Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ЭТ 10-11каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

Тестілік сұрақтар:

1. Сұраным заңы - бұл:

а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;

ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;

б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;

в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.

2. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?

а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;

ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;

б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;

в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.

3. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:

а) ұсынымның өсуі;

ә) ұсынымның азаюы;

б) ұсыным көлемінің өсуі;

в) ұсыным көлемінің азаюы.

4. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:

а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;

ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;

б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;

в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.

5. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:

а) аса керемет тауар;

ә) күнделікті қажет тауар;

б) сапасы төмен тауар;

в) сапасы жоғары тауар.

6. Кәсіпкерліктегі тәуекел – бұл:

а) болжаммен салыстырғанда шығынға ұшырау ықтималдылығы

б) капиталды тиімді пайдаланудың қозғаушы ынтасы

в) әріптестердің болжамсыз іс - әрекеті

г) шаруашылық іс - әрекет нәтижесі

д) ақпараттың жеткіліксіздігі

е) жауаптардың барлығы дұрыс

7.Бизнестің ұжымдық формалары алдындағы жеке кәсіпкерліктің басымдылығы мынада:

а) құрудағы және таратудағы қарапайымдылық;

б) салықтық басымдылықтар;

в) бизнестегі тәуелсіздік;

г) жоғарыдағы аталғандардың барлығы;

д) аталғандардың бірде – біреуі дұрыс емес.

8. Жеке кәсіпкерліктің басты кемшілігі:

а) қаржы ресурстарының шектелуі;

б) иегердің қарыз үшін шексіз жауапкершілігі;

в) кәсіпкердегі басқару қабілеттігінің болмауы;

г) салынған инвестиция өтімділігінің қиындығы

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес

9. Еншілес шаруашылық қоғамының сипатты белгісі:

а) шексіз жауапкершілік;

б) оның жарғылық капиталында негізгі шаруашылық қоғамы қаражаттарының басымды түрде қатысуы;

в) жоғарыда аталғанның барлығы;

г) барлығы дұрыс емес.

10. Бизнестегі табыссыздықтың негізгі себебі:

а) фирма иелерінің тарапынан қызығушылықтың болмауы;

б) жаман басқару;

в) бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі;

г) ешқайсысы дұрыс емес.

д) жауаптардың барлығы дұрыс

11. Табысты кәсіпкерліктің маңызды факторлары:

а) қажетті бастапқы капиаталдың болуы;

б) кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі;

в) мемлекеттік заңнама шегіндегі жұмыс;

г) жоғарыда аталғанның барлығы.

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес

12. Фирманың ұжымдық кәсіпкерлік формасы ретіндегі негізгі басымдылықтары:

а) капиатлдың айтарлықтай көлемін шоғырландыру мүмкіндігі;

б) акционерлерді қаржылық жауапкершіліктен қорғау;

в) салымшыларды олардың инвестициясының өтімділігімен қамтамасыз ету;

г) фирма өмірінің шексіз ұзақтығы;

д) жоғарыда аталғанның барлығы;

е) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

13. Акционерлердің құқықтары:

а) фирмаға капитал салу;

б) дауыс беру;

в) дивиденд алу;

г) компания құжатымен танысу;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, сұраным және ұсыным заңдарына түсінік беріп, сұраным және ұсыным қисығын салыңыз, сонымен бірге, «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктеріне ерекше назар аудару керек. Нарық тепе- теңдігін зерттеңіз. «Икемділік» оны баға және кіріс бойынша меңгеріңіз. «Тұтынушылық таңдау теориясы», «Тұтынушылық пайдалылықты ұлғайту туралы кардиналистік және ординалистік көзқарастар» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс. Кәсіпкерліктің формалары мен түрлерін атаңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]