- •Сөж(соөж) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •«Экономикалық теория» курсы бойынша соөж өткізу формалары
- •Тақырып 1. Экономикалық теоияның пәні мен әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Тапсырмалар:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Тақырып 2. Қоғамдық өндірістің негіздері. Қоғамдық өндірістің нышандары. Сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырмалар:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Тақырып 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі сөж тапсырмалары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырмалар:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (саз) жекешелендіру»
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Тақырып 4. Сұраныс пен ұсынысы теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырмалар:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Тақырып 5. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорын (фирманың) шығындары мен табыстары сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырма:
- •Есептер:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Тақырып 6. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде сөж тапсырмалары:
- •Тапсырмалар
- •Тест тапсырмалары
- •Тақырып 7. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамуыдың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырмалар:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Тақырып 8. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. Экономикалық саясаттың негіздері және экономикалық өсу сөж тапсырмалары:
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
- •Тапсырмалар:
- •Есептер:
- •Тестілік сұрақтар:
- •Білімді бағалау критериялары:
- •Негізгі әдебиет
Тестілік сұрақтар:
1. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш:
а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі;
б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары;
в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі;
г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
2. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі:
а) тұтынушылар табысымен;
б) фирмалардың капитал салымдарымен;
в) өндірістік ресурстармен;
г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
3. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады:
а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен;
б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды;
в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы;
г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
4.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай?
а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең;
б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары;
в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді;
г) жауаптардың барлығы дұрыс;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
5. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасы болғанға дейін қысқармайды және құлдырау фазасы болғанға дейін артпайы?
а) ұзақ мерзім пайдаланатын заттарға жаңа тапсырыстар көлемі;
б) бөлшек сауда көлемі;
в) құнды қағаздар курсы;
г) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
д) жауаптардың барлығы.
6. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасынан кейін төмендеп, құлдырау фазасынан кейін артады?
а) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі;
б) ЖҰӨ көлемі;
в) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
г) құнды қығыздар курсы;
д) өнеркәсіптік өндіріс көлемі.
7. Экономикалық цикл мыналармен байланысты:
а) тек сыртқы факторлар әрекетімен;
б) тек ішкі факторлар әрекетімен;
в) жиынтық сұраныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
г) ұсыныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
д) кездейсоқ саяси факторлармен.
8. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келмейді?
а) ұзақ мерзім пайдаланылатын құрал – жабдықтарға инвестициялардың төмендеуі;
б) акция курсының төмендеуі, еңбекке сұраныстың төмен болуы;
в) салық түсімдерінің қысқаруы;
г) корпорация пайдаларының төмендеуі;
д) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің азаюы.
9. Экономикалық циклдың дамуы саяси факторлар әрекетінің ықпалымен болатын теория мынадан шығады:
а) инфляцияға қарсы шаралар үкімет деңгейінде шешіледі;
б) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының сайлауынан кейінгі жыл қатаң экономикалық шараларды өткізумен байланысты;
в) сайлау өткізу жылдары жоғары экономикалыө өсім жиі байқалады;
г) сайлаулардың кезеңділігі экономикалық цикл кезеңділігіне ықпал етеді;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Макроэкономика», «макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Ұлтық шоттар жүйесін, ҰШЖ-нің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін қарастырыңдар.
