? Қазақстанда партсипативті әдістердің келешегі қандай?

  3. САЗ –да еңбектің жоғары өндіріс жүйесін енгізу және басқару реформалары, жұмысышылардың меншігін тиімді жүзеге асыруды қандай факторлар анықтайды?

  4. Жұмысшылардың меншігі негізінде жекешелендіруді жүзеге асырған САЗ-да қандай практикалық өзгерістер болды? Меншіктің мұндай формасы экономикалық демократиямен үйлесе ме?

  5. Кәсіпорынды еңбек ұжымының меншігіне беру өзіндік басқарудың югославиялық тәжірбиесін қайталау болып санала ма?

  6. САЗ-да меншік үлесінің көлемі неге тәуелді және меншік құқын алған жұмысшы оны қалай пайдалана алды? Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қарай үлес көлемі және бағасы қалай өзгеріп отырды? Бұл өзгерістерді қалай бағалауға болады?

  7. Еңбек ұжымының меншігі жеке меншіктің ерекше формасы бола ала ма?

  8. Жұмысшылардың меншігімен құрылған компанияда ұйымдастыру мәдениеті қандай болу керек?

  9. Жұмысшылардың меншігін бөлу процесін дамытуды мемлекеттік саясат ретінде қарауға бола ма?

  10. Әр түрлі елдердің жинақталған тәжірбиесінің оңтайлы тұстарын қолдану үшін САЗ өз жұмысын қайта құра ала ма? Ағымдағы жұмысқа байланысты шешімдерді қабылдауға толық құылы болу және билікті радикалды орталықсыздандыру қажет пе? Орталықсыздандыруды материалдық ынталандырудың жаңа жүйесімен байланыстыруға бола ма?

  11. САЗ-тың басшыларымен әлеуметтік салаға көмек көрсетуі, олардың патернализмі зауытта жұмысшыларды жұмыстан шығармауға ықпалын тигізгенін директор мақтан етеді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл фирманың бәсекеқабілеттілігін төмендетуі мүмкін бе?

  12. Ұсынылған мысалда кәсіподақтық ұйым формасында құрылған басшылыққа қарсы тұратын шынайы күш болған жоқ. Жұмысшыларға басшылардың қызметіне ықпал жасайтын және бақылап отыратын механизмдер қажет пе?

  13. Ондаған мың компаниялар үшін құнды қағаздар нарығының ашық болуынан гөрі, батыс түсінігінде «шынайы» құндылығын көрсететін әдістер САЗ-тың ішкі нарығында акция бағасын анықтау практикасы тиімді ме?

  14. Неге Қазақстанда меншікке жұмысшылардың құқылы болу тәжірбиесі іс жүзінде қолданылмады? Ереже бойынша, еңбектік ұжымның үлесі акционерлік капиталдың 10-12 % - нан аспады.

Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»

1993 жылы Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия- фармацевтік зауыты привилегиялы акция түрінде, 10 % -ы еңбектік ұжым үлесіне, 90 %- ы мемлекет үлесіне тиетін, жарғылық қоры 30,4 млн. тенге «Химфарм» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Акционерлік қоғамға дейін зауыттың қоғамының негізгі көрсеткіштері төмендегідей болды:

1. Өнім шығару көлемі:

- глауцин – 1648 кг.

- аллапенин -12,5 кг.

- натрий хлорид – 309030 кг.

- қия тамырдың шырыны - 2900 қорап.

2. Жұмысшылар саны – 687 адам, оның ішінде:

- өндірісте – 672 адам;

- әкімшілік персонал – 83 адам;

- әлеуметтік салада – 112 адам.

3. Негізгі қордың тозу деңгейі – 60 % -дан астам.

4. Таза пайда – 1443 мың тенге.

5. Пайданың негізгі жұмсалуы:

- тұтыну қоры – 207 мың тенге;

- әлеуметтік сала объектілеріне – 413 мың тенге;

- басқа да бағыттар, оның ішінде өндірісті қайта инвестициялау – 823 мың тенге.

Кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыруда біршама құрылысы аяқталмаған объектілер болды. Олардың ірілері микробиологиялық лабораториялар, мукалтин өндірісі, өсімдік шикізатынан өндірілетін препараттар шығару орындары.

Әлеуметтік салада: бала бақша, профилакторий, лагерь, клуб, медициналық пункт болды.

Акционерлік қоғамға өткеннен кейін бір жарым жыл бойы «Химфарм» жұмысы тоқтап қала берді. Оған себептер:

  • қарқынды инфляция;

  • төлем дағдарыстары;

  • -энергоресурстармен қамтамасыз етудің ырғақты болмауы, оның құнының жоғары болуы.

  • өндірудің жаңа жүйелерінің болмауы;

  • өнімнің өзіндік құнының жоғары және өткізу нарығында шетел өнімдерімен салыстырғанда бәсекеқабілетсіз болуы.

Нәтижесінде акционерлік кәсіпорын тығырыққа келіп тірелді: өнім өтімін жоғарлату үшін өндірісті қайта жаңғырту, жаңа технологияларды сатып алу қажеттілігі туындады. Бұған қаражатты өнімді өткізуден түскен түсімнен алуға болады, бірақ өнімге сұраныс болмағандықтан өткізу көлемі төмен болды. Осы факторлардың жиынтығы 1995 жылы мамыр айында кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуына алып келді.

1995 жылы қазан айында кәсіпорын қаражат табу мақсатында мемлекеттің акция пакетінің 10% акциясын инвестициялық жекешеленген қорға (ИЖҚ) аукциондық сату ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 ИЖҚ «Химфарм» АҚ-ның акция иегері болды, бірақ әр қайсысында тек 1 % көлемінде акция болғандықтан өндірісті инвестиялауға олар ынта білдірмеді. Сондықтан, ҚР Үкіметі мемлекеттік акция пакетін пайдалану құқын беріп, оны басқаруға келісім жасауға жаңа инвестор табу үшін тендер жариялады.

Тендер шарттары:

  • шаруашылық- қаржы қызметін оптимизациялау;

  • қарыздарды өтеу;

  • өндіріс көлемін ұлғайту және тұрақтандыру;

  • жаңа медициналық препараттарды шығару;

  • өндірісте пайданы қайта инвестициялау және тікелей инвестициялау жолымен өндірілетін өнім сапасын көтеру;

  • озат технологиялар қатарына қосылу.

Тендерді ұтып алған ирландтық компания «Donnadel LTD». Ол өз міндетіне келесі қарыздарды жабуды алды:

а) зейнетақы қорына – 6,7 млн.тенге;

ә) еңбекақы -14,4 млн.тенге;

б) кәсіпорынның күзетіне – 10,5 млн.тенге;

в) тұтынылған энергоресурстар (жылу+су) – 4,2 млн.тенге;

г) тұтынылған газ – 2 млн.тенге.

«Donnadel LTD» компаниясы келесі міндеттерді орындауға тиіс болды:

  • ағымдағы өндірістің айнымалы құралдарын қаржыландыру;

  • негізгі өндірістегі жұмысшылар орнын сақтау.

  • өнім өндірісін ұлғайту.

Келісімдегі шарттарға сай, үш айдан кейін 1996 жылдың ортасына қарай компания қарыздары толық өтелді, ол үшін 3 жылға 5,3 млн АҚШ доллары несиеге алынып, несиелік қаржы келесі бағыттарға жұмсалды:

  • барлық ғимараттар мен жабдықтарды ағымдық және күрделі жөндеулен өткізу;

  • жарақатты тануға арналған құралдарды 2300 мың данаға дейін өндірісін ұлғайту;

  • дәрі- дәрмектерді дайын таблетка күйінде шығару;

  • қуаттылығы 19,5 тонналық меншік бу қазандарын салу. Бу қазандары глауцин гидрохлорид, эфедрин, сұлушөп сығымын алу өндірісін іске қосуға мүмкіндік берді.

Зайымдық құралдар, сонымен бірге коммерциялық және өндірістік келіс акционерлік кәсіпорынның дамуына жол берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]