Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ЭТ 10-11каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

Тақырып 5. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорын (фирманың) шығындары мен табыстары сөж тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындау.

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тақырыпта берілген тапсырманы орындау

  4. Тақырыптағы презентацияға дайындалу. «Тозу түрлері, негізгі капиталдың амортизациясы, «Еңбек өндіріс факторы ретінде және еңбекақы еңбек бағасы ретінде», «Капитал өндіріс факторы ретінде және пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде, оның мәні, түрлері және функциялары»

  5. Тақырыптағы рефератты жазу «Инвестиция және оның түрлері», «ҚР инвестициялық саясат», «Жер және ҚР-ғы жер қатынастары».

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өндіріс және ұдайы өндіріс деген не?

  2. Қандай ұдайы өндірісті білесіз?

  3. Маркстің «капитал» туралы түйіндісінің басқа теорияға қарағандағы түбегейлі айырмашылығы

  4. «Адам капиталын» қалай түсінесіз?

  5. Маркстік емес капитал анықтамасының жалпылығы неде?

  6. Капитал өзінің қозғалысында капиталдың негізгі функционалдық формалары қандай?

  7. «Капитал айналымы» дегеніміз не?

  8. Өндіруші капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналыс капиталы болып есептеледі?

  9. Моральдық тозудың І-түріне әсер ететін себептері қандай?

  10. Амортизацияны түзетуді қалай түсінесіз.

  11. Фирмаға орташа шығындарды не үшін есептеу керек?

  12. Экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылықтарын көрсету керек. Қандай шығындар көп? Неге?

  13. Сатудан түскен табыс пен шығындар арасындағы және шығындар мен пайда арасындағы өзара байланысты сипаттаңдар.

  14. Еңбекақының негізгі формаларын атаңдар. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша неғұрлым прогрессивті болып табылады?

  15. Өндіріс факторы ретіндегі жердің ерекше қасиеттерін анықтаңдар.

Тапсырма:

  1. Жіберілген элементтерді толтырыңдар:

..... Т - ӨҚ, ЖК ... Ө...Т' - ....

  1. Кестедегі жіберілген ұяларды толтырыңыз:

Негізгі және айналым капиталының негізгі айырмашылығы қандай?

Негізгі капитал

Айналыс капиталы

Нені қосады?

Еңбек құралдарын (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылыстар)

Қалай қатысады?

Бірнеше рет

  1. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны 40-тан 45 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ал осы уақыттағы өнім шығару 42-ден 50 млн. теңгеге дейін өсті. Қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері қалай өзгерді?

  2. Дұрыс формуланы жазыңыз: жалпы табыс, орта табыс, шектеулі табыс.

  3. формуланың дұрыс вариантын көрсетіңдер:

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім + бухгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім - бу хгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = экономикалық түсім + бухгалтерлік шығын

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты – ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім + (сырты + ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім - (сырты +ішкі шығын)

6. Шолпанның иелігіндегі кішкентай ательесі тері киімдер тігеді. Онымен бірге бұл ательеде Мақпал жұмыс істейді. Шолпан оған айына 8000 теңге төлейді, сонымен қатар жылына 200000 теңге үйді жалға алуға байланысты аренда төлейді. Сонымен бірге құрал-жабдықтар үшін 40000 төлейді. Егер өзінің ақшасын басқа жағдайға жұмсамаса 80000 мың теңге табыс алар еді. Шолпан бизнеспен шұғылдану үшін өзінің жақсы жұмыс орнынан бас тартқан жалақысы 12000 теңге. Анықтаңыздар: бухгалтерлік және экономикалық шығынның деңгейін, көрсетілген шығындардан басқа Шолпан әр түрлі салықтар төлейді, оның мөлшері 40% жылдық жиынтық шығынның.

Атауы

Бухгалтерлік шығындар

Экономикалық шығын

Мақпалдың жылдық жалақысы

96000

96000

Арендалық төлем

20000

20000

Құрал-жабдықтың құны

40000

40000

Альтернативтік табыс

-

80000

Жұмысты жоғалтуға байланысты табыс

-

144000

Салық

134400

134400

Барлығы

470400

694400

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]